полициясы Кеңсесiнiң
департаменттерiнiң Басшысымен
бастықтары, Қаржы
полициясы агенттiгi
орталық аппараты
департаменттерiнiң
бастықтары
"Лауазымы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, Астана және Алматы қалалары экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменттерiнiң (қаржы полициясы) бастықтары, көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменттерiнiң (қаржы полициясы) бастықтары, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары";
"Кiм тағайындайды" және "Кiм ұсынады" деген бағандардағы "Қаржы полициясы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
5-тармақтағы "Қаржы полициясы агенттігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 ақпандағы № 163 қаулысына:
2-тармақтағы "Қаржы полициясы агенттiгiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiн (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi және Қаржы полициясы агенттiгiнiң оқу орындары үшін қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен тiзбесiнде:
тақырыптағы "Қаржы полициясы агенттiгінiң" деген сөздер "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қарулар" деген 1-бөлiмнiң, реттiк нөмiрi 1-жолында "Тиiстiлiгi" деген бағандағы "Қаржы полициясы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 127-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесінде:
3-тармақтағы "Қаржы полициясы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 11.03.04 ж. № 307 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды
6. "Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөнiндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі № 646 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген бірыңғай конкурс өткізу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"35 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы)".