жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке тұрмаған әр айы үшiн салық салынатын айналым сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 205-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актілерінде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 206-бап өзгертілді
206-бап. Салық есеп-қисабын, сондай-ақ салық төлеушiнiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушiнiң, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген мерзiмде салық органына салық есептілігін табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық есептілігiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген табыс ету мерзiмiнен тоқсан күн өткенше мұндай салық есептілігiн салық органына табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - сексеннен бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электронды түрдегi), сондай-ақ электронды мониторинг бойынша салық есептілігiн салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 207-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, -
жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
208-бап. Кiрiстердi, шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке
алу ережелерiн бұзу
1. Салық төлеушiде кiрiстер, шығыстар және салық салу объектiлерi есебiнiң болмауы немесе осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзiлуi, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының жиырма процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетiлмеуi, -
жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Бухгалтерлiк есептiң бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының, және (немесе) тiркелiмдерiнiң болмауы, бухгалтерлiк есептерде және қаржы есеп-қисабында салық төлеушiнiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң дер кезiнде немесе дұрыс көрсетiлмеуi осы баптың мақсаты үшiн кiрiстердi, шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзу деп түсiнiледi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жүргiзiлген есеп айырысу сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда кемiтiп көрсету, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң үстеп есептелген сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, -
жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға декларацияда өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептелген корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, -
жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан он процент мөлшерде асып түсуi ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының жетпiс процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. алынып тасталды
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың бiрiншi бөлiгіндегі мақсаттар үшiн қосымша құнға салынатын салық бойынша салық мөлшерiн декларацияда кемiтiп көрсету де есепке жатқызылған, қосымша құнға салынатын салық сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi.
Екiншi бөлiкте көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдану кезiнде осы баптың мақсаттары үшiн өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептеп шығарылған салық корпоративтiк табыс салығының ставкалары бойынша немесе жеке табыс салығының ең жоғары ставкалары бойынша айқындалатын болады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 210-бап өзгертілді
210-бап. Салық агентiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың
(ұйымдардың) салықты және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi ұстап қалу және (немесе) аудару
жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Салық агенттерiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы, -
жеке кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұстап қалмаған сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агенттерiнiң және салық заңдарында белгiленген өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, -
жеке кәсiпкерлерге, лауазымды тұлғаларға және заңды тұлғаларға салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң аударылмаған сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға шот-фактураға енгiзiлген, қосымша құн салығы сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
212-бап. Базар аумағына жiберу тәртібін бұзу
1. Базар қызметкерлерiнiң адамдарды базар аумағында тауар сатуға, жұмыс iстеуге және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарын бұза отырып жiберуi, -
базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 213-бап өзгертілді
213-бап. Акцизделетiн тауарларды әкелу, тасымалдау, өндiру, сақтау
және өткізу ережелерiн бұзу
1. Акцизделетiн тауарларды әкелудiң, тасымалдаудың, өндiрудiң, сақтау мен өткізудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзу, -
акцизделетiн тауарлары тәркiлене отырып, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
акцизделетiн тауарлары тәркiлене отырып, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.11.03 ж. № 500-II Заңымен 214-бап өзгертілді
214-бап. Таңбалау тәртібі мен ережелерiн бұзу
Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен таңбалаудың заңдарда белгiленген тәртібі мен ережелерiн бұзу, -
таңбалау тәртібі мен ережелерi бұзылып таңбаланған тауарлары тәркiлене отырып, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
215-бап. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану
тәртібін бұзу
1. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданбай не жарамсыз, салық органдарында тiркелмеген кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып, не фискалдық емес режимдегi фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып тауарларды сату немесе қызмет көрсету жолымен фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданған кезде салық төлеушiнiң сатып алушыға кассалық чектi бермеуi не тауар, жұмыс (көрсетiлген қызмет) үшiн төленген сома азайтылып немесе көбейтіліп көрсетiлген чектi беруi, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды
адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы
1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жүргiзiлген күнi есептемеу (аудармау);
салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;
салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;
салық органдарының заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына бухгалтерлiк есеп-қисаптар мен баланстарды, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшіндегі қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу түрiнде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 217-бап өзгертілді
217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген
мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау;
салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына үш жұмыс күнi iшiнде хабарламау;
клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай, операциялар жүргiзу;
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тоқтатпау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жасалған күнi есептемеу (аудармау);
салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқауларды бiрiншi кезекте орындамау;
салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, -
заңды тұлғаларға салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзіндегі қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының
заңды талаптарын орындамау
1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де
экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану ережелерiн
бұзу
1. Жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.