лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 359-бап өзгертілді
359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
Салық қызметi, қаржы полициясы органдары лауазымды адамдарының кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттіліксiз салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты
және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай,
сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып,
белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актілерінде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне тұру
мерзiмiн бұзу
1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -
салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды мына бөлiктерiнде орындамау:
1) келу және кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бiр азаматтар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау;
3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткізуге тыйым салу;
4) ереуiлдер өткізуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ спирттiк iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткізу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткізу;
10) коменданттық сағат уақытында азаматтардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
363-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртібін бұзуға итермелейтiн
iс-әрекеттер
Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртібін бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, азаматтардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 364-бап өзгертілді
364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу, сақтау немесе
пайдалану ережелерiн бұзу, штемпельдi-гравюралық
кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзу
1. Түрлi-түстi көшiру (жедел полиграфиясы, көшiру-көбейту техникасы, тамшылы-ағылмалы, лазерлi принтерлер және сканерлер) құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң - үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу, сақтау және пайдалану ережелерiн сақтауға жауапты лауазымды адамдарға оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
365-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен
жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламау
Iстi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынысы бойынша қылмысқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың хабарламауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
366-бап. Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу
1. Өзiне қатысты қадағалау белгiленген адамның әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша және тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып бұл шаралардың қолданылуы жеткiлiксiз деп танылатын болса, -
он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
367-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу
изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған заттар,
бұйымдар мен нәрселер беру
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдiк iшiмдiктер, дәрiлiк және мас қылатын әсерi бар басқа да заттарды, ақша, азық-түлiк тағамдарын, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселердi тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлдермен беруге әрекет ету, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 368-бап өзгертілді
368-бап. Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, беру немесе сату
тәртібін азаматтардың бұзуы
1. Азаматтардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруларды сатып алуы, сақтауы, басқа адамға беруi немесе сатуы, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 369-бап өзгертілді
369-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды
сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Қару сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар азаматтардың азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оған арналған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -
азаматтық қаруының өтемi төленiп алып қойылып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
370-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану
1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
371-бап. Азаматтық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмдерiн не оны
есепке қою ережелерiн бұзу
1. Азаматтық қаруды тiркеудiң (қайта тiркеудiң) белгiленген мерзiмдерiн немесе тұратын мекен-жайлары өзгерген кезде iшкi iстер органдарында оны есепке қою ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сату үшiн
өткізуден жалтару
Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған азаматтардың оларды сату үшiн өткізуден жалтаруы, -
қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен
демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудiң тәртібі туралы
заңдарды бұзу
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы заңдарды бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергi жасау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға және жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларды ұйымдастырушылар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 374-бап өзгертілді; 2005.23.02 № 33-III ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тысқары iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткіштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлігiнде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлігінде көзделген әкiмшілік жаза қолдануға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштің жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 375-бап өзгертілді
375-бап. Дiни сенім бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдарды
бұзу
1. Дiни бiрлестiктер басшыларының бiрлестiктi мемлекеттік басқару органдарында тiркеуден жалтаруы, дiни бiрлестiктiң оның жарғысымен (ережесiмен) белгiленген өз мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келетiн қызметтi жүзеге асыруы, саяси партиялардың қызметiне қатысуы және оларға қаржылай қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-бағуды, бас бостандығынан айыру орындарына баруды қоспағанда, жерден басқа орында дiни iс-шаралар өткізу ережелерiн бұзуы, дiнге табынушылар мен дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң дiнге табынуға қатысы жоқ арнаулы балалар мен жасөспiрiмдер топтарын ұйымдастырып, жиындарын өткізуi, азаматтарды дiни жоралғыларды орындауға немесе өзге де дiни қызметтерге қатысуға мәжбүр етуi, -
ескерту жасауға немесе дiни бiрлестiк басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұрып немесе қызметiне тыйым сала отырып не онысыз, жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңға сәйкес жүзеге асырылатын дiни жоралғыларды, басқа дiни қызметтi атқаруға кедергi жасау, азаматтардың дiнге қатыстылығына қарай олардың құқықтарын бұзу, сол немесе басқа дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын нәрселердi, құрылыстарды және орындарды аяқ асты ету, азаматтардың дiни сезiмдерiн қорлау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Азаматтық хал актілерін жазу ережелерiн бұзу
Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
377-бап. Төлқұжатсыз немесе жеке куәлiксiз тұру
Азаматтардың төлқұжатсыз не жеке куәлiксiз немесе жарамсыз куәлiкпен тұруы, сондай-ақ тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден өтпей тұруы немесе үш айдан астам мерзiмде уақытша тұруы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
378-бап. Төлқұжатсыз, жеке куәлiксiз немесе тiркеуден өтпей тұруға
рұқсат беру
1. Төлқұжат жүйесi ережелерiн сақтау үшiн жауапты адамдардың төлқұжатсыз немесе жеке куәлiксiз немесе жарамсыз төлқұжатпен және жеке куәлiкпен не тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден өтпеген адамға тұруға рұқсат беруi, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
379-бап. Төлқұжаттарды, жеке куәлiгiн заңсыз алып қою немесе оларды
кепiлге қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлiгiн, төлқұжатын жоғалту немесе
жарамсыздыққа жеткізу
1. Азаматтардың төлқұжаттарын, жеке куәлiктерiн заңсыз алып қою немесе оларды кепiлге қабылдау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн, төлқұжатын жоғалту немесе жарамсыздыққа жеткізу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
380-бап. Азаматтың куәлiк (төлқұжат) немесе жеке басын куәландыратын
басқа құжаттарды алуы кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Азаматтың куәлiк (төлқұжат), соның iшiнде шетелдiк төлқұжат, не жеке басын немесе азаматтығын куәландыратын басқа да құжаттарды алуы кезiнде Қазақстан Республикасының атқарушы билiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар беруi, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 381-бап өзгертілді
381-бап. Мемлекеттік статистикалық есеп-қисап және бақылау деректерiн
беруден бас тарту, бермеу, уақытында бермеу, жасыру, қосып
жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
Тиiстi статистикалық органдарға бухгалтерлiк баланстарды және есеп берулердi қоса алғанда, белгiленген мемлекеттік статистикалық есеп-қисап және бақылау деректерiн беруден бас тарту, бермеу, оларды белгiленген мерзiмiн бұза отырып беру, жасыру, қосып жазу және мемлекеттік статистикалық есеп-қисап деректерiн басқа да бұрмалау, сол сияқты статистикалық деректердi беруге немесе алуға қандай да бiр нысанда болсын кедергi жасау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
382-бап. Мемлекеттік статистикалық бақылаулар жүргiзуден бас тарту
Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық бақылаулар жүргiзу жөніндегі мемлекеттік мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
383-бап. Лауазымды адамның коммерциялық құпиясы бар статистикалық
деректердi сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi
Лауазымды адамның коммерциялық құпия болып табылатын статистикалық деректердi олардың заңды иесiнiң келісімiнсiз кiмге де болса сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi, егер иесiне iрi залал келтiрiлмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Бекiтiлмеген нысандар бойынша статистикалық есеп-қисап жинау
Заңмен белгiленген тәртiпте келісілмеген немесе бекітілмеген есеп-қисап нысандары бойынша ведомстволық немесе мемлекеттік есеп-қисапты жинау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін
бұзу
1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді
386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген
талаптарды бұзу
1. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттік құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 387-бап өзгертілді
387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру
ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн
бұзу
1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы
режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының
аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу
тәртібін бұзу
1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткізу, -