органдарымен қарыз алу тәртібі
382. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар:
жергілiктi атқарушы орган - облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың, облыстық маңызды қалалардың, аудандық маңызды қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтардың жергілікті атқарушы органдары;
кредит берушi - Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңдарына сәйкес бюджеттік кредит берушi кредиттік шарттың тарабы.
383. Облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың жергілiкті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады, аудандардың (облыстық маңызды қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қарыз алуды бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында, сондай-ақ кассалық шығыстарды жабу үшiн облыстардың жергілiктi атқарушы органдарынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
384. Жергілiкті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай:
1) тиiсті қаржы жылына арналған борыш лимитiнің шегiнде қарыз алуды шектеудi белгілеу;
2) қарыз алудың басым инвестициялық бағыттарын анықтау;
3) басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру негізiнде жүзеге асырылады.
385. Тиiстi қаржы жылына арналып бекітілген борыш лимитi шегiнде жергілiктi атқарушы органдар мыналарды:
бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында бюджет тапшылығын;
тиiсті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арнайы резервiнiң шотынан кассалық алшақтықты жабуға қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметінен қарыз қаражатын тартуды жүзеге асырады.
386. Жергілікті атқарушы органдардан қарыз алу тек қарыз шарты нысанында ғана жүзеге асырылады.
387. Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджеттік тапшылығын, жоспарланып отырған жылға арналған жергілiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және бұл ұсыныстарды Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет жобаларын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияға жiбередi.
388. Орта мерзiмдi жоспар негізiнде бюджеттік комиссия үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттік негізгі болжамдық көрсеткiштерiн анықтайды, сондай-ақ тиiстi қаржы жылының соңына арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн анықтайды.
389. Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитiн ескере отырып басым (республикалық немесе жергілiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджеттік тапшылығын қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және оларды қарау үшiн тиiсті Бюджеттік комиссияға жiбередi.
390. Бюджеттік комиссияның шешiмi және бекітілген жергiлiктi бюджеттер тапшылығының параметрлерiнiң негiзiнде бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган қарыз алудың көлемi мен шарттарын, сондай-ақ тиiсті қаржы жылына арналып жергiлiктi бюджеттерде бекітілген борышты жабу мен қызмет көрсетудiң мөлшерiн анықтайды.
391. Ресiмделген қарыз шартына қол қою Бюджет Кодексiнiң 180-бабына сай қабылданған кредиттiк шешiмге сәйкес жүзеге асырылады.
392. Қол қойылған қарыз шарты жабу кестесiмен, сыйақыларды (мүдделердi) төлеумен және басқа да ұсыныстармен бірге бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілеттi органның тiркеуiне жатады. Бұл ретте, қарыз шарты тек ол тiркелгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
46-тарау. Мемлекеттік кепiлдiктермен қарыз алған
қарыз алушының қаржылық жай-күйi мониторингiнiң тәртібі
393. Осы тарау мемлекеттік кепiлдiктермен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйi мониторингiнiң рәсiмдерiн анықтайды, мемлекеттік кепілдiктермен қарыз алған заңды тұлғаның ақпараттық қамтамасыз ету мониторингiн және қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
394. Қаржылық коэффициенттердi агент мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есебiнiң негiзiнде екi жылда бір рет есептейдi. Мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған қарыз алушы Банкке/Агентке қаржылық есептілiктi, ал қажет болған кезде тиісті қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
395. Мониторингке мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған және кредит берушiнiң не республикалық бюджеттің алдында борышы бар заңды тұлғалар жатады.
396. Мониторинг базалық талдаудан (заңды тұлғаның басшылығы, қызметiнiң, саласының түрлерi, бәсекелестерi мен рыноктары, нормативтiк құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпараттан (қаржылық есептіліктiң, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын талдауды қамтиды.
397. Мониторингтi жүзеге асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтімдiлiк коэффициентi - ақша қаражаты мен қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң мөлшерiне қатысы;
жабу коэффициентi - активтердiң ағымдағы қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатысы;
қарыз және меншiк қаражатының ара қатынасы - ағымдағы мiндеттемелердiң меншiк капиталының мөлшерiне қатысы;
тарту коэффициентi - ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтерге қатысты мiндеттемелер;
пайда нормасы салық салғанға дейiнгi кiрістің - iске асыру мөлшерiне қатысы;
меншiк капиталының пайдалылық коэффициентi - салық салғанға дейiнгі жиынтық кiрiстiң меншiк капиталының мөлшерiне қатысы;
кредиттік берешектiң айналымдылық коэффициентi - iске асыру көлемiнiң кредиттік берешекке қатысы қолданылады.
Мониторингті жүргізу үшiн Банк/Агент сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздың және инвестициялық жобалар тәуекелiнiң шарттарына байланысты басқа да қаржылық коэффициенттер пайдаланылуы мүмкiн.
398. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган мониторингке жататын қарыз алушылардың тiзiмiн жыл сайын Банкке/Агентке жiбередi.
399. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарызды алған қарыз алушыдан оның қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпаратты белгіленген тәртiппен сұрауы мүмкін.
400. Банк/Агент осы ұсынылған көрсеткіштер негізiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен мемлекет кепiлдiк берген қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас профилiн қызметімен және осы коэффициенттiң жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзедi.
401. Ықтимал төлем қабiлетi дәрменсiз қарыз алушы анықталған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган осы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметіне хабарлайды және мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу үшiн көзделген республикалық бюджет қаражатын бөлудi алдын алу үшiн шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгiзедi.
402. Мемлекет кепiлдiк берген қарызға қызмет көрсету жөніндегі Банк/Агент болмаған жағдайда қарыз алушының қаржылық жай-күйi туралы есептi қарыз алушының өзi жүзеге асырады.
47-тарау. ?кіметтік қарыздарды, жергiлiктi атқарушы
органдардың қарыздары мен мемлекеттік кепiлдiктермен
қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу
және қызмет көрсету, бюджеттi атқару жөніндегі орталық
уәкiлетті орган шығарған бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған рыногында мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алу тәртібі
403. Осы тарау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (бұдан әрi - үкiметтік қарыздар), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын (бұдан әрi - жергілiкті атқарушы органдардың қарыздары) мен республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар) өтеу және қызмет көрсету бойынша жоспарлау, төлемдердi жүзеге асыру рәсiмдерiн белгiлейдi.
404. Үкiметтік қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша жоспарлау, төлемдердi жүзеге асыру рәсiмдерi қарыз шарттарын жасасу нысанында қарыз капиталының сыртқы және iшкi рыноктарындағы қарыз алу не мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру арқылы тартылған қарыздар үшiн ортақ.
405. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында шығарған бағалы қағаздарын сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиісті қаржы жылына арналып республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражат есебiнен ҚР ҰБ-мен жасасқан шарт негізiнде ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырылады.
406. Үкiметтік қарыздардың алдағы өтеу және қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган үкіметтiк қарыздардың алдағы өтеу және қызмет көрсету көлемінің болжамдық есептерi негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi.
407. Жүргізiлген есептемелер тоқсанның алдағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша үкiметтік борыш мониторингiнiң деректерiне, үкiметтiк қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделiп отырған қаражаттың игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткiштер болжамына негiзделедi.
408. Үкiметтiк қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделіп отырған қаражаттың игеру болжамын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi орган инвестициялық жобаларды iске асыру кестесіне негiздей отырып, үкiметтiк сыртқы қарыздардың түсу болжамы жоспарланған жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемiн болжауға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган негiздей отырып анықталады.
409. Республикалық бюджет тапшылығының көлемi, негізгi макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық валюта бағамы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Үкiметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының параметрлерімен анықталады.
410. Жоспарланып отырған жылы үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң есептемелерін бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган мынадай түрде жүргізедi:
1) әрбір қолданыстағы үкiметтік қарыздар бойынша қарыз қаражатының игерілмеген көлемiнiң әр жылға болжамдық бөлiнуiн жүргiзедi;
2) қарыз шартының талаптары, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру негiзiнде үкіметтік қарыздар бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) үкіметтік қарыз бойынша борыш сомасының өзгеру динамикасының есептемесi жүргiзіледi;
4) қарыз шартының талаптары, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру негiзiнде сыйақыларды (мүдде), комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептемелері жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептілiктер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады.
5) шетелдiк валютада тартылған үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледi. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердің соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы пайдаланылады;
6) үкiметтік қарыздарды тартуды көздейтiн қаражатты игеру көлемiнiң болжамы негізiнде қарыз беру мен сыйақы (мүдде) ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып үкiметтік қарыздарды тартуды көздейтiн өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі жүргiзіледi.
411. Үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету мерзімiнiң және көлемiнiң есептемесі негізiнде жоспарланып отырған жылғы үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
412. Жоспарланып отырған жылғы үкiметтік қарыздарға қызмет көрсетудiң жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көрсетiледi. Үкiметтiк қарыздарды өтеудiң жалпы көлемi "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi бойынша республикалық бюджетте көрсетiледi.
413. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептемелер негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жергілiкті атқарушы органдар жүргізедi.
414. Жүргiзiлетін есептемелер тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша жергілiктi атқарушы органдар борышы мониторингінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы және жоспарланатын жылы қолданылатын және тартуға көзделетін қаражатты игеру болжамының, жергілiкті бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiнiң деректерiне негізделеді.
415. Алдағы қаржы жылына арналған жергілiкті бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi жергiлiкті уәкілетті органдар бекiткен аумақтардың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының параметрлерімен анықталады. Жоспарланып отырған жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған тиiстi жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының параметрлері ескеріле отырып анықталады.
416. Жоспарланып отырған жылы жергілiкті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерінің есептемелері мынадай түрде жүргiзіледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбір қолданыстағы қарызы бойынша игерілмеген қарыз қаражатын игеру көлемiн әр жыл сайын болжамдық бөлу жүргiзіледi;
2) қарыз шартының талаптары негізiнде жергілiктi атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) жергілiктi атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының динамикасын есептеу жүргізiледi;
4) қарыз шартының талаптары негізiнде сыйақыларды (мүдделердi), комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдері мен көлемiнiң есептемелер жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептемелер қарыз берілген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердің соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;
6) жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуды көздейтiн қаражатты игеру көлемiнiң болжамы негiзiнде қарыз беру мен сыйақы (мүдде) ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып жергілiктi атқарушы органның қарыздарды тартуды көздейтiн өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі жүргiзiледi.
417. Жергілiктi атқарушы органның қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі негiзiнде жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады.
418. Жоспарланып отырған жылғы жергілiктi атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша тиiстi жылға арналған жергiлікті бюджеттерде көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеудiң жалпы көлемi "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi бойынша жергiлiктi бюджеттерде көрсетiледi.
419. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептемелер негізiнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргiзедi.
420. Жүргізiлетiн есептемелер тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторингінiң, қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердің орындалу мүмкiндігін бағалау деректерiне негiзделедi.
421. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептемелерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізедi:
1) агенттің әрбір қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз жөніндегі ақпараты негiзiнде қарыз қаражатын игеру көлемiн әр жыл бойынша болжамдық бөлу жүргізіледi;
2) қарыз шартының талаптары негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борыш сомасының динамикасын есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының талаптары негiзiнде сыйақыларды (мүдде), комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептемелерi жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептемелер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады.
422. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың белгiленген мерзiмi мен көлемiнiң, мүмкiндiгін бағалаудың негiзiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды жоспарланып отырған жыл өтеу мен қызмет көрсетуге арналып республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
423. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналып республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығыстардың жылдық көлемi жеке бюджеттік бағдарламамен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көрсетіледi.
48-тарау. Үкiметтік қарыздарды, жергiлiктi атқарушы
органдардың қарыздары мен мемлекеттік кепiлдіктермен
қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу
және қызмет көрсету бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртібi
424. ?кіметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудi тиiстi жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көзделген қаражат есебiнен ҚР ҰБ арқылы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
425. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 61-қосымшаға сай белгiленген нысан бойынша алдағы ай үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы үкіметтік және мемлекет кепiлдiк берген борышына қызмет көрсетуге, өтеуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтiнiм) ай сайын ағымдағы айдың жиырма бeci күніне дейiн толтырады, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсау үшiн белгіленген тәртіппен рұқсат ашылады. Өтiнiм үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмiне және көлемiне негізделе отырып толтырылады және күнi, түрi, төлем валютасы мен төлемдi алушы көрсетiлiп әр қарыз бойынша төлем болжамдары қамтылады.
426. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыру жиынтық жоспарының тиісті айында үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестігін жүргізедi және көлем бекiтілген жоспарға сәйкес болмаған жағдайда республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыруының жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледi.
427. Белгіленген мерзiмде және қажеттi көлемде үкіметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдi жүзеге асыру мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган кредит берушілерден төлемге шоттардың, төлем тізiмдерiнiң және төлем жасау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
428. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кредит берушi ұсынған шоттар мен төлем тiзiмдерiндегі көрсетiлген күннің, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнің сәйкестігін тексерудi жүзеге асырады.
429. Төлемге ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдеріндегі көрсетілген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органы кредит берушілермен бірлесе әрекет ете отырып, кредит берушiлердiң төлемге ұсынылған шоттары мен төлем тiзiмдерiн нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
430. Қарыз шартында және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттарында анықталған үкiметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету мерзімiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ресiмдейдi және үкiметтiк қарыздың бірегейлеу нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетілген төлем құжаттарын ҚР ҰБ бередi.
431. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктiк шотынан кредит берушiнiң банктік шотына қажет етілетін көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органына төлем жасалған фактiсi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
432. Үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздар өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен жүргiзіледi.
433. Жергілiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету тиiстi жылға арналып жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
434. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдердi жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушілерден төлемге шоттардың, төлем тізiмдерiнiң және төлемдердi жүргiзу үшiн қажетті басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізедi.
435. Жергiлiктi атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдеріндегі көрсетiлген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
436. Ұсынылған шоттар мен төлем тізiмдерiндегі көрсетiлген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың сәйкессiздігі ашылған жағдайда жергілікті атқарушы орган кредит берушімен өзара iс-қимыл жасай отырып ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдерiн нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
437. Қарыз шартында анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушiнiң шотына қажет етілетін көлемде ақша аударуды қамтамасыз етеді.
438. Бұл операцияны жергілiкті атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуында теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажетті валютаны сатып алу күнi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
439. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асыру шеңберiнде жергілiкті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету бойынша жасалған есебiн жүргiзедi.
440. Республикалық бюджеттен, оның iшiнде мерзiмнен тыс мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
441. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшiне енгеннен кейiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган тиісті қаржы жылының 1-наурызына дейiн Мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысының жобасын белгіленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Көрсетiлген тiзбеге енген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшiн өтеу мен қызмет көрсетудi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган қарыз шартында белгiленген мерзiм мен көлемде кредит берушiлердiң төлем шоттарының негiзiнде, республикалық бюджеттен тиiстi қаржы жылының iшiнде атқарады.