Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы
(2021.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) - 3) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.03.03. № 102 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.19.03. № 157 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2005 жылғы 20 шiлдедегі
№ 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы)
құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының
тізбесі
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) шина-былғары қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi);
жаңа технология бойынша қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi);
2) шина-былғары жілiншiк протезi;
жаңа технология бойынша (модульдік) жіліншік протезі;
силикон қабы бар жіліншік протезі;
3) шина-былғары жамбас протезi;
жаңа технология бойынша (модульдік) жамбас протезі;
4) омырау бездерінiң протезi;
5) аппарат, тутор;
6) таяқ: бір тіреулі және көп тіреулі;
7) балдақ: бір тіреулі шынтақ, көп тіреулі шынтақ, қолтық асты;
8) жетек арба: сал ауруы бар балаларға арналған, жетек арба (қадамсыз, қадамдық, дөңгелекті), қосымша тіреуі бар жетек арбалар;
9) корсет, реклинатор, басұстағыш;
10) бандаж, емдік белбеу, балалардың профилактикалық шалбары;
11) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар, ұлтарақтар);
12) аппаратқа арналған аяқкиім;
13) жейде киюге арналған құрылғы;
14) колготки киюге арналған құрылғы;
15) шұлық киюге арналған құрылғы;
16) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);
17) белсенді қармауыш;
18) ыдыс-аяқты ұстауға арналған қармауыш;
19) қақпақтарды ашуға арналған қармауыш;
20) кілтке арналған қармауыш.
2. Сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) веб-камерасы бар ноутбук;
3) көп функциялы сигнал жүйелері;
4) мәтiндiк хабар беретін және хабарды қабылдайтын мобильді телефондар;
5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;
6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;
7) дауыс шығаратын аппарат.
3. Тифлотехникалық құралдар:
1) тифлотаяқтар;
2) оқу машиналары;
3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;
5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;
6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;
7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар мобильді телефондар;
8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;
10) сөз шығаратын термометр;
11) сөз шығаратын тонометр;
12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;
13) Брайль қарпін өз бетінше үйренуге арналған сөйлейтін құрал;
14) алмалы-салмалы Брайль әліппесі;
15) көру қабілеті нашар мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.
4. Арнаулы жүріп-тұру құралдары:
1) қол жетегі бар бөлмеде жүріп-тұруға/серуендеуге арналған базалы кресло-арба;
2) рычагты жетегі бар серуендеуге арналған кресло-арба;
3) белсенді түрдегі әмбебап кресло-арба;
4) электр жетегі бар (әмбебап) кресло-арба;
5) көп функциялы (әмбебап) кресло-арба.
5. Міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
3) жөргектер;
4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);
5) катетер (Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетер);
6) стоманың айналасындағы теріні қорғауға және тегістеуге арналған паста-герметик;
7) стоманың айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған қорғаныш крем;
8) стоманың айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа);
9) иісті бейтараптандырғыш;
10) стоманың айналасындағы немесе шат терісін тазалауға және күтуге арналған тазартқыш;
11) санитариялық құрылғысы бар кресло-орындық;
12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;
13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.