Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 26 тамыздағы № 862 қаулысы
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1129 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 215-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
17-тармақтағы "екі орынбасары" деген сөздер "үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |