442. Көрсетiлген тiзбеге енбеген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшiн республикалық бюджеттен төлеу туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) агент республикалық бюджеттен мемлекет кепілдiк берген қарыз бойынша кезектi төлемдердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындыны мұндай төлемдер басталатын күнге дейiн отыз күннен кешiктірмей бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындының негiзiнде он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша көрсетiлген қарыз алушылар үшін төлемдердi республикалық бюджеттен төлем жасауды көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi;
3) бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның, агенттің, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушының арасында тиiстi, оның ішінде бұрын ресiмделген республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталған (нақтыланған) келісім жасалады.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ағымдағы айдың жиырма бeci күнiне дейiн алдағы ай үшiн мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша төлемдерге арналған қосымшаға сәйкес өтiнiм толтырады, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсау үшiн белгіленген тәртiппен рұқсат ашылады. Өтiнiм үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмiне және көлемiне негiзделе отырып толтырылады және күнi, түрi, төлем валютасы мен төлемдi алушы көрсетiлiп әр қарыз бойынша төлем болжамдары қамтылады.
444. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыру жиынтық жоспарының тиісті айында мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестігiн жүргiзедi және көлем бекiтілген жоспарға сәйкес болмаған жағдайда республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыруының жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзіледi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған жағдайда кредит берушiлер ұсынған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тексерген төлеуге берiлген шоттар негiзiнде үкiметтiк қарыздың бірегейлеу нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетiлген төлем құжаттарын бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган ресiмдейдi және ҚР ҰБ бередi.
446. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банктiк шотынан кредит берушiнiң банктiк шотына қажет етілетiн көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органына төлем жасалған фактiсi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
447. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша операцияларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздар өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажетті валютаны сатып алу күні Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағам бойынша теңгемен жүргізіледi.
49-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
борыш мониторингінiң тәртібi
448. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторинг (бұдан әрi - мониторинг) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың қалыптасу, өзгеру және қызмет көрсету процесiн есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның атынан мемлекет iске асыратын қызмет болып табылады.
449. Мониторинг объектiсi барлық мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар болып табылады.
450. Борыш мониторингi мыналар:
1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу және есепке алу;
2) қарыз шарттарымен белгіленген кестеге сәйкес борышты өтеу мен қызмет көрсету шотына төлемдердi жасауды қамтамасыз ету және бақылау;
3) мыналарды:
түскен қарыз қаражатын қадағалау және есепке алуды;
борышты өтеу мен қызмет көрсету бойынша төлемдердiң есебiн;
борыш көлемiнiң өзгеру есебiн;
сондай-ақ, қажет болған жағдайда мерзiмi өткен төлемдердiң есебiн қоса алғанда валютадағы қарыздардың әрбір қарызы бойынша барлық операциялардың есебi;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен валюта айырбастаудың рыноктық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелi ставкасының өзгеруiнiң есебi бойынша жұмыстарды қамтиды.
451. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшiн мынадай құжаттар:
қарыз шотынан қаражат алғанын растайтын шетел кредит берушiсiнiң көшiрмесi;
негізгі соманы өтеу және ол бойынша сыйақы (мүдде) төлеу бойынша төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша өзiнiң қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы ҚР ҰБ есептілігі;
екiншi деңгейдегi банктердiң және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi бекiткен нысан бойынша үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға уәкілеттік берiлген, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептiлігі;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өзiнiң қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың есептілігі пайдаланылады.
452. Борыш мониторингiн жүргiзу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы деректердi ағымдағы жаңарту үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақпараттарды жинау жүзеге асырылады.
453. Алынатын ақпараттарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның тиісті бөлiмшесi қорытындылайды және таңдайды, автоматтандырылған ақпараттар жүйесiнiң дерекқорында сақталады.
454. Борыш мониторингiнiң нәтижелерi мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың ағымдағы жағдайы, ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтау қағаз түрiнде де және электронды жүйенi пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрiнде ресiмделедi.
10-бөлiм. Бюджеттік ақшаны басқару тәртібі
50-тарау. Үкiметтік сыртқы қарыз қаражаты есебiнен
қаржылық операцияларды жүзеге асыру тәртібі
455. Қарыз шоты - тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiге төлемдер, сондай-ақ арнайы шотты толтыру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының үкiметтiк сыртқы қарыздарының сомасы орналастырылатын донор-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламалардың арнайы шоты - халықаралық қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, үкіметтiк сыртқы қарыздан немесе байланысты гранттан аванстық төлем арқылы қалпына келтiрілетін шетелдiк валютадағы шот. Арнайы шотты үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға және бюджеттік инвестициялық жобаларды әкiмшілендiруге немесе халықаралық қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес бағдарламаларға арналған шығыстардың үлестiк грантының есебiнен жабу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi ашады;
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына арналған шот - ұлттық валютада төлемдер жасау үшiн екiншi деңгейдегі банктерде ашылатын шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негізгі борышты өтеу есебiне қарыз алушылардың қайтарған ақшасын есептеу мен пайдалану үшiн бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде ашылатын шот.
456. Қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан алынған үкiметтiк сыртқы қарыз шотының есебiнен жасалатын операцияларды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi нысан бойынша және қарыз шартына сәйкес, сондай-ақ осы Тәртiпке сәйкес шетелдiк кредит берушiсiнің атына жiберілетін, қаражатты алу өтiнiмi негiзiнде жүргiзедi. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қарыз шартына сәйкес көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
457. Қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан алуға арналған өтiнiмге қолдардың екi тобы бұрыштама соғады, қолдардың бірiншi тобы бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi органға, қолдардың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне бекiтілген. Бұл ретте, қолдардың бірiншi тобының мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарлама шеңберiнде үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдалануын бақылаумен, қолдардың екiншi тобының мәртебесiне ие болу - олардың мақсатты пайдаланылуына толық жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықталады.
458. Бірiншi топтың қолдарын алу үшiн шоттан үкiметтік сыртқы қарыз қаражатын алуға арналған өтінiмде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтінiммен бірге бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті органға мыналарды:
төлемнiң мақсаты көрсетiлген ілеспе хатты;
қарыз шарты шеңберiнде жасасқан келісім-шарттарға төлемдердi жасау жағдайында осы келісім-шарттарға сәйкес төлем жүргiзілетiн құжаттардың көшiрмесi, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргiзу кезiнде осы келісім-шарттардың көшiрмелерi, сондай-ақ егер, бұл қарыз шарт бойынша рәсiмдермен көзделген болса, келісім-шарттар жасасуға арналған шетелдiк кредит берушiсiнiң ресми мақұлдаған көшiрмесiн;
келісім-шарт жасалмай шығыстар бойынша біржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактураларды, жапсырма кiрiс кассалық ордерлердi, түбіртектердi, қолхаттарды және өзге де құжаттар);
қарыз шарты бойынша қабылданған қаржы рәсiмдерiне сай шетелдiк кредит берушiсiне қажеттi ұсынылатын құжаттардың көшiрмесiн;
52-қосымшаға сай нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның сұрауы бойынша есептілік сомасы жөнiнде қосымша ақпаратты ұсынады.
459. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күнi iшiнде шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын алуға арналған өтiнiмнiң қарыз шартының талаптарына сәйкестігiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне тиісті кезеңге арналып берiлген рұқсатты тексередi, қол қойылады және шетелдiк кредит берушiге беру үшiн ол бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарылады.
460. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган 456-458-тармақтарға сәйкес қол қою үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiне ұсынылған, қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан қаражатты алуға арналған өтiнiмдi мынадай:
егер, жүргiзiлген қаржылық операция қарыз шартының талаптарына немесе қарыз шартының шеңберiнде жасасқан келісім-шартқа қайшы болған;
республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарымен көзделген жоспарлы мақсаттар жоқ немесе жеткiлiксiз болған;
Қазақстан Республикасының заңдарында қарыз шартында көзделген тиiстi ережелер мен рәсiмдердi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бұзған;
олардың бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi жойғанға дейiн жүргiзiлген қаржылық операциялар бойынша құжаттарда сәйкессiздiк және қате орын алған, жағдайларда қабылдамауы мүмкiн.
Одан басқа, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган шоттан қаражат алуға арналған өтiнімге жоғарыда санамалап көрсетiлген жағдайларда тиісті түзетулер енгізуге немесе бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнен талап етуi мүмкiн.
461. Қарыз ақша шотынан үкiметтік сыртқы қарыз қаражатын алуда бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
Бірыңғай бюджеттік сыныптама кiрiстерiнiң бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсiмдер ретiнде инвестициялық жобалардың арнайы шотына аудару кезiнде;
ҚР ББС кiрiстер сыныптамасына сәйкес түсiмдер мен шығыстар (бip мезгілде) ретiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiлерге аудару кезiнде ескерiледi;
осы Ережеде көзделген инвестициялық жобалардың арнайы шотына қаражатты аударуды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз қаражатын немесе грантын беретін шетелдiк кредит берушi қарыз шартының талаптарына сәйкес шоттан алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң өтінiмi негiзiнде жүргiзедi.
462. Инвестициялық жобаның арнаулы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражаттың қайтарылу жағдайларын қоспағанда қарыз шартының талаптарына сәйкес көрсетілген шотты толтыруға арналған үкiметтік сыртқы қарыздың қаражатынан басқа өзгеде қаражаттар есепке алынбауы мүмкiн.
463. Шоттардан ұлттық немесе шетелдiк валютада, осы шоттан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражаттың қайтарылу жағдайларын қоспағанда, инвестициялық жобаларға байланысты бюджеттік (кiшi бағдарламалар) қаржыландырылады.
464. Инвестициялық жобаның шетелдiк валютаның арнайы шотынан өзгеше шетелдiк валютадағы шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан айырбасталған қаражаттар ғана есепке алынады.
51-тарау. Ресми трансферттердi төмен тұрған
бюджеттерге ұсыну тәртібі
465. Қазақстан Республикасы ?кіметінің және облыстардың жергілiктi атқарушы органдар резервiнiң қаражаты есебiнен берілетiн трансферттердi қоса алғанда ресми трансферттер төмен тұрған бюджеттерге бекiтілген тәртiппен төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың бекітілген жоспарына төмен тұрған бюджеттер бойынша трансферттердiң жалпы сомасын бөле отырып Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдарының бекітілген актiсiне сәйкес бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсiне аударылады.
Аудару төлеуге берiлген шоттар негізiнде және төлем тағайындауларын бiлдiру үшiн 4-санаттың, 02 "Мемлекеттік басқару органдарының трансферттерi" сыныбының ҚР ББС кiрiстерiн қолдана отырып және қазынашылық органдары сұраған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ұсынған деректеме бойынша және мақсатты ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған мақсатты трансферттердi әрбір аударым бойынша төлем шотының көшiрмесiн тиістi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органға мiндетті түрде жеткiзе отырып бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерi жүргiзедi.
466. Ресми трансферттердi аудару тиiстi бюджеттiң бағдарламаларының әкiмшiсiне төлеуге берiлген шоттар негiзiнде жүргізіледi.
Төмен тұрған бюджеттiң бағдарламаларының әкiмшісiне мақсатты ағымдағы трансферттердi, дамытуға арналған мақсатты трансферттердi аударуды жоғары тұрған бюджет бағдарламасының әкiмшісi төмен тұрған бюджеттің бағдарламаларының әкiмшiсiне төлемiнiң негiзділігін растайтын тиiстi құжаттардың көшiрмелерiн (орындалған жұмыстардың актілерi, шот-фактуралар, жүк құжаттар) мiндетті түрде тiркей отырып, сол сияқты төлеуге берілген шот негiзiнде жүргiзiледi.
467. Жоғары тұрған бюджет трансферттерi есебiнен жүзеге асырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджеттiң бағдарламалары әкiмшілерiнiң шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасында пайдаланылатын ерекшелiктерге тәуелдi осы Ережелер белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
468. Мақсатты трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасы оларды берген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31-желтоқсанына дейiн қайтарылады. Мақсатқа сай пайдаланылмаған сома экономикалық сипаттамалар бойынша шығыстарға тиісті өзгерістер енгізіліп, бюджеттік бағдарламалардың паспортына өзгерістер енгiзiлмей жоғары тұрған бюджеттен алынған мақсатты трансферттердiң есебiнен iске асырылатын төмен тұрған бюджеттiң бағдарламалары бойынша қаражаттан жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған соманы толық қайтару үшiн жоспарлы тағайындаулар жеткiлiксiз болған кезде жергiлiктi атқарушы органның резервтiк қаражаты есебiнен қайтару жүзеге асырылады. Қайтарылатын сома тиiстi бюджеттердiң өзге де салықтан тыс түсiмдерi болып табылады.
469. Мақсатты трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасы ағымдағы қаржы жылының 31-желтоқсанына дейiн қайтарылмаған кезде бөлiнген ақшаны жете пайдаланбаған мемлекеттік мекеменiң коды көрсетілiп ағымдағы жылдың бюджетi есебiнен қайтару жүргiзіледi. Төмен тұрған бюджеттің шығыстары қаржы жылы аяқталғаннан кейiн мақсатқа сай пайдаланылмаған трансферттердiң сомасы жоғары тұрған бюджетке толық аударылғанға дейiн тоқтатылады.
SUB47000470. Қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған, оның iшiнде конкурстық рәсiмдердiң нәтижелерi бойынша үнемдеу есебiнен) мақсатты трансферттердiң сомасы бөлiнген ақшаны жете пайдаланбаған мемлекеттік мекеменiң коды көрсетіле отырып қаржы жылы аяқталғаннан кейiн ағымдағы жылдың бюджетi есебiнен он күн iшiнде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
52-тарау. Бюджеттік ақшаны басқару тәртібі
471. Бюджеттік ақшаларды басқару бюджеттік атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкілеттi органдар жүзеге асырады.
472. Бюджеттік атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкілеттi орган төлемдердi уақытылы және толық қамтамасыз ету үшін ағымдағы қаржы жылына бюджетке күтіліп отырған ақша түсiмдерiнiң көлемiн мынадай деректердiң негiзiнде анықтайды:
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттiгiнiң статистикалық деректерi;
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы;
капитал нарығында сатылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың пайыздық ставкасы;
тиiстi қаржы жылына арналып бекiтілген немесе нақтыланған бюджет;
бюджет қаражаттары есебiнен жеке және заңды тұлғаларға кредит беру туралы келісімдер (бюджет алдында борыштың негізгi сомасын өтеу кестесi, сыйақылар (мүдделер) төлеу);
мемлекеттік меншiктi жекешелендiрудiң кестесi туралы ақпарат;
тиісті бюджеттердегі қолма-қол ақшаның бақылау шоттарындағы (бұдан әрi - ҚБШ) қаражаттардың қалдықтары;
бюджетке түсетін түсiмдердiң келесi айларға арналған ай сайынғы жоспары;
бюджетi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкілетті орган:
республикалық және тиісті жергiлiктi бюджеттерге күтіліп отырған ақша түсiмдердiң көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң келесi айға қабылдаған мiндеттемелерiнiң көлемiн нақтылайды.
Тиiсті кезеңде бюджеттерге күтілiп отырған ақша түсiмдерiнiң көлемi жеткілiксiз болған жағдайда төлемдердi жүргізу үшiн бюджетті атқару жөнiндегі орталық немесе жергілікті уәкiлетті орган қарыз алу арқылы ақша тарту процесiн ұйымдастырады.
53-тарау. Уақытша бос ақшаларды
салымдарға (депозитке) орналастыру тәртібi
473. Уақытша бос ақшаларды ҚР ҰБ БҚШ салымдарға (депозитке) орналастыру оларды ұтымды пайдалану және республикалық бюджетке кiрiстер алу мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. Орналастыру бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілiктi уәкілетті органымен ҚР ҰБ арасындағы жасасқан салымдық операцияларды жүзеге асыратын кезде пайдаланылатын стандарттық шарттар туралы Бас келісім негізiнде жүзеге асырылады.
474. Бюджеттік ақшаларды салымдарға (депозитке) орналастыру бойынша әрбір операция әрбір салымды (депозиттi) орналастыру бойынша барлық деректердi: салымның (депозиттің) сомасын, салымды (депозитті) орналастыру мерзiмiн, салымды (депозитті) орналастыру және бастау күнi, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылған салымның (депозиттің) және есептелген сыйақының сомасы, салым (депозит) мерзiмнен бұрын талап етілген кезде қолданылатын сыйақы ставкасы қамтуы тиiстi. Сыйақы ставкасы ҚР ҰБ мен бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган арасындағы уағдаластық негiзiнде анықталады.
475. Жергілiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттік қаражатты тарту ағымдағы қаржы жылы ішiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган оларды тиiмдi пайдалану және жергілікті бюджетке кiрiстер алу үшiн жүзеге асырады.
476. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аударуды жергiлiктi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергiлiктi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган арасында жасалған Шарт негiзiнде жүргізiледi.
477. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару бойынша әрбір операция мынадай деректердi: ақша сомасын, ақшаны аудару мерзiмiн, салым мерзiмiнiң басталған және аяқталған күнiн, сыйақы (мүдде) ставкасын, сыйақы (мүдде) сомасын, ақшаны мерзiмнен тыс талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы (мүдде) есептелген соманы қамтитын Шартпен ресiмделедi.
Уақытша бос бюджеттік қаражатты салымдарға (депозитке) орналастыру тәртібіне қосымша уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару Шартының (бұдан әрi - Шарт) нысанын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгілейдi.
478. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару туралы мәселелердi шешу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган уәкiлеттi орган қол қойған және мемлекеттік мекеменiң мөрiмен бекітілген хабарламаны жолдайды.
479. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган хабарламаны алған күндi қоса алғанда екi жұмыс күнi ішінде факсимилдiк байланыс арқылы жергілiктi уәкілетті органға қол қою үшiн Шартты және сол күнi ақшаны аудару үшiн жiбередi. Қол қою үшін Шарттың түпнұсқасы бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жiберiледi.
480. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға бюджеттi атқару жөніндегі жергілiкті уәкiлеттi орган тиісті қазынашылықтың аумақтық органына төлемге шот ұсынады, онда Шарттың күні мен нөмiрi көрсетіледi, бұл ретте өтiнiмдi қалыптастыру мен Хабарлама (Тапсырыс), сондай-ақ төлем шотына шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын көрсету талап етiлмейдi.
481. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілеттi орган бюджеттік шотта күтілетiн жеткіліксiз ақша кезiнде олардың қажет етілген үш жұмыс күнi iшiнде ақшаны iшінара немесе толық қайтару туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға талапты жолдайды.
482. Шарттың ең ұзақ мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс. Шарт үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Шартты ұзарту Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы жазбаша түрде ресiмделедi. Бұл ретте, банктік салымды қайтарудың белгiлi бір мерзiмi - ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсаннан кешiктiрмейдi.
483. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уақытша бос бюджеттік қаражатты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған Шартқа сәйкес ҚР ҰБ депозиттік шотына орналастырады.
484. Шарттың мерзiмi аяқталған не ол мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган талапта көрсетiлген соманы қайтарады. Есептелген сыйақы (мүдде) талап етілген сомаға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган көрсеткен реквизиттерге ҚР ҰБ аударады.
54-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң кассалары арқылы
қолма-қол ақшаны пайдалану рәсiмдерi
485. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердiң кассалары арқылы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны пайдалану үшiн:
тиісті шектеулермен қолма-қол ақшаны пайдалану арқылы төлемдер жүргізу рұқсат етілетiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақша алуға шектеу қойылмайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны қабылдау, беру және кассалық құжаттарды ресiмдеу тәртібін;
мемлекеттік мекемелердiң кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн;
қолма-қол ақшаның кассада сақталу мерзiмiн анықтайды.
55-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне және
степендианттарға жалақы, шәкiртақы және басқа ақша
төлемдерiн төлеудiң рәсiмдерi
486. Алушыларға жалақы, шәкiртақы және басқа да ақшалай төлемдердi (бұдан әрi - Ақшалай төлемдер) төлеу екiншi деңгейдегі банктер арқылы немесе олардың сомасын салым бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға есептеу арқылы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - Банк\Агент) арқылы алушының таңдауы бойынша жүзеге асырады.
487. Ақшалай төлемдердi алушы өзiне тиесілi соманы салым бойынша дербес шотқа немесе карт-шотқа есептеу арқылы төлеу жөнiнде Банк/ Агентпен дербес шарт жасасады.
Банк/Агенттің салымдар бойынша дербес шоттарына немесе алушылардың карт-шотына ақшалай төлемдердi есептеу жөнiндегі қаржылық қызметтерi мемлекеттік бюджеттен төленедi.
488. Алушы Банк/Агентте ашылған салымдар бойынша дербес шотының нөмiрiн немесе карт-шоттың нөмiрiн шарттың нөмiрi мен күнiн және Банк/Агенттiң деректемелерiн көрсете отырып мемлекеттік мекемеге тиесiлi ақшалай төлемдер сомасын аударуға өтiнiш бередi.