110-бап. Тіркелген активтер амортизациясының нормалары
Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай нормаларымен топтарға бөлінеді:
Топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Амортизация нормасы (%) |
І | Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ ұңғымаларын қоспағандағы үйлер, құрылыстар | 8 |
II | Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар | 20 |
III | 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен жабдықтары | 25 |
IV | Кеңсе машиналары мен компьютерлер | 50 |
V | Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер | 15 |
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 111-бап өзгертілді
111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн осы iшкi топтың құн балансы салық кезеңiнiң соңында шегерiмге жатады.
2. Егер I топтың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында бастапқы құнының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, осы кiшi топтың құн балансының мөлшерi шегерiмге жатқызылады және нөлге тең болады.
Егер II, III, IV және V топтардың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында осы кiшi топтың құн балансы көрсетiлген салық кезеңiнде осы Кодекстiң 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, ол құрылған салық кезеңiнiң соңында аталған кiшi топтың құн балансының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, құрылған кезден бастап мынадай мерзiмдер өткен соң осы кiшi топтың құн балансы шегерiмге жатқызылады:
Топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Амортизацияның шекті мерзімі (жыл) |
II | Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар | 11 |
III | 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы тау-кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен жабдықтары | 9 |
IV | Кеңсе машиналары мен компьютерлер | 4 |
V | Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер | 15 |
3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 111-1-баппен толықтырылды
111-1-бап. Топтардың құн балансына қосылмаған тiркелген
активтер бойынша шегерiмдер
1. Кiшi топтардың Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңдарына сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айқындалған және II, ІІІ және IV топтарға жатқызылатын құн баланстары мынадай мерзiмдер iшiнде:
II және ІІІ топтар бойынша 5 жылда;
IV топ бойынша 2 жылда тең үлестермен шегерімге жатқызылады.
Шегерiмге жатқызылатын сома салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансының осы тармақта айқындалған мерзiмнiң аяқталуына дейiн қалған жылдар санына қатынасы ретiнде айқындалады.
2. Көрсетiлген кiшi топтардың құн балансы салық кезеңiнiң соңына:
шегерiмге жатқызылатын, осы баптың 1-тармағына сәйкес өткен салық кезеңiнде есептелген сомаға азайтылған өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансы ретiнде айқындалатын салық кезеңiнiң басындағы құн балансы,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде айқындалады.
112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтер
1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының құн балансында ескерiледi.
2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 113-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Осы топқа енетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған iс жүзіндегі шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланған жағдайда рұқсат етiледi.
2. Негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзіндегі шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында осы Кодекстiң 111-1-бабына сәйкес айқындалған кiшi топтың тиiстi құн балансының мөлшерiне ұлғайтылған топтың құн балансынан белгiленген мынадай шектерде шегерiледi:
Топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Шекті норма (%) |
I | Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ ұңғымаларын қоспағандағы үйлер, құрылыстар | 5 |
II | Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар | 15 |
III | 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы тау-кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен жабдықтары | 15 |
IV | Кеңсе машиналары мен компьютерлер | 5 |
V | Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер | 10 |
Көрсетiлген шектен асатын сома:
I топ бойынша:
егер салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың құн балансының құрамына кiретiн негiзгi құрал iс жүзiнде шығып қалса - құн өсiмiнен түсетiн табыстың немесе кiшi топтың құн балансынан шығып қалған тiркелген активтер құнының асып кетуiнен түскен табыстың тиiстi мөлшерiн iс жүзіндегі шығыстарға бара-бар азайтады және (немесе) кiшi топтың тиiстi құн балансын ұлғайтпайды;
өзге жағдайларда - кiшi топтың тиiстi құн балансын iс жүзіндегі шығыстарға бара-бар ұлғайтады;
топтың құн балансына кiрмейтiн негiзгi құралдар бойынша - жеке кiшi топтың құн балансын құрайды немесе ұлғайтады;
II, ІІІ, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың жөндеу жүргiзiлген салық кезеңіндегі құн балансын құрайды немесе ұлғайтады.
3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтың құн балансын ұлғайтпайды.
4. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзіндегі шығыстардың сомасы осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылады.
§ 4. Ұзақ мерзiмдi келісім-шарттар бойынша
табыстар мен шегерiмдер
114-бап. Ұзақ мерзiмдi келісім-шарттар бойынша табыстар мен шегерiмдер
1. Ұзақ мерзімдi келісім-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.
Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келісім-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келісім-шарт болып табылады.
2. Келісім-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келісім-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады.
16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына
салық салу жөніндегі жекелеген ережелер
§ 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 115-бап өзгертілді
115-бап. Салық салу объектiсi
1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған), сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
2) инвестициялық кірістер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;
4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;
7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берілген заемдар бойынша кірістер;
8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер;
9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретiн өтемақы төлемдерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектiсi болып табылмайды.
2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен осы тармақта белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.
116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстары мен шығыстарының есебi
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 117-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:
1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;
2) аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi;
3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi мөлшерiнде төлейді.
2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 118-бап өзгертілді
118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.
Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады.
2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.
3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.
2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
§ 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге салық салу
29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 119-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 119-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу
1. Осы баптың күші қолданылатын, мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттік тiркеуден өткен;
2) өндiрiстiк мақсаттағы (толық технологиялық циклi бар) объектiлерiн мемлекеттік қабылдау комиссиялары осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн өңдеуге негiзделген жеке өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
4) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерiне (осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген) инвестициялардың ең төменгi көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде бес миллион айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын ұйымдар жатады.
2. Осы баптың күші қолданылмайтын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептер осы Кодексте белгiленген тәртiппен, осы баптың 4-тармағында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
4. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасының азайтылуы осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда, мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
6. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы баптың 4-тармағының ережелерi өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялар көлемiне байланысты осы баптың 4-тармағының ережелерiн қолданудың өндiрiстiк мақсаттағы толық технологиялық циклi бар объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап он жылдан аспайтын өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.
Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 120-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 120-бап өзгертілді
120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлік қоғамдарды, мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағын негiзге ала отырып, барабарлық әдiсi бойынша анықталады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 121-бап өзгертілді
121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:
1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;