7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар;
9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
10) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс алып тасталуға тиiс.
2. Активтердi бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға тиiс.
Активтердi бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық төлеушi салық органына жазбаша хабарлап, салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
§ 2. Шегерiмдер
92-бап. Шегерiмдер
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiлуге тиiс.
2. Осы Кодексте шығыстарды нормалар шегiнде шегерiмдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.
3. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлуге жатады.
4. Егер шығыстардың бiрнеше баптарында белгiлi бiр шығындар көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.
5. Мемлекеттік бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiн қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегерiп тасталуға тиiс.
16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 93-бап өзгертілді
93-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезіндегі және өкiлдiк шығыстар бойынша өтемдер сомаларын шегеру
1. Қызметтiк iссапарлар кезіндегі шегерiмге жататын өтемдерге:
1) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
2) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;
3) Қазақстан Республикасының шегiнде iссапарда болған уақытында тәулігiне үш айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы;
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы жатады.
2. Салық төлеушiнiң өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердiң жалпы жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстары өкiлдiк шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатады.
Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.
Өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатқызылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 94-бап өзгертілді
94-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер
1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:
1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түріндегі сыйақы;
2) ҚР 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды
3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);
4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы.
Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.
2. Сыйақы бойынша шегерiм:
салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы
қосу
меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;
2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;
3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең.
4. алып тасталды
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 95-бап өзгертілді
95-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер
Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлеген жағдайда, жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде табыстарға жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 96-бап өзгертілді
96-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер
1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсiпкерлерiне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар; өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
Салық төлеушiнің күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда:
1) шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетілген жағдайда;
2) белгiленген тәртiппен ресiмделген мына құжаттар: шот-фактуралар; салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының осы шығыстарды шегерiмге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргiзiледi.
3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмi мен оны Мемлекеттік тiркелiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмiн қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушi жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
4. ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 97-бап өзгертілді
97-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер
1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты сол кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қорға) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.
Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртібі жер қойнауын пайдалану келісім-шартымен белгiленедi.
2. Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа) активтер мен шарттық міндеттемелерді қоспағанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төмендегi күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда); құжаттамалық есептер мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепiлдiктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган анықтайды.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) банктің және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында аталған адамдар ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылатын заңды тұлға;
5) ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.
3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
98-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер
Негiзгi құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделi сипаттағы өзге де шығындардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатады. Тиiстi ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзiлгенiн растайтын жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актiсi және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 99-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары шегерiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 100-бап өзгертілді; ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 100-бап өзгертілді
100-бап. Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру
1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:
1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
2) жүктiлігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген;
3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;
4) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.
2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 101-бап өзгертілді
101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi
1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары, сондай-ақ өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткізу жөніндегі шығыстардан басқа, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшеріндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.
Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
Жеке топ құрылғаннан кейiн жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткізу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 102-бап жаңа редакцияда
102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм
Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.
103-бап. Салықтар шегерiмi
1. Есептелген шектерде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:
1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;
3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 104-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар
Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;
3) мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөніндегі шығыстар;
7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны;
8) қызметiн өнiмдi бөлу жөніндегі келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы шегерiмге жатпайды.
§ 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 105-бап толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 105-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
105-бап. Тiркелген активтер
Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
106-бап. Тiркелген активтердің құны
1. Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.
2. Құрылтайшылар, қатысушылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
4. Құрылтайшылардың, қатысушылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) жасау жөніндегі шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 107-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен
107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:
1) жер;
2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
7) фильм қорына жататын объектiлер;
8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;
9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) тiркелген активтер жатады.
2. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында iшкi топтың құн балансына амортизацияның осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген нормаларын қолдану жолымен есептеледi.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.
3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша табыстарды және тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi есептеу мақсатындағы есепке алу әрбiр объект бойынша жеке жүргiзiледi және I топтың негiзгi құралының құны кiшi топтың құн балансына теңестiрiледi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 108-бап толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 108-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
108-бап. Амортизациялық топтар мен кiшi топтардың құн балансын анықтау
1. Әрбiр амортизациялық топ бойынша салық кезеңiнiң басында топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
I топтың құн балансы негiзгi құралдардың әрбiр объектiсi бойынша кiшi топтардың құн балансынан тұрады.
II, III, IV және V топтардың құн балансы кiшi топтардың әрбiр салық кезеңi бойынша жеке құн баланстарынан тұрады.
2. Салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы:
1) өткен салық кезеңдерiнде құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1 және 2-тармақтарына және 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнiң басындағы кiшi топтың құн балансы,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер;
2) салық кезеңi барысында құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
3. Өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтардың құн балансы ретiнде белгiленген, өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, кiшi топтардың құн баланстары 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген топтар бойынша бөлiнедi.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген, V топ құрамына қосылған кiшi топтардың құн баланстары 2006 жылы түскен тiркелген активтер болып танылады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген II, ІІІ және IV топтардың құн балансы тиiстi топтардың құн балансынан жеке есепке алынады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып қалуы
1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтер осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртiппен:
I топ бойынша - тиiстi кiшi топтың құн балансын құрайды;
II, ІІІ, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың түсiм болған салық кезеңіндегі құн балансына қосылады.
2. Шығып қалатын тіркелген активтер тиісті кіші топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе кіші топтардың тиісті салық кезеңдеріндегі құн балансын (ІІ, ІІІ, IV және V топтар бойынша):
өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде - өткізу құнына;
жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып, анықталатын құн бойынша, өзге жағдайларда баланстық құны бойынша;
өтеусіз беру кезінде - баланстық құны бойынша кемітеді.
3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 110-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 110-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)