Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң кейбір
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №
1129 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.08.04 № 320 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 10 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.08.04 № 320 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді
2. Комитеттiң төрағасына төрт, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Қазынашылық комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің құзыретi шегiнде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелерi болады.
2. Қазынашылық өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерін және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазынашылық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Қазынашылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Қазынашылықтың, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Қазынашылық өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Қазынашылықтың құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33/Абай даңғылы, 52.
7. Қазынашылықтың толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Қазынашылықтың құрылтай құжаты болып табылады.
9. Қазынашылықтың қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Қазынашылықтың өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
Егер Қазынашылыққа заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Қазынашылықтың негізгі мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
10. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi:
1) республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
2) жергiлiктi бюджеттерге, оның iшінде мемлекеттік мекемелердiң шоттарына қызмет көрсету;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi және мемлекеттік мекемелер Қазынашылық органдарына ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігiн бақылау болып табылады.
11. Қазынашылық заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу нәтижелерi туралы ақпаратты даярлау;
2) кезектi қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
3) мемлекеттік мекемелердiң тапсырыстары бойынша ұлттық валюта да, шетел валютасында да ақша аударымдарын жүзеге асыру;
4) екiнші деңгейдегi банктер және банктiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетуге арналған лицензиялары бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
5) жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жepгiлiкті бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
6) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есептеменi дайындау;
7) республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне, республикалық және жергіліктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бөлінісiнде жүргiзiлген шығыстар туралы ай сайынғы ақпаратты ұсыну;
8) ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың пайдаланылуы туралы, валюталық шоттардан шығыстардың жүргiзiлуi туралы жиынтық есептi дайындау;
9) Қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік сыртқы қарыздар мен мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезiнде ақша аударымын жүзеге асыру;
11) мемлекеттік кепілдiк, қарыз алушылардың қаражаты күшіне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты беру, оларға қызмет көрсету және қайтару бойынша жұмыстар жүргiзу;
12) үкiметтік және мемлекет кепiлдiк берген борыштық мiндеттемелер мен талаптардың есебiн және үкiметтiк сыртқы қарыздардың шоттарынан қаражатты алу жөнiндегі операцияларды қамтамасыз ету;
13) қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
14) республикалық бюджеттің қолма-қол ақша ағындарын болжау және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттерiне) орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының ағымдағы қалдықтарын басқару;
15) жергiлiктi атқарушы органдардың сенiмдi басқаруға алынған уақытша бос ақшасын басқару, оларды орналастыру және есептелген сыйақымен бірге қайтару;
16) мемлекеттік салықтар мен төлемдердi республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлудi қамтамасыз ету және оларды түрлi деңгейдегi бюджеттерге есепке алу;
17) мемлекеттік мекемелердiң шығыстарын есепке алуды қамтамасыз ету;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазынашылықтың тиiстi банктiк шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердiң валюталық операцияларын жүргiзу және есепке алу;
19) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне түскен қымбат бағалы металдарды және асыл тастарды есепке алу және сақтау;
20) мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттарды бюджет заңнамасына сәйкестiгiне тексерудi жүзеге асыру;
21) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің Жиынтық қаржы жоспарының мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін бақылау;
22) мемлекеттік мекемелер қабылдайтын соманың берiлген рұқсаттардың сомасына сәйкестігiн бақылау;
23) мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелердiң бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген iс-шараларға сәйкестiгiн бақылау;
24) мемлекеттік мекемелердiң валюталық операцияларды жүргiзуi кезiнде валюта заңнамаларының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру;
25) мемлекеттік мекемелердегi бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуын алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
26) мемлекеттік мекемелердiң, ақылы қызметтердiң, демеушілік және қайырымдылық көмектiң шоттары және депозиттік шот ашуға рұқсаттар берудiң дұрыстығын бақылау;
27) ақылы қызметтер көрсетуден алынған кiрiстердi мемлекеттік мекемелердiң шоттарына есептеудiң дұрыстығын бақылау;
28) ақылы қызметтердiң, демеушілiк және қайырымдылық көмектiң шоттары бойынша шығыстар жөніндегі операциялардың жүргізiлуiн бақылау;
29) мыналар:
бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
жүргізiлетін төлемдер қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұру;
30) қазынашылықтың бірiктiрiлген ақпараттық жүйесiмен жұмыс жасау кезiнде ұйымдастыру шараларының сақталуын бақылау;
31) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттерiнiң бюджеттік кредиттерге, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерiнің орындалуын бақылау;
32) республикалық бюджетті қаржыландырудың Жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған Жиынтық қаржы жоспарын жүргiзу;
33) бюджеттік қаражаттың игерiлу мониторингi;
34) бюджеттік қаражат, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тоқсандық және жылдық есептерiн қабылдау мен тексеруді жүзеге асыру;
35) ақшаны мемлекеттік мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша оларды бюджетке даусыз тәртiппен ақшалай өндiріп (қайтарып) алуды жүзеге асыру;
36) мониторингті және үкiметтiк әрi мемлекет кепілдiк берген борышты басқаруды, республикалық бюджетке берешек бойынша талаптардың сақталу мониторингін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингiн және бақылауды қамтамасыз ету;
37) бюджеттік ақша есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру.
12. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуын ұйымдастыру үшiн қажетті ақпарат пен мәлiметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлiк есептіліктi сұратуға;
2) теңгемен және шетел валютасында Бiрыңғай қазынашылық шотының және банктік шоттарының болуына;
3) тиiсті қаржы жылына арналған Жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру кезiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерi ұсынатын есептемелердің дұрыстығын және оларға өзгерістердiң енгізiлуiн тексеруге;
4) қаржы тәртібінiң сақталуына, мемлекеттік қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;
5) мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есептiлігінде жолсыздықтар анықталған кезде әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қарау үшін қаржылық бақылау органдарына жiберуге;
6) өзiнiң құзыреті шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер, оның iшiнде бухгалтерлiк есеп, бюджет жүйесіндегі бюджеттен және есептілік және қазынашылық органдарындағы iшкi аудит, есептік операциялар жүргiзу, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау мәселелері бойынша кесiмдер қабылдауға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды жүргiзуге;
7) халықаралық шарттардың, келісімшарттардың және келісімдердiң жобаларын дайындауға қатысуға;
8) инвестициялық жобаларды iске асыруға жауапты министрлiктерден үкiметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуi (игерiлуi) және жұмсалуы туралы есептi сұратуға және алуға;
9) қаржы агенттерiнен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу кезiнде бюджеттік кредит берудi жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық ақпаратты алуға;
10) Қазынашылық органдарының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға, оны жетілдiру бойынша ұсыныстар енгізуге;
11) шет елдер қазынашылығының жұмыс тәжiрибесiн практикалық пайдалану бойынша ұсыныстар әзiрлеуге;
12) тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және оның қаражаты есебiнен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетел валютасында мынадай жекелеген банктiк операцияларды:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізудi;
аударым операцияларын: заңды тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
есеп операцияларын: заңды тұлғалардың борыштық мiндеттемелерiн және вексельдерiн есепке алуды (дисконт);
қарыз операцияларын: ақшалай нысанда кредиттердi ұсынуды;
аккредитивтi ашуды (көрсетудi) және растауды әрі ол бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қазынашылықтың мүлкi
13. Қазынашылықтың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Қазынашылыққа бекітіп берiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
15. Қазынашылық өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Қазынашылыққа заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
4. Қазынашылықтың қызметiн ұйымдастыру
16. Қазынашылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Қазынашылық төрағасының заңнамада белгіленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады, олардың санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
17. Төраға Қазынашылықтың жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Қазынашылыққа жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының, Қазынашылықтың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
2) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Қазынашылық қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазынашылық қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазынашылықтың бұйрықтарына қол қояды;
5) Қазынашылықтың құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
6) бекітілген Үлгі құрылым мен штат санының лимитi шегінде Қазынашылықтың аумақтық органдарының құрылымын, штат саны мен штаттық кестесiн бөлудi бекiтедi;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазынашылықтың атынан өкілдiк етедi.
5. Қазынашылықты қайта ұйымдастыру және тарату
19. Қазынашылықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Қазынашылық комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Жиынтық қаржылық жоспар және республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы
Түсiмдердi есепке алу басқармасы
Төлем операциялары басқармасы
Қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы
Кредит беру басқармасы
Есепке алу және қаржылық қызмет көрсету басқармасы
Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борыштың мониторингі басқармасы
Жиынтық есеп беру және Бас кiтап басқармасы
Бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы
Қазынашылық жүйесiн сүйемелдеу басқармасы
Бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы
Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы
Iшкi бақылау басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 215-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi № 951 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 303-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістердiң 4-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 және 1999 жылғы 5 шілдедегi № 930 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 шiлдедегi № 1084 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 22, 276-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 тамыздағы № 862 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының төртiншi абзацы.