2-тармақ "Лицензиаттардың" деген сөзден кейiн "және орталық депозитарийдiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне оның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысандарда және мерзiмдерде статистикалық есептiлiк берiп отыруға мiндетті.";
29) 54-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы ", ал басқа басшы қызметкерлердiң кем дегенде екi жыл" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкiлеттi органның келісімiн алғанға дейiн жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкердiң мiндетiн атқаруға құқылы емес.";
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
30) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"56-бап. Жосықсыз мiнез-құлыққа тыйым салу.
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
1. Лицензиаттың:
1) басқа лицензиаттарға және инвесторларға бағалы қағаздар рыногында олардың әрекетiн өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуiне;
2) бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйектемесiз мәлiметтер таратуына тыйым салынады.
2. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмiленi жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiленi мүдделi тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.
3. Мынадай мәмiлелер:
1) бес жұмыс күнi iшiнде жасалған, орындалуы осы мәмiле тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулi өзгеруiне әкеп соқпаған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлелерi (мәмiле тараптарындағы бағалы қағаздардың алғашқы санының он процентi шегiнен аспайтын айырмашылық бағалы қағаздар санының елеулi өзгерiсi деп танылады);
2) клиент екi немесе одан да көп брокерге беретiн бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қарама-қарсы бұйрықтар негізінде жасалған мәміле не бірнеше мәмiле;
3) осы бағалы қағаздардың мұндай мәмiле жасалғанға дейiн бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан бағаларынан айтарлықтай өзгеше, алдын ала келісілген баға бойынша жасалатын мәмiле;
4) бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерi үшiн қол жетпейтiн және қызметтiк жағдайына, жасалған шартқа, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуына, акцияларды иеленуiне және өзге де жағдайларға орай өзiне белгiлi болған, бағалы қағаздарға баға қалыптастыруға әсер ете алатын ақпаратты (инсайдерлiк ақпаратты) иеленушi тұлға жасаған мәмiлелер бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiлелер деп танылады.
4. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi бағалармен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiле деп тану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсінде және сауда-саттықты ұйымдастырушының (егер мұндай мәмiле оның сауда жүйесiнде жасалған болса) iшкi құжаттарында белгiленедi.";
31) 57-баптың 3-тармағының бірiншi бөлiгi "орталық" деген сөздiң алдынан "клиенттiң қосалқы шот ашу үшiн қажет барлық деректемелерiн ашып көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
32) 60-баптың 3-тармағы бірiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы алып тасталсын;
33) 61-баптың 2-тармағында:
бірiншi бөлiктегi "Орталық депозитарийде осы клиенттi бірдейлендiруге қажеттi мәлiметтер болған жағдайда," деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi "және санаты" деген сөздер алып тасталсын;
34) 62-бапта:
1-тармақтың бірiншi бөлiгiнде:
"тiркеушi мен орталық депозитарийдiң" деген сөздер "тiркеушiнiң, орталық депозитарийдiң және эмитенттiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"олардың арасында нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өздерi жөніндегі мәлiметтердi ашу құқықтарын бермеген клиенттер туралы мәлiметтердi қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
35) 63-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi
жүзеге асыру тәртібі
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.";
36) 65-баптың 2-тармағындағы "(халықтық акционерлік қоғамда - дауыс беретiн акциялардың бес және одан да көп процентiн)" деген сөздер алып тасталсын;
37) 66-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткізуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;";
38) 67-бапта:
1-тармақтың екiншi сөйлемiнде:
"қатысуға," деген сөз "қатысуға және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және шарттың қолданылу кезеңiнде эмитенттiң мүддесiн бiлдiруге" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.";
39) 68-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Тiркеушi лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе ол керi қайтарып алынған жағдайда тiркеушi шартты бұзудың бастамашысы деп танылады.";
40) 78-бапта:
1-тармақта ", сауда-саттықты ұйымдастырушылар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мына тұлғалар:
1) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар орталық депозитарийдiң құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.";
41) 79-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Орталық депозитарийдiң басшы қызметкерлерi осы Заңның 54-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.";
42) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі
1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:
1) депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау қызметiн көрсетедi;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында оның депоненттерiнiң қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бір тараптан депонент және екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
1) брокерлер мен дилерлер арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;
2) қаржы құралдарын өтеу кезiнде олар бойынша кiрiстi төлеу жөніндегі төлем агентiнiң функцияларын орындауды;
3) депонентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды;
4) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша қаржы құралдарымен де, ақшамен де клирингтi жүзеге асырады.
3. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзуге құқылы.
4. Орталық депозитарий қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және iшкi құжаттарда - орталық депозитарийдiң ережелер жинағында белгiленедi.";
43) 87-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
44) 89-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Акциялары қор биржасының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.";
45) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.";
46) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн заңды тұлғаға бағалы қағаздар рыногында белгiлi бір қызмет түрiн жүзеге асыратын барлық лицензиаттардың жартысынан астамы осы заңды тұлғаның мүшелерi екенiн растайтын құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган бередi.
Заңды тұлға осы тармақтың бірiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiнен айрылады.
Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленеді.";
47) 93-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы "уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бірыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;";
"6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы өтiнiштер жiберу;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.";
48) 94-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "және (немесе) қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды" деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.";
49) 95 және 96-баптар алып тасталсын;
50) 100-баптың 1-тармағындағы "тәртiптiк" деген сөз алып тасталсын;
51) 101-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 102-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы "(халықтық акционерлік қоғам үшiн - акциялардың бес және одан да көп процентiн)" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы "(халықтық акционерлік қоғам акцияларының бес және одан да көп процентiн)" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 104-баптың 2-тармағындағы "және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес өзге де қолжетiмдiлiк" деген сөздер "және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 106-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының сауалы бойынша бағалы қағазды ұстаушылар туралы;";
55) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"107-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ол эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын) ақпаратты өз құзыретi шегiнде алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Осы Заңда белгiленген, жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сауалы бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат бередi.
Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық жағдайды талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат алуға құқылы.";
56) 108-бапта:
1-тармақта "және мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеуге оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
5) тармақшадағы "орналастыру немесе" деген сөздер "орналастыру және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "болуы негiздеме болып табылады" деген сөздер "болуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактілері негiздеме болып табылады.";
57) 110-бапта:
3) тармақшадағы "орналастыру немесе" деген сөздер "орналастыру және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
58) мынадай мазмұндағы 113-1-баппен толықтырылсын:
"113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа
енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік
қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік
тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы
жасалмады деп танудың салдарлары
1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлік қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.".
2-бап. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н . Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і. № 72-III ҚРЗ