2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
132-бап. Егiстiктердi, шөмелелердi таптау, ауыл шаруашылық
дақылдарының алқаптағы жиналған астығын ойрандау немесе жою,
екпелердi бүлдiру
1. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егiстiктерiн, шөмелелерiн мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылық дақылдарының алқаптағы жиналған астығын ойрандау немесе жою, екпелердi бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
133-бап. Өз бетiмен шөп шабу
1. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың жер учаскелерiнде өз бетiмен шөп шабуы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәсiпшiлiк түрiнде не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
134-бап. Бөтен бiреудiң жер учаскесiне заңсыз кiру
Бөтен бiреудiң жер учаскесiне заңсыз кiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 134-1 баппен толықтырылды
134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңдарда белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу, -
заңды тұлғаларға бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн жою немесе бүлдiру
1. Бөтен бiреудiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бөтен бiреудiң мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 135-1-баппен толықтырылды
135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне сенiп
тапсырылған объектiлердiң (мүлiктiң) қауiпсiздiгi мен сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше
орындамауы
1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттік орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектiлерiнiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
136-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
1) бiр топ адамдар қатысып;
2) бiрнеше мәрте;
3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кiру арқылы жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183, 250, 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз,
біліктілік аттестатынсыз (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе
өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
(операцияларды) жүзеге асыру
1. Тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), мұндай рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлiгi) мiндеттi болған жағдайларда кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп не онсыз, кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп, кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Заңсыз банктiк қызмет
Банк қызметiн тiркеусiз немесе арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
қызметтiң осы түрiне лицензиядан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып не онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап өзгертілді
139-бап. Лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу
1. Заңдарда белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, егер мұндай iс-әрекеттердiң құрамында қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса-
белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтарды жоймау, -
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бec жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары әкету немесе жiберу
ережелерiн бұзу
1. Шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары әкету мен жiберу ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
шикiзатты немесе тауарларды тәркiлей отырып немесе онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау
тәртібін бұзу
Пошта ұйымдарының, темір жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. Қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды немесе олар
құрамында бар бұйымдарды алудың, жұмсаудың, есепке алудың,
сақтаудың, сондай-ақ олардың сынықтары мен қалдықтарын
жинаудың және мемлекеттік қорға тапсырудың белгiленген
ережелерiн бұзу
Қымбат бағалы металдарды және асыл тастардың барлық түрлерiн және олар құрамында бар бұйымдарды қолданатын және пайдаланатын ұйымдардың лауазымды адамдарының қымбат бағалы металдарды және асыл тастарды немесе олар құрамында бар бұйымдарды алудың, жұмсаудың, есепке алудың, сақтаудың не олардың сынықтары мен қалдықтарын жинаудың және мемлекеттік қорға тапсырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ережелерiн елеусiз мөлшерде бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Егер қымбат бағалы металдардың және асыл тастардың құны бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы бапта көзделген әрекеттер елеусiз мөлшерде жасалған деп танылады.
143-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерiмен айналысу, -
азаматтарға және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн
бұзу
Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамауда көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, -
азаматтарға және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
145-бап. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауардың шыққан
орнының атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану
Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауардың шыққан орнының атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ, бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
146-бап. Кәсiпкерлiк қызмет туралы ақпаратты табыс етпеу немесе дер
кезiнде табыс етпеу
Мемлекеттік органдарға салықтарды есептеу немесе статистика үшiн қажеттi, заңмен белгiленген кәсiпкерлiк қызмет туралы ақпаратты табыс етпеу немесе дер кезiнде табыс етпеу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 147-бап жаңа редакцияда
147-бап. Монополияға қарсы заңдарды бұзу
1. Бәсекенi шектеу, жосықсыз бәсеке, рыноктағы басым (монополистiк) жағдайды терiс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және кiрiс алуға әкеп соқпаса, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кiрiс алуға әкеп соққан әрекеттер, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi, ақшалары, бағалы қағаздары тәркiлене отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. Заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi тиiсiнше қайта тiркемей
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру
Заңдарда көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi қайта тiркемей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
149-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат,
біліктілік аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу
Кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу,-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
150-бап. Лицензияны, арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын
(куәлiгiн) беру тәртібін бұзу
1. Лицензияны, арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып беру,-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының азаматтар (жеке кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар қызметiне заңсыз араласуы, оның iшiнде олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру түрiнде араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
152-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру
Мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкiлеттi емес ұйымдарға заңсыз беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
153-бап. Тексеру жүргiзу тәртібін бұзу
1. Тексеру жүргiзу тәртібін бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi тармағында көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
154-бап. Жалған кәсiпкерлiк
Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-бап. Банкроттық кезіндегі құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамына немесе меншiк иесiне не жеке кәсiпкерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзіндегі дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Әдейi банкрот болу
Әдейi банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге адамдардың мүдделерi үшiн, iрi залал келтiрмейтiндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етiп әдейi төлемсiздiк қабiлетiн туғызуы немесе ұлғайтуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 158-бап өзгертілді
158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын,
кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған
кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн
бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келісімiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе, заң актілеріне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 158-1 баппен толықтырылды
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келісімiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
"159-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (қызметтер көрсетудiң) тұтыну қасиеттерi немесе сапасына қатысты адастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айыру және қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу арқылы азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртібін бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап. Базарларда сауда жасау ережелерiн бұзу, сондай-ақ
мемлекеттік стандарттардың нормалары мен санитариялық
ережелерге сәйкес келмейтiн тамақ өнiмдерiн өткізу
1. Базарларда сауда жасаудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Базарларда, дүкендер мен басқа да сауда орындарында мемлекеттік стандарттар нормаларына сәйкес келмейтiн, адамның денсаулығына қатер төндiретiн тамақ өнiмдерiн өткізу, -
аталған тамақ өнiмдерiн басқа мақсаттарға пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда оларды жоя отырып, азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.