3-тармақтағы "қоғамның акцияларын шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың салымдарына немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларына айырбастау" деген сөздер "шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 88-баптың 3-тармағының үшiнші бөлiгіндегі "Тарату" деген сөз "Ерiктi тарату кезiнде тарату" деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 89-баптың 1-тармағында:
бірiншi бөлiктiң 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
екiншi бөлiк "мүлiк" деген сөзден кейiн ", осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
57) 90-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны таратуға мiндеттi.
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату не оны қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы.";
3-тармақтағы "тiзiлiмiн жүргiзу" деген сөздер "тiзiлiмдер" деген сөзбен ауыстырылсын.
12. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат):
1) мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлік", "Брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк", "Брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, "брокер-дилер", "Брокер-дилер", "брокер-дилердiң", "Брокер-дилердiң" деген сөздер тиiсiнше "брокер және (немесе) дилер", "Брокер және (немесе) дилер", "брокердiң және (немесе) дилердiң", "Брокердiң және (немесе) дилердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;";
"14-1) депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
14-2) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор;";
19) тармақшадағы "ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгiлеудi ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы" деген сөздер "ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кіру құқығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
"26-1) шетелдiк мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттің үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;";
28) тармақшадағы "активтермен" деген сөз "активтер кепiлiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
39), 42) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"39) листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгізу, оған енгізу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;";
"42) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға белгiленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған iс-әрекеттерi;";
"44) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;";
45) тармақшадағы "қаржы құралдарымен", "мәмiле объектiсiне және оның қатысушыларына" деген сөздер алып тасталсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"47) бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебiнен белгілi бір заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiн тiркеу;";
48) тармақшадағы "кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өзге де тәсiлдермен" деген сөздер "банк кепiлдiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"52) опцион - шарт, оған сәйкес бір тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң) белгiлi бір санын осы шартта келісілген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн;";
55) тармақша алып тасталсын;
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"63) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн бағалы қағаздар рыногында лицензия негiзiнде не заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет iстейтiн (трансфер-агенттi қоспағанда) заңды тұлға;";
64) тармақшадағы "өтiнiш игерушi мен" деген сөздер алып тасталсын;
65) тармақшадағы "инвесторларға" деген сөз алып тасталсын;
74) тармақшадағы "жасалып, бекітілген" деген сөздер "жасалған" деген сөзбен ауыстырылсын;
84), 87) және 90) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"84) фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келісілген баға бойынша және белгiлi бір мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.";
"87) орталық депозитарий - негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;";
"90) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.";
3) 3-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;";
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша "лицензиаттардың" деген сөздiң алдынан "орталық депозитарийдiң және" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша "лицензиаттардың" деген сөздiң алдынан "орталық депозитарийдiң және" деген сөздермен толықтырылсын;
16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
19) тармақшада:
"эмитенттердiң" деген сөзден кейiн "орталық депозитарийдiң және" деген сөздермен толықтырылсын;
"және бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлайтын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) - 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"19-1) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындауға мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы ұйғарымдарды жiбередi;
19-2) бағалы қағаздардың эмитенттерiне жарғыларда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшылықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiбередi;
19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;";
4) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) шетелдiк мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;";
5) 5-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
6) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы "проспектiсiн" деген сөзден кейiн "(айналыс мерзiмi үш айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "(халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы "(санаты)" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы "айдың" деген сөз "тоқсанның" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
4-тармақтың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Эмитент осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда, акциялар шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен тiркеу үшiн олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға беруге мiндеттi. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрi өзгерген кезде жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi ауыстырады. Уәкiлеттi орган жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеудi (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды) күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жүзеге асырады.";
8) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.
Акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды:
1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеген күннен бастап;
2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Уәкiлеттi орган акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізуге құқылы емес.
Уәкiлеттi орган:
1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн құжаттарды бермеген;
2) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Уәкiлеттi орган барлық жарияланған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi (есептердi) бекiткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.";
9) 12-баптың 1-тармағында:
7) тармақшадағы "ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген" деген сөздер "банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "баспасөз басылымы" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 22-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi "рыногында" деген сөзден кейiн "аукцион немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "баспасөз басылымдарында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығарудың және орналастырудың шарттары
мен тәртібі
1. Ұйым - Қазақстан Республикасының резидентi уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының осы резидентi бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген болса;
2) шығарылымын уәкiлеттi орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде:
осы облигациялар қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзiлуге тиiс;
осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейiн олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған болуға тиiс, ал ұсыну кезіндегі осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезіндегі шарттарымен бірдей болу керек;
3) шығарылымы шет мемлекеттің заңдарына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде:
осы облигациялар бойынша оларды қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгізуге қор биржасының келісімi алынуға тиiс;
осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталуымен бір мезгiлде олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс, ал ұсыну кезіндегі осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезіндегі шарттарымен бірдей болу керек;
4) акцияларды орналастыру кезiнде:
осы акциялар қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзiлуге тиiс;
осы акцияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейiн осы акциялардың жалпы санының кемiнде жиырма процентi Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған болуға тиiс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс болған акциялардың саны, егер осындай сан осы акцияларды басым сатып алу құқығын iске асырудың нәтижесi болса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма процентiнен кем болуы мүмкiн;
5) акционерлік қоғамның бастамасымен немесе қатысуымен шығарылатын және осы акционерлік қоғамның акциялары олардың базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде осы акциялар қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзiлуге тиiс.
2. Ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң шет мемлекеттің заңдарына сәйкес облигацияларды немесе туынды бағалы қағаздарды шығаруы уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.
3. Ұйымға - Қазақстан Республикасының резидентiне шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға немесе орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарты мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.";
12) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi.";
13) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi орган:
1) эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.";
3-тармақтағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.";
16) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Сот не атқарушы iс жүргiзу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.";
5-тармақтағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Туынды бағалы қағаздар айналысы";
18) 33-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу
талаптары";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың шарттары мен тәртібі қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.";
19) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы
резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары
базалық активi болып табылатын депозитарийлiк
қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару
1. Эмитент не эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлайтын өзге де тұлға шығарылым туралы уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi.
2. Эмитент не эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырған өзге де тұлға орналастыру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.
3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесiнде орталық депозитарийге депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртібі болуға тиiс.";
20) 36-баптың 5-тармағындағы "құқылы" деген сөз "мiндеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 41-баптың 2) тармақшасы "тiркелген тұлғалар" деген сөздердiң алдынан "эмитенттiң iрi акционерлерi мен оларға тиесiлi акциялардың саны туралы эмитентке берiлетiн мәлiметтердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
22) 43-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты - эмитентке және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты - бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне берiлуі мүмкiн.
Нақтылы ұстаушының коммерциялық құпияны құрайтын клиенттерi туралы мәлiметтерді табыс ету тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де Заң актілерінде айқындалады.";
3-тармақтың 6) тармақшасындағы "эмитенттiң немесе лицензиаттың қызметiне тексеру жүргiзу процесiнде" деген сөздер алып тасталсын;
23) 45-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) брокерлiк;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) дилерлiк;";
7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
"7" деген цифр "8" деген цифрмен ауыстырылсын;
"аталған қызмет" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ депозитарийлiк қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
"Клиенттердiң" деген сөзден кейiн "(депоненттердiң)" деген сөзбен толықтырылсын;
"лицензиаттар" деген сөзден кейiн "және орталық депозитарий" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
24) 46-баптың 2-тармағындағы "(халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;
25) 48-бапта:
1-тармақтың 3), 4) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн жеке адамдарды оқыту, оларға аттестация жүргiзу" деген сөздер "Жеке адамдарды аттестаттаудан өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 49-баптың тақырыбындағы, 1 және 3-тармақтарындағы "Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың)", "Өтiнiш берушi (лицензиат)", "өтiнiш берушi (лицензиат)" деген сөздер тиiсiнше "Лицензиаттың", "Лицензиат", "лицензиат" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 51-бапта:
1-тармақтың 4) - 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттарын бұзған;
5) уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған;
6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;
7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;
8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттік органдарға табыс ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;
9) лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкiлеттi орган:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) бұзылған;
3) уәкiлеттi органның ұйғарымдары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған жағдайларда;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензияны қайтарып алуға құқылы.";
28) 52-бапта:
1-тармақ "Лицензиаттар" деген сөзден кейiн "және орталық депозитарий" деген сөздермен толықтырылсын;