1) iрi қатысушының (банк холдингiнiң) қызмет түрлерiнiң сипаттамасы;
2) iрi қатысушы (банк холдингi) қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиесiлi акцияларының саны), қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы, iрi қатысушы (банк холдингi) iрi қатысушысы (iрi акционерi) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептiлiгi;
3) банктiң iрi қатысушысының (банк холдингiнiң) iрi қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң мөлшерi (оған тиесiлi акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы және қаржылық есептiлiгi қамтылатын, бірақ бұлармен шектелмейтiн ақпарат көрсетiлуге тиiс.".
7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2005 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 23 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;";
2) 40-бапта:
2-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаны белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп тарату немесе банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiнгi бір жылдан аспайтын кезеңде, бұрын атқарушы органның бірiншi басшысы, атқарушы орган басшысының орынбасары, заңды тұлғаның бас бухгалтерi болған адам басшы қызметкер бола алмайды. Аталған талап заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп тарату немесе банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл iшiнде қолданылады;";
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Уәкілетті органның келісімін алғанға дейін жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға құқылы емес.";
3) 42-баптың 1-1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп жағдай) бұзуы не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;";
4) 53-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Уәкiлеттi органның келісімiн алғанға дейiн жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға құқылы емес.";
5) 55-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы ", сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар" деген сөздер алып тасталсын.
8. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат):
1) 12-баптың 2-тармағындағы:
"құрылтайшылары" деген сөз "қатысушылары" деген сөзбен ауыстырылсын;
"құжаттарымен осы Заңда" деген сөздер "құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-1-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын
жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктiң құрылу
және қызмет ету ерекшелiктерi
1. Жауапкершiлiгi шектеулi серіктестік бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серіктестікке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының күшi серіктестікке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлік қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серіктестік болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.";
3) 17-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгiнде:
2) тармақшадағы "(қатысушылар саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған серіктестіктердi қоспағанда)" деген сөздер "(серіктестікке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серіктестіктердi қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "ережелерi болуға тиiс" деген сөздер "ережелерi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) серіктестікке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серіктестіктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртібі болуға тиiс.";
4) 19-баптың 4-1-тармағының бірiншi абзацындағы "Акционерлерi жүз және одан да көп" деген сөздер "Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 22-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серіктестікке жаңа қатысушыны қабылдау серіктестікке қатысушылар тiзiлiмiне жазба енгізу жолымен ресiмделеді.";
6) 32-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктiң жарғылық капиталына қатысу үлесiн қатысушының сату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында және серіктестіктiң жарғысында белгiленеді.";
7) 46-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қатысушылар саны жүзден аз, қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыс ашылатын күнге он бес күн қалғанда әрбір серіктестікке қатысушыға оның өткiзiлуi жөнiнде серіктестікке қатысушылар тiзiлiмiнде көрсетiлген мекен-жай бойынша жазбаша хабарлауға мiндеттi.".
9. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж.; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат):
4-баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы "халықтық" деген сөз алып тасталсын.
10. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат):
1) 21-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгіндегi "Жарғылық капиталының" деген сөздер "Жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесi бар заңды тұлға не жарғылық капиталға қатысу үлесiн не акцияларын оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы иеленетiн және (немесе) пайдаланатын және (немесе) билiк ететiн заңды тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы бола алмайды.";
2) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "тексеру комиссиясы" деген сөздер "iшкi аудит қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен төленуге тиiс.";
2-тармақтағы "орнықты инвесторларға" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтерi есебiнен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 27-бапта:
2-тармақтағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "6)" деген цифр "6-1)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) 35-баптың 2-тармағында:
бірiншi абзацтағы "дауыс беретiн" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "акцияларының (қатысушылар салымдарының)" деген сөздер "жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 37-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "жарғылық капиталына қатысуына" деген сөздер "жарғылық капиталына қатысу үлесiн не акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтығы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталының он процентiнен асатын мөлшерде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн не жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталының он процентiнен асатын акцияларды сатып алуына тыйым салынады, бұған:
1) басқа қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлесiн не акцияларын сатып алу;
2) акциялары листингтен өткен және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына жiберiлген эмитенттердiң акцияларын бір эмитенттiң орналастырылған акциялары жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде сатып алу жағдайлары қосылмайды.".
11. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақша "алу құқығын" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды" деген сөздермен толықтырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тiзбесi осы Заңның 64-бабында белгiленедi;
4) дауыс беретiн акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берiлген артықшылықты акциялар. Дауыс беретiн акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ нақтылы ұстаудағы және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiметтер жоқ меншiк иесiне тиесiлi акциялар кiрмейдi;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) қоғамды корпоративтiк басқару кодексi - қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекітілетiн, қоғамды басқару барысында туындайтын қатынастарды, соның iшiнде қоғамның акционерлерi мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделi тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтiн құжат;";
9) тармақшадағы "акционерлік қоғамның жарғысында көзделетiн және" деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы "(халықтық қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақшада:
"жалпы" деген сөз алып тасталсын;
"мүшелерiнiң" деген сөздiң алдынан "сайланатын" деген сөзбен толықтырылсын;
"директорлар кеңесi" деген сөздер "қоғам органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) акцияның нақтылы құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейдi);";
14) тармақшадағы "қоғамның жарғысында көзделiп," деген сөздер алып тасталсын;
15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
18) тармақша "рыногында" деген сөзден кейiн "құрылтайшылар және" деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақшадағы "тiзiлiмiн" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша 2006 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді
2) 4-бап алып тасталсын;
3) 6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;";
4) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртібі;";
5) 9-бапта:
1-тармақта:
екіншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс iстеп тұрған акционерлік қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын (оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудi) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс.";
мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.";
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;";
4) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша "қоғамның" деген сөздiң алдынан "қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртібі";
3-тармақтың екiншi сөйлеміндегі "акционердiң" деген сөз "мүдделi тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленеді.";
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы
1. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.
Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.
2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.";
7) 13-бапта:
4-тармақта:
1) тармақша "Шектеу қою үшiн" деген сөздерден кейiн "орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "алуға қатыспайтын" деген сөздерден кейiн "бір" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "тiзiлiмiн" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерiнде бар акциялар санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткізу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткізу) бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) туралы хабарланған күннен бастап отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетiн акционердiң жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердiң қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.";
10) 17-бап алып тасталсын;
11) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бір немесе бірнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.
Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сату арқылы жүзеге асырылады.
2. Қоғамның жазылу арқылы орналастырылатын акциялары осы орналастыру шегiнде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бірыңғай орналастыру бағасы бойынша сатуға жатады.
3. Қоғамның акцияларын ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында не ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн аукцион арқылы орналастырған кезде акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшiн белгiлеген акцияларды орналастыру бағасы сауда-саттықтың (аукционның) ең төменгi бағасы болып табылады.
4. Қоғамның жарияланған акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi органы орналастырылатын акциялардың санын және (немесе) орналастыру бағасын өзгерту туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл орналастыру осы Заңның 16-бабы 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.";
12) 19-бапта:
тақырыбындағы "тізілімі" деген сөз "тізілімдер жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "тізілімін жасауды, жүргізуді және сақтауды" деген сөздер "тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "тiзiлiмiн жасау, жүргiзу және сақтау" деген сөздер "тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "тiзiлiмiн жасау, жүргiзу және сақтау" деген сөздер "тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"сатып алушының" деген сөздерден кейiн "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
"тiзiлiміндегі" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесіндегі (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 22-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.";
5-тармақта:
"төлеу", "төлеуге" деген сөздер тиiсiнше "есептеу", "есептеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
14) 23-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлiгiнде:
"баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он күн" деген сөздер "он жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
"баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 24-баптың 3-тармағындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 25-баптың 3-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орналастырылған акцияларды сатып алу қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келісімiмен, қоғамның акцияны сатып алуы кезiнде оның құнын айқындаудың акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесiне сәйкес, оларды кейiннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңдарына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтiн өзге де мақсаттарда жүргiзiлуi мүмкiн.";
4-тармақта:
бірiншi бөлiгi "акцияларының саны" деген сөздерден кейiн "акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "қоғамның сатып алуы мүмкiн" деген сөздер "қоғам сатып алуға жариялаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
2) осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзiне қойылуы мүмкiн қоғам акционерiнiң талап етуi бойынша жүргiзуге тиiс.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тармақта:
бірiншi бөлiк "жалпы жиналысы" деген сөздерден кейiн "немесе директорлар кеңесi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "осы Заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленген бағамен" деген сөздер алып тасталсын;
19) 29-бап алып тасталсын;
20) 31-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
"бағалы қағаздардың жалпы саны" деген сөздер "акциялардың жалпы саны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бағалы қағаздардың қайталама рыногында" деген сөздер алып тасталсын;
21) 32-баптың 3-тармағындағы "ұстаушылар тiзiлiмiнде" және 7-тармағындағы "ұстаушылар тiзiлiмiне" деген сөздер "ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;