2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге:
1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;
2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына;
3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.
Жоғарыда аталған триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында көрсетiлген әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға беруге жататын пайда түсіретін өнімдегі үлестің проценттік мәнін айқындау үшін әрбiр триггерден алынған нәтиже осы бапта көрсетiлген төменгi мәндермен салыстырылады.
4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.
Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi.
Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.
Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретiн өнiмдегі үлесін айқындау үшiн қажеттi төменгі мәндер:
R-Фактордың (кiрiс көрсеткiшiнiң) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнiмдегi үлесiнiң проценттік мәнi |
1,2-пен аз немесе соған тең 1,5-тен аз немесе соған тең | 70 процент 10 процент |
R-фактордың (табыс көрсеткішiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болса, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнiмдегі үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі = (70% - (2* (Х - 1,2)* 100 %), мұнда X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегі R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) ic жүзінде алынған мәні.
R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.
5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде (процентпен) айқындалады.
Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Таза ағымдағы құн = ДЧДП0 + ДЧДП1/(1 + СД1)1 + ДЧДП2/(1+СД2)2+...+ ДЧПn /(1+СДn)n;
ДЧДПn - есепті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;
СДn - есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);
n - есептi кезең.
Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула бойынша айқындалады:
ДЧДПn = (ДСКПn + ДСДППn) - (ДВЭРn + ДВРРОn + ДВРОn + СДНn + ДБКОn +ДПБn);
ДСКПn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi өнiмiнің нақты құны;
ДСДППn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда түсiретiн өнiм үлесiнің нақты құны;
ДВЭРn - есептi кезең iшiнде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының нақты құны;
ДВРРОn - есептi кезең iшiнде төленген, барлауға және бағалауға жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
ДВРОn - есептi кезең iшiнде төленген, игеруге жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
СДНn - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда есептiк кезең iшiнде төленген салықтардың және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң нақты құны;
ДБКОn - осындай есептi кезең iшiнде әрбiр жағдайда төленген коммерциялық табу бонусының нақты құны;
ДПБn - осы игеру учаскесiне жатқызылған және есептi кезеңде төленген қол қойылатын бонус бөлiгiнiң нақты құны.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажетті төменгi мәндер:
Рентабелділiктiң iшкi нормасының (РIН) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесінің проценттік мәнi |
12 проценттен кем немесе соған тең 20 проценттен кем немесе соған тең | 70 процент 10 процент |
Егер рентабельділiктiң iшкi нормасының (РIН) алынған мәнi он екi проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша есептеледi:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесi = (70% - 7,5 * (X-12%)), мұнда X - жобаның iске асырылуы кезеңiнде рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) iс жүзiнде алынған мәнi.
Рентабельділіктiң iшкi нормасының (РIН) мәнi үтірден кейiн екiншi белгiге дейінгi дәлдiкпен айқындалады.
6. Р-фактор (баға коэффициентi) есептi кезеңдегi өтемдiк өнiмнiң нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңдегi пайда түсiретiн өнiм үлесiнiң нақты құны сомасының есептi кезеңдегі мұнай өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi төменгi мәндер:
Р-фактордың (баға коэффициентiнің) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнің проценттiк мәнi |
1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең 1 баррель үшін 27 АҚШ долларынан астам немесе соған тең | 70 процент 10 процент |
Егер Р-факторының (баға коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнімдегі үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдегi үлесі = (70%-0,04*(X-12)*100%),
мұнда Х - жобаны iске асыру кезеңiнде Р-фактордың (баға коэффициентiнің) нақты алынған мәнi.
Р-фактордың (баға коэффициентiнің) мәнi үтірден кейiнгi екiншi белгiге дейiнгi дәлдiкпен айқындалады.
7. Осы баптың мақсаттары үшiн "нақты" терминi жобаны iске асырудың есептi кезеңіндегі жағдай бойынша инфляцияның 1/12 орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген соманы бiлдiредi.
8. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шартты iске асыру жағдайлары нашарлаған кезде өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдi айқындаған кезде мұндай ең жоғары мәнге Р-фактор (баға коэффициентi) триггерi есебiнен қол жеткiзілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейiн тiркелген өзiнің ең жоғары мәнiнен төмендемеуге тиiс.
9. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 313-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
313-бап. Өтелетiн шығындар
1. Өтелетiн шығындар - осы Кодекстiң 313-1-бабында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар бағдарламасына және бюджеттерге сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған келісім-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде iс жүзiнде жұмсаған, негiзделген және құжатпен расталған шығындары.
2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар:
1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енгенге дейiн жұмсаған, оның iшiнде:
келісім-шарт жасасу алдындағы сатыда техникалық-экономикалық негiздемені дайындауға және әзiрлеуге арналған;
келісім-шарт бойынша алғашқы жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының шығындар сметасында көрсетілуге тиiс, келісім-шарт күшіне енгенге дейiн және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген бағалауға және барлауға арналған;
2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келісім-шарт күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс жүзінде жұмсалған шығындар енеді.
Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:
келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;
келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар (тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына азайтылады.
4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткізу мүмкiндiгi көзделетiн болса, онда осындай өткізуге байланысты шығындар және жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келісімге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының iс жүзіндегі шеккен шығындары өтелуге тиiс.
5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуге жатады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-1-баппен толықтырылды
313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы
Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:
1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу бойынша;
2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;
3) келісімде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген шығындарды арттыру бөлiгіндегі баптар бойынша;
4) қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден артық ластағаны үшiн ақы төлеу бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткізу пунктiне дейiн жеткізуге арналған шығындарды, тасымалдау кезіндегі шығындарды, өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi өткізуге байланысты;
6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;
7) жер қойнауын пайдаланушының келісім-шартта белгiленген өз мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады. Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттік органдар растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта бөлінуі мүмкiн:
қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және біліктілігiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келісім-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;
тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.
Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;
8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;
9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;
10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;
11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;
13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;
14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немесе коммерциялық табу бонустары;
17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
18) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алып тасталды (бұр. ред. қара)
19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-2-баппен толықтырылды
313-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу тәртібі
1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (немесе) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi - коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.
3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:
жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;
кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.
4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:
салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,
қосу
салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,
алу
салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.
6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 313-3-баппен толықтырылды
313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi
1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 313-4-баппен толықтырылды
313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу
1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептілік кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткізудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта айқындалады.
2. Өнiмдi өткізудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткізумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептілік кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептілік кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткізуден түскен табыстың есептілік кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.
3. Есептілік кезеңде өнiмдi өткізу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептілік кезеңдегi өнiмдi өткізудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткізудiң орташа бағасы ретiнде алынады.
4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 314-бап өзгертілді
314-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-1-баппен толықтырылды
314-1-бап. Салық кезеңi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-2-баппен толықтырылды
314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу мерзiмi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-3-баппен толықтырылды
314-3-бап. Салық декларациясы
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 49-1-тараумен толықтырылды
49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемi
314-4-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртібі
1. Салық кезеңіндегі мемлекет түсiмдерiнiң үлесi салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы алған өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi құнының салынған инвестицияларды қайтару сәтiне дейiн он процентiнен кем және одан кейiнгi кезеңдерде қырық процентiнен кем болған жағдайда осы бөлiмге сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тиiстi айырманы бюджетке төлейдi.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн мемлекет түсiмдерiнiң үлесi дегенiмiз өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн бiлдiретiн, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңi iшiнде орындаған салықтық мiндеттемелер, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
Мемлекет түсiмдерiнiң үлесiне қосылған құн салығы және жер қойнауын пайдаланушы соларға қатысты салық агентi ретiнде қатысатын салықтар кiрмейдi.
3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмдерде төлейдi.
314-6-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі салық кезеңi болып табылады.
314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.
314-8-бап. Салық декларациясы
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында безенген мерзiмде табыс етедi.
11-бөлім. Әлеуметтік салық
50-тарау. Жалпы ережелер
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Салық салу объектiсi
1. 315-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17) тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 23), 25)-29), 31)-34), 39) тармақшаларында белгiленген төлемдердi қоспағанда, өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер, сондай-ақ мыналар қосылмайды:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;