азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жекелеген жерлерде болудың заңдармен белгiленген тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында
шекара режимiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетіндегі және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
бекеттерiнде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерiнде режимдi бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 391-1-баппен толықтырылды
391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасы режимiн бұзу
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимiн бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз
алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету
жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери
қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 394-бап жаңа редакцияда
394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында болу ережелерiн бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тiркелудiң не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың белгiленген тәртібін сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кiруден, белгiленген мерзiмде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
ҚР 22.02.02 № 296-II Заңымен 395-бап өзгертілді
395-бап. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы азаматының,
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында шетелдiктердiң болу ережесін бұзуы
1. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы, оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз етушi немесе шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттiк өту шарттарын сақтаумен байланысты мiндеттерiн орындаушы ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасында оларды тiркеудiң, олардың келу, тұру, жүрiп-тұру, тұрған жерiн өзгерту және сырт жаққа кету құқығына құжаттар рәсiмдеудiң белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырып, оған тұрғын үй-жай берген азаматтың, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тiркеуден өткізудi және болудың белгiленген мерзiмi бiткеннен кейiн қайтып кетуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына, белгiленген тәртiптi немесе оның аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн бұза отырып, келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй-жай, көлiк құралын беру немесе өзге де қызмет көрсету, -
азаматтарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен
пайдалану ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасы аумағына уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз немесе оны алдау жолымен алып өз бетiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (жасырын иммигранттарды) жұмыс берушiнiң жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ лауазымды адамдардың жасырын иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы, -
Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
397-бап. Көшiп келу (иммиграциялық) ережелерiн бұзу
Көшiп келушiнiң көшiп келушiлердi бақылау бекетi жанындағы уақытша ұстау орнында тұрудан, көшiп келушiлердi уақытша орналастыру орталығынан, уақытша болу үшiн көшi-қон қызметiнiң аумақтық органы белгiлеген орында тұрудан жалтаруы, сол сияқты оның Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесiн анықтау кезiнде сонда тұру ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
398-бап. Босқынның немесе мәжбүрлi қоныс аударушылардың тұру
ережелерiн бұзуы
Босқынның немесе мәжбүрлi қоныс аударушының келген мекенiн немесе тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде, өзi бекітілген көшi-қон қызметiнiң аумақтық органында есептен шығу мiндетiн орындамауы, сол сияқты жаңа келген мекенi немесе тұрғылықты жерi бойынша көшi-қон қызметiнiң аумақтық органында уақтылы есепке тұру мiндетiн орындамауы, босқынның тиiстi көшi-қон органына тегiнiң, есiмiнiң, отбасы жағдайының, отбасы құрамының өзгерістерi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң азаматтығын алғандығы туралы хабарламауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке
орналастыру жөніндегі заңсыз қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 400-бап өзгертілді
400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттік органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 401-бап өзгертілді
401-бап. Тауарлар және көлiк құралдарын әкелу кезiнде Қазақстан
Республикасының кеден шекарасынан өтетiнi туралы хабарламау
Тауарлар және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiндiгi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 402-бап өзгертілді
402-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы хабардар
етпеу немесе анықталмаған хабар беру
1. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органын хабардар етпеу, егер тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылау режимiнде тұрса не тауарларды және көлiк құралдарын әкету оларды осындай режимге қоюды ұйғарса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына анықталмаған хабар беру, егер мұндай хабардар етпеудi Қазақстан Республикасының кеден органы белгiленген тәртiппен тiркеген болса, сол сияқты хабардар етуден кейiн тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетiлген орынға және оны уақытында әкелмеу, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар қолданбау
Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткізуге қабылдаған немесе транзитпен тасылатын тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлiк құралдары тұрған орынға жеткізудi қамтамасыз етпеу, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 404-бап өзгертілді
404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткізу орнына бермеу
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткізу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 405-бап өзгертілді
405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру,
жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына
жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзбеу, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарларды және көлiк құралдарын тәркiлей отырып, лицензияның (арнайы рұқсат немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткізудiң Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтамау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе алапат күштiң әсерiмен болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орындарда тоқтатпау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз көлiк
құралын жiберу
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жiберу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
408-бап. Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына
жанасып тоқтау
Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының жанасып тоқтауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 409-бап өзгертілді
409-бап. Декларация толтырушының кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртібін
бұзуы
Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртібін бұзу, яғни кедендiк ресiмдеудiң басталуы мен аяқталуы, орны, уақыты және оны өткізу рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамау не кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртібін қолдануға заңсыз талап қою, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны қолдану шарттарын сақтамау, -
кеден делдалы ретіндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
410-бап. Кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк
құралдарымен заңсыз операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту,
пайдалану және билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден заңдарымен белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк құралдарымен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 411-бап өзгертілді
411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз
жүргiзiлетiн жүк және өзге де операциялар
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
412-бап. Ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не
жоғалту
Қазақстан Республикасының кеден органы қолданған ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 413-бап өзгертілді
413-бап. Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын
декларациялау тәртібін бұзуы
Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын декларациялау тәртібін бұзуы, яғни осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларациялаудың нысаны мен орны, декларациялау кезіндегі уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кеден декларациясын пайдалануды қоса алғанда, оны жасау рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамауы, -
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 414-бап өзгертілді
414-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына кеден
декларациясын, құжаттар мен қосымша мәлiметтер беру
мерзiмдерiн бұзу
Қазақстан Республикасының кеден органына олар белгiлеген мерзiмдерде тауарлар мен көлiк құралдарына кеден декларациясын, сол сияқты, осы тауардың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi бермеу және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 415-бап өзгертілді
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есеп-қисапты бермеу
және есеп жүргiзу тәртібін сақтамау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауда тұрған не еркiн кеден аймағы мен бос қоймалар аумағында тұрған әкелiнетiн, әкетiлетiн, келiп түсетiн, сақталатын, ұқсатылатын, дайындалатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлар туралы белгiленген есеп-қисапты кеден органына бермеу, сол сияқты, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртібін сақтамау және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
416-бап. Уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
Иесiнiң уақытша сақтау орындарындағы сақталу мерзiмi сақтаудың белгiленген шектi мерзiмiнен асып кеткен тауарлар мен көлiк құралдарын кеден режимiне сәйкес шығаруды немесе билiгiне алуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарларды және көлiк құралдарын тәркiлеуге әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 417-бап өзгертілді
417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін, оларды сақтау және
олармен операциялар жасау тәртібін бұзу
Заңдармен және нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін бұзу, сол сияқты осы Кодекстiң 405, 410-412, 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және бос қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзу, -