«Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы)
Көліктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы)»мемлекеттік мекемесiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы № 720 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.31.05 № 539 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы)»мемлекеттік мекемесi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекеме қызметкерлерiнiң штат санын және оның функцияларын Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi аумақтық органдары арасында қайта бөлсiн;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2005.31.05 № 539 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |