Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа
қарсы күрес жөніндегі агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.03.04 ж. № 307; 29.06.04 ж. № 720; 11.08.04 ж. № 837
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 31 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық, мамандандырылған органдары мен оқу орындарының тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 837 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Агенттiк төрағасына төрт, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 83-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 176-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі
агенттігi (қаржы полициясы) туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестiрудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiк заңда белгiленген өз өкiлеттiлiктерi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдайды.
5. Агенттiк штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Абай даңғылы, 37 "А".
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)" мемлекеттік мекемесi.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы және осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге Агенттiкке тыйым салынады.
Егер Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттің экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстарының, экономика және қаржы салаларындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және іске асыруға қатысу;
4) республикадағы жедел жағдайды талдау және болжау, қаржы полициясы органдарының араласуын талап ететiн мәселелер бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау;
5) экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, жедел-iздестiру қызметiнiң тактикасы мен әдiстемесiн айқындау;
6) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша жалпы республикалық, өңiрлiк жедел-iздестiру мен алдын алу iс-шараларын үйлестiру және жүргiзу, қолда бар күш пен құралдарды қолдану жөнiнде оңтайлы шешiмдер әзiрлеу, қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарына және оқу орындарына практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, оң жұмыс тәжiрибесiн қорыту және тарату;
7) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясы органдарының құрылымын жетiлдiру, қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарымен және оқу орындарымен өздерiнiң арасындағы және өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылын жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу;
8) қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарына және оқу орындарына жалпы басшылықты жүзеге асыру;
9) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарының және оқу орындарының қызметiн материалдық-техникалық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiкке жүктеген өзге де мiндеттердi орындау.
11. Агенттiк өз өкiлеттiктерi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдары және оқу орындары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оны үйлестiру мен оның келісімдiлiгін қамтамасыз етедi;
2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу қызметi мен анықтау практикасына талдау жасайды;
3) экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң тактикасы мен әдiстемесiн айқындайды, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
4) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын айқындайды, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
5) қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдары және оқу орындарының кадрларын iрiктеудi, орналастыруды, оқытуды, тәрбиелеудi және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
6) қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi iске асырады, оларды аумақтық және мамандандырылған органдардың, қаржы полициясы оқу орындары мен өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң орындауын бақылайды;
7) заңда белгiленген өз өкiлеттiктерi шегiнде, нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдайды;
8) қаржы полициясы органдары қызметiнiң көкейтестi бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзiрленiмдер жүргiзудi ұйымдастырады;
9) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетiлген қызметтi қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарының ұйымдастыруын қамтамасыз етедi және жүзеге асыруын бақылайды әрi оларға практикалық, әдiстемелiк көмек көрсетедi;
10) мыналарды:
қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды;
жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесi мен қойылған талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асырады;
11) экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
12) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етедi;
13) басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
14) бөлiнген материалдық ресурстардың және бюджет қаржысының мақсатты әрi тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, олар бойынша есеп жүргiзу мен есеп берудi, сондай-ақ қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарының және оқу орындарының қаржы- шаруашылық қызметiне iшкi ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
15) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Агенттiктiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
1) қаржы полициясының органдарын, оқу орындары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ қаржы полициясы органдарын ұйымдық-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық күшейту мәселелерi бойынша Үкiметке ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттің экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мәселелерi және қаржы полициясы органдарының қызметiне қатысты өзге де мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеуге қатысу;
3) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және алдын ала тергеудi жүзеге асыру;
4) өндiрiстегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге де мәлiметтерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап ету, олардың көшiрмелерiн түсiру, түсiнiктемелер алу;
5) өндiрiстегi қылмыстық iстер бойынша шақырғанға келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелу;
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюды немесе алуды жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
8) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
9) Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
10) әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстердi хаттамаға түсіру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкiлетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру жүргiзудi талап ету;
12) қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелердi құру және қолдану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулердi ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыру;
14) қылмыстар мен өзге де бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға орындауы үшiн мiндеттi ұйғарым, ұсыным беру;
15) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Агенттік мүлкі
13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Агенттiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Агенттiктiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiгi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Агенттiк қызметін ұйымдастыру
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Төраға Агенттiк жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербес және Агенттiктiң қызметi үшiн дербес жауапты болады.
18. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Агенттiкке басшылықты жүзеге асырады;
2) барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң және оқу орындарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындары басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн анықтайды;
5) өз өкiлеттiктерi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
6) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Агенттiктiң, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
7) мiндеттi арнайы тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;
8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасының Президентiне қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
10) заңнамада белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi, заңнамада белгiленген тәртiппен оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Агенттiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын төраға жанында Алқасы болады. Алқаның сан және жеке құрамын Агенттiк төрағасы, әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын дайындау мен өткізу тәртібін белгiлейдi.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа
қарсы күрес жөніндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік
мекемелерi - аумақтық, мамандандырылған
органдарының және оқу орындарының
Тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі департаментi (қаржы полициясы).
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Ақмола облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы).
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінiң (қаржы полициясы) Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
5. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Атырау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі департаментi (қаржы полициясы).
7. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінiң (қаржы полициясы) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
8. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Жамбыл облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
9. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Батыс-Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
10. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы).
11. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Қостанай облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
12. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Қызылорда облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы).
13. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
14. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Павлодар облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы).
15. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
16. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы).
17. ҚР Үкіметінің 29.06.04 ж. № 720 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
18. Қаржы полициясы академиясы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 1006 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)".
2. "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 228-құжат):
2 және 5-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
мынадай жолдағы:
"Кедендiк бақылау Үкiмет агенттiктердiң Әкімшілік - "
және қаржы төрағалары Басшысымен
полициясы
агенттiктерi
төрағаларының
орынбасарлары
"Лауазымы" деген бағандағы "қаржы полициясы" деген сөздер "экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай жолдағы:
"Облыстар, Астана Қаржы полициясы Қаржы полициясы Әкiмшiлiк - "
және Алматы агенттiгiнiң агенттiгiнiң Басшысымен,
қалалары қаржы төрағасы төрағасы Премьер-
полициясы Министрдiң
департаменттерiнiң орынбасарымен,
бастықтары және Премьер-
көлiктeгі қаржы министр