Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы
(2015.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) - 3) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2005 жылғы 20 шiлдедегі
№ 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы
жүрiп-тұру құралдарының
тiзбесi
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар, ортездер;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқ-киім және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқ-киім.
2. Сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) веб-камерасы бар ноутбук;
3) көп функционалды дабылды жүйелер;
4) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;
6) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар;
7) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары.
3. Тифлотехникалық құралдар:
1) тифлотаяқтар;
2) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) оқу машиналары;
4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
5) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
6) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
7) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;
9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.
4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
1) бөлмелiк кресло-арбалар;
2) серуен кресло-арбалары.
5. Міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жөргектер.