Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы
(2017.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) - 3) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.03.03. № 102 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2005 жылғы 20 шiлдедегі
№ 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы)
құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының
тізбесі
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқкиім;
11) жейде киюге арналған құрылғы;
12) колготки киюге арналған құрылғы;
13) шұлық киюге арналған құрылғы;
14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);
15) белсенді ұстағыш;
16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;
17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;
18) кілтке арналған ұстағыш.
2. Сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) веб-камерасы бар ноутбук;
3) көп функционалды дабылды жүйелер;
4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;
5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;
6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;
7) дауыс шығаратын аппарат.
3. Тифлотехникалық құралдар:
1) тифлотаяқтар;
2) оқу машиналары;
3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;
5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;
6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;
7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;
8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;
10) сөз шығаратын термометр;
11) сөз шығаратын тонометр;
12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;
3-тармақтың 13), 14) және 15) тармақшалары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;
14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;
15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.
4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;
2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.
5. Міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
3) жөргектер;
4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);
5) катетер;
6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;
7) қорғаныш крем;
8) сіңіргіш ұнтақ (опа);
9) иісті бейтараптандырғыш;
10) теріні тазартқыш;
11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;
12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;
13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.