«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 823 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 537-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | А. Есімов |