Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 363 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
«Өрт қауiпсiздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2005 жылғы 16 сәуірдегі
№ 363 қаулысымен
бекiлген
Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және
басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі министрлігі Өртке қарсы қызмет (бұдан әрi - ӨҚҚ) органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеру тәртібін белгiлейдi.
2. ӨҚҚ қызметіндегі немесе кадрларындағы адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:
қатардағы құрам:
iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi;
кіші басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi сержанты, iшкi қызметтің сержанты, iшкi қызметтің аға сержанты, iшкi қызметтің старшинасы, iшкi қызметтің прапорщигi, iшкi қызметтің аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
ішкі қызметтің кiшi лейтенанты, iшкi қызметтің лейтенанты, iшкi қызметтің аға лейтенанты, iшкi қызметтің капитаны;
аға басшы құрам:
iшкi қызметтің майоры, iшкi қызметтiң подполковнигі, iшкi қызметтің полковнигі;
жоғары басшы құрам:
iшкi қызметтiң генерал-майоры.
3. ӨҚҚ қызметiне, өзiнiң кәсiби дайындығы, денсаулығының жай-күйi, дене дамуы мен білім деңгейi бойынша оларға жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қабiлетті Қазақстан Республикасының 18-ден жас емес және 40-тан үлкен емес (қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына - 32 жастан үлкен емес) азаматтары қабылданады. Ерекше жағдайларда қажеттi білімi, кәсiби дайындығының деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктiлiк талаптарына сай адамдарға қатысты өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкiлетті орган басшысының шешiмiмен көрсетiлген жас мөлшерiн шектеу өзгертiледi.
Бұрын ӨҚҚ-дан босатылған және қайтадан қызметке қабылданған азаматтарға арналған жас мөлшерiн шектеу осы Ереженiң 11-тармағының талаптары негізге алына отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) жүйесiндегі оқу орнында оқуға орта білімi бар, 18 жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн.
Министрлiктiң жүйесіндегі оқу орнына қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi (бұдан әрi - Министр) белгiлейдi.
ӨҚҚ-ға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшiн iшкi iстер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссияларында медициналық куәландырудан өтедi.
4. Бұрын сотталған және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған адамдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан терiс дәлелдер бойынша босатылған адамдар өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылдана алмайды.
5. ӨҚҚ-ның қатардағы және басшы құрамындағы лауазымдарға адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындау жолымен орналастырылады.
Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарға кемiнде ортадан төмен емес білімi бар және мерзiмдi әскери қызмет өткерген азаматтар, сондай-ақ осы Ереженiң 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босатылған немесе өткеру мерзiмi кейiнге қалдырылған азаматтар қабылданады. Бұл ретте, олар әскери есептен шығады және қорғаныс iстерi жөнiндегі департаментке (басқармаға, бөлiмге) растаушы құжаттар тапсырған кезде ӨҚҚ-ға арнаулы есепке тұрады.
Орта басшы құрамдағы лауазымдарға арнаулы орта, жоғары білімi бар немесе жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқитын азаматтар (қызметкерлер тағайындалады) қабылданады.
Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы тиiс шақырылу жасындағы азаматтар тек жоғары білімi болған кезде ғана орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға қабылдануы мүмкiн. Көрсетiлген азаматтар әскери есептен шығады әрi олар орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға аттестаттаудан өткеннен кейiн олардың тұрғылықты жерi бойынша қорғаныс iстерi жөнiндегі департаментке (басқармаға, бөлiмге) растаушы құжаттар тапсырғаннан кейiн ӨҚҚ-ға арнаулы есепке тұрады.
Аға және жоғары басшы құрамдағы лауазымдарға жоғары білімi бар азаматтар (қызметкерлер тағайындалады) қабылданады.
6. ӨҚҚ қызметiне кандидаттарды iрiктеу тәртібі мен шарттарын Министр белгілейдi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар олардың мәртебесiн пайдалануға және оған негізделген беделдi жеке басының, топтық немесе өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы ықтимал iс-қимылдар жасалуын болдырмау мақсатында заңнамада белгіленген шектеулердi өздерiне қабылдайды. Осы шектеу жазбаша нысанда тiркеледi. Шектеудi қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға әкеп соғады.
7. ӨҚҚ-ға қызметке қабылдауды өртке қарсы қызметтiң тиiстi аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемесiнiң және оның облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы филиалдарының басшылары өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады әрi қызметкерлерге қол қойылып, жария етiлетiн бұйрықтармен ресiмделедi.
8. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе ӨҚҚ кадрларына есепке алынған әскери мiндетті адамдар Министрлiк жүйесiндегі өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, белгіленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және ӨҚҚ-ның арнаулы есебiнде тұрады.
9. Алғаш рет ӨҚҚ-ға қызметке кiрген адамдар мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет органдарының кәсiптiк мектептерi мен оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетілген оқу орындарында бастапқы дайындықтан өтудiң тәртібі мен шарттарын өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкiлетті органның басшысы белгілейдi.
10. Министрлiк жүйесiндегі оқу орындарына оқуға түсетiн адамдар, сондай-ақ Министрлiк қаражаты есебiнен ақысы төленетiн, уәкiлетті мемлекеттік органның жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң төтенше жағдайлар бағыты бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсетiн адамдар оқу орнында оқу мерзiмiне келісім-шарт жасасады. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және уәкілеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының) өзара мiндеттемелерi мен жауапкершiлiктерi белгіленедi. Келісім-шарт Министрлiк жүйесiндегі оқу орнына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн жасалады. Келісім-шарт нысанын, оны жасасу, өзгерту, мерзiмiн ұзарту, бұзу және тоқтату тәртібін Министр белгілейдi.
Министрлiк жүйесiндегі өрт-техникалық оқу орнын, өзге де мемлекеттердiң төтенше жағдайлар бағыты бойынша оқу орындарын бiтiрушiлер қызмет өткеру үшiн бөлiнiске сәйкес жiберiледi.
ӨҚҚ-ның қатардағы және басшы құрамындағы жоғары білімi бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Министрлiк жүйесiндегі оқу орнында екiншi жоғары өрт-техникалық білім алуы мүмкін.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Министрлiк жүйесiндегі оқу орнында, сондай-ақ басқа да жоғары және арнаулы орта оқу орындарында күндiзгі, сыртқы, кешкi факультеттерде (бөлiмшелерде) және қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарында (факультеттерiнде), оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де оқуы мүмкiн.
Оқуға жiберудi өртке қарсы қызметтің тиiсті аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемесiнiң және оның облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары басшыларының рұқсатымен осы біліктілiктегi мамандарға қажеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылады.
11. ӨҚҚ-ға қызметте қатардағы және кiшi басшы құрамның адамдары 45 жасқа дейiн болуы мүмкiн.
Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар ӨҚҚ-ға қызметте мынадай шекті жастарға дейiн болады:
iшкi қызметтiң кiшi лейтенанттарынан бастап
iшкi қызметтiң подполковниктерiне дейiн
қоса алғанда - 45 жас
iшкi қызметтiң полковниктерi - 50 жас
iшкi қызметтiң генерал-майоры - 55 жасқа дейiн.
Қажет болған кезде өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкiлетті орган басшысының шешiмiмен ӨҚҚ жекелеген қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмi ұзартылуы мүмкін.
Қызмет мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу кезiнде, әдетте ӨҚҚ қызметкерлерi олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшiн медициналық комиссияға жiберiледi.
Қызмет мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қатардағы және басшы құрамның адамдарын ӨҚҚ-дан «Өрт қауiпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңында (бұдан әрi - Заң) және осы Ережемен көзделген негіздер бойынша босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
12. Кәсiби дайындық деңгейi мен мамандығы бойынша дербес жұмыс стажына қарай қатардағы және басшы құрамның адамдарына Министр белгiлейтін тәртiппен сыныптық біліктiлiк берiлуi мүмкiн.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен әрi шарттармен қатардағы және басшы құрамның уақытша жоқ адамдарының мамандықтарын (лауазымдарын) немесе мiндеттерiн қоса атқаруға рұқсат етiледi.
14. Мыналар:
1) заңда белгіленген тәртiппен босату;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуы;
3) ӨҚҚ қызметкерiнiң заңда белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз жоғалған немесе iс-әрекет жасауға қабiлетсiз деп танылуы;
4) ӨҚҚ қызметкерiнiң қайтыс болуы;
5) оның лауазымына сыйыспайтын қызметпен айналысуы;
6) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуi немесе ақтауға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы ӨҚҚ-да қызметтi тоқтату үшiн негіз болып табылады.
15. Қатардағы және басшы құрам адамдарының соғыс кезiнде ӨҚҚ-да қызмет өткеруінің тәртібі заңнамада айқындалады.
16. ӨҚҚ қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгі Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ осы Ережеде белгiленедi.
17. Қатардағы және басшы құрамның адамдары Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен мәтін бойынша ант қабылдайды.
18. ӨҚҚ қызметкерлерiнiң ақшалай үлесi заңнамада белгіленген тәртiппен белгіленедi.
ӨҚҚ қызметкерлерi үлгілерi мен тиесілiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтiн нысандық және арнайы киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
19. ӨҚҚ қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
20. Қатардағы және басшы құрамның адамдарына, сондай-ақ ӨҚҚ-тың зейнеткерлерiне iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету тәртібі қолданылады.
Қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет орны немесе тұрып жатқан жерiнде iшкi iстер органдары жүйесiнiң медициналық ұйымдары болмаса немесе оларда тиiстi бөлiмшелер, қажетті мамандар не арнайы жабдық болмаса, сондай-ақ шұғыл жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсетiледi.
Қызметтiк борышын немесе қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде мертiккен немесе ауырған қатардағы және басшы құрамның адамдарына ақшалай төлемдер Заңға сәйкес жүргізiледi.
21. Қатардағы және басшы құрам адамдарының ӨҚҚ-дағы қызмет өткерген уақыты олардың жалпы және үздiксiз еңбек стажына есептеледi.
22. Қатардағы және басшы құрамның адамдары үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңнамаға сәйкес белгіленедi.
Қажет болған жағдайда қатардағы және басшы құрамның адамдары жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс уақытқа, сондай-ақ түнгi уақытқа, апта сайынғы демалыс күндерi және мереке күндерi қызметке тартылуы мүмкiн. Жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс уақытта және апта сайынғы демалыс күндерi мен мереке күндерi істеген жұмыс үшiн ақы төлеу заңнамаға сәйкес жүргізiледi.
23. ӨҚҚ-ғы, сондай-ақ оқу орнындағы (оқу бөлiмшелеріндегі) iшкi жұмыс тәртібін олардың басшылары белгiлейдi.
24. Қатардағы және басшы құрамның адамдарына партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да бiр саяси партияны қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және олардың өткiзiлгендерiне қатысуға, өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
Көрсетiлген нормаларды бұзғаны үшiн қатардағы және басшы құрам адамдары егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ӨҚҚ-дан босатуға дейiн тәртiптiк жауапкершілiкке тартылады.
25. Қатардағы және басшы құрам адамдары, сондай-ақ:
1) қызметтік тәртiптi бұзғаны, функционалдық мiндеттерiн орындамағаны үшiн - осы Ережеге сәйкес;
2) материалдық зиян тигiзгенi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық, қылмыс жасағаны үшiн - заңнамаға сәйкес материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершілiкке тартылады.
26. Қатардағы және басшы құрамның адамдары оларға жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде тек тiкелей және төте басшыларына бағынады.
Тікелей және төте басшылар бағынышты адамдарға қызметiнiң қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз етедi, оларға қызметте өсуi, білімi мен мәдениетiн көтеру, дене қабiлетін дамыту қоғамдық мiндеттерiн орындауы мен демалысы үшiн нақты мүмкiндiктер ұсынады.
27. ӨҚҚ-ның тiкелей бастықтары мен басқа да лауазымды адамдары осы Ереженiң талаптарының әрi қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруi мен кадрлармен жұмыс мәселелерi бойынша басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң дәл сақталуы үшiн дербес жауап бередi. Қатардағы және басшы құрам адамдарының бұзылған құқығы дереу қалпына келтiрiлуi тиiс, ал оның кінәсiнен осындай бұзушылық орын алған лауазымды адамдар, оның iшiнде заңнамада белгіленген жағдайларда - материалдық зиян да өтетiлiп, жауапкершілiкке тартылады.
28. Қызметiнен заңсыз босатылған немесе лауазымы мен атағы төмендетілген қатардағы және басшы құрамның адамдары бұрынғы немесе сонымен бiрдей лауазымы мен атағында қалпына келтiрiледi. Адамды қызметiне (лауазымына және атағына) қалпына келтiру оның өтiнiш берген күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктірмей жүргiзiледi. Заңсыз босатылуына байланысты мәжбүрлi жұмыстан қалу, лауазымы мен атағы төмендетiлу уақыты ӨҚҚ қызметiнiң стажына (күнтiзбелік есептеумен) және арнаулы атағында қызмет өткерген жылдары есептеледi. Мәжбүрлi жұмыстан қалған уақыты үшін материалдық зиян заңнамада белгiленген тәртiппен төленедi.
Tepгeу және анықтау органдарының қаулылары ақтайтын негіздер бойынша істің тоқтатылуы, заңды күшiне енген соттың ақтау үкімі, шешiмi не босатылуы, лауазымынан немесе атағынан төмендетiлуi туралы шешiм қабылдаған бастықтар не оларға тең әрi олардан да жоғары бастықтар қызметтік тексеру нәтижесi бойынша шығарған қорытынды ӨҚҚ қызметiнде лауазымына, арнаулы атағында қалпына келтiру үшiн негіз болып табылады.
29. Қатардағы және басшы құрамның адамдарына еңбек туралы заңнама Заңға қайшы келмейтiн мөлшерде қолданылады.
2. Арнаулы атақтар
30. Қатардағы және басшы құрамның арнаулы атақтары ӨҚҚ-ға қызметке (оқуға) қабылданған адамдарға жеке, реттiлiк тәртібімен біліктiлігі, білімi, қызмет өткерген жылдары мен штаттық лауазымы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескерiле отырып, берiледi.
Арнаулы атақтар беру реттілігіне қарай бастапқы және кезекті болып бөлiнедi. Бұл ретте iшкi қызметтiң арнаулы атағын беру атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атаққа сәйкес келуi тиiс.
Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (бастапқы және кезекті) оларға қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар бередi.
Орта және аға басшы құрамдағы бастапқы арнаулы атақтарды берудi әрi ӨҚҚ кадрларына есепке алуды Министр жүргiзедi.
31. Басшылық құрамының кезектi арнаулы атақтары осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген әрi арнаулы атаққа қызмет өткерудiң белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн реттілiк тәртібімен кезектi арнаулы атағы сәйкес болған кезде берiледi.
Бағынышты адамды кезектi арнаулы атаққа ұсынуды негізсiз кешiктiрген ӨҚҚ бастығы тәртiптік ретпен жауапкершiлiкке тартылады.
Кезектi арнаулы атақтар берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгілеуге тыйым салынады.
Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарда қызмет өткеруiнiң мынадай мерзiмдерi белгіленедi:
iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi атағында - 3 ай;
iшкi қызметтiң кiшi сержанты атағында - 1 жыл;
iшкi қызметтiң сержанты атағында - 2 жыл;
iшкі қызметтiң аға сержанты атағында - 3 жыл;
iшкi қызметтiң прапорщигі атағында - 5 жыл.
Iшкi қызметтің старшинасы, iшкi қызметтің аға прапорщигi атақтарында қызмет өткеру мерзiмдерi белгiленбейдi.
32. Орта және аға құрамның арнаулы атақтарда қызмет өткеруiнiң мынадай мерзiмдерi белгіленедi:
iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты атағында - 1 жыл;
iшкi қызметтiң лейтенанты атағында - 2 жыл;
iшкi қызметтiң аға лейтенанты атағында - 3 жыл;
iшкi қызметтiң капитаны атағында - 3 жыл;
iшкi қызметтiң майоры атағында - 4 жыл;
iшкi қызметтің подполковнигi атағында - 5 жыл.
Iшкi қызметтің лейтенанты бастапқы арнаулы атағы Министрлiк жүйесiндегі жоғары оқу орнын, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн берiлген және оқу орнында алған немесе оған ұқсас мамандық бойынша ӨҚҚ-да қызмет өткерушi қызметкерлер үшiн iшкi қызметтің лейтенанты атағында қызмет өткеру мерзiмі 1 жыл болып белгіленедi.
Iшкi қызметтiң полковнигi атағына, сондай-ақ жоғары басшы құрамдағы атақтарға қызмет өткеру мерзiмдерi белгіленбейдi.
33. Iшкi қызметтің ішкi лейтенанты бастапқы арнаулы атақтары:
Министр бекіткен бағдарлама бойынша ӨҚҚ-ның арнаулы курстарын, басқа да министрліктер мен ведомстволардың арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдардағы қызметкерлерге;
жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарының соңғы курстарында оқитын, сондай-ақ аяқталмаған жоғары білімi бар (үшiншi курстан төмен емес) және орта басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған қатардағы немесе кiшi басшы құрамдағы лауазымдардағы қызметкерлерге;
басқа да министрліктер мен ведомстволардың арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған азаматтарға берiледі.
34. Iшкi қызметтің лейтенанты арнаулы атақтары:
iшкi қызметтің кiшi лейтенанттарына осы Ережеде белгіленген арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi аяқталғаннан кейiн, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге - осы атақтағы қызмет өткеру мерзiмiне қарамастан;
қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтары бар, Министрлiк жүйесіндегі жоғары оқу орнын бiтiрген және орта басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге;
күндiзгі оқу нысанындағы Министрлiк жүйесiндегі жоғары арнаулы оқу орнын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң жоғары немесе орта оқу орнын бітірген қызметкерлерге;
жоғары білімі бар әрi орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған адамдарға берiледi.
35. Орта және аға басшы құрамдағы кезектi арнаулы атақтарды:
iшкi қызметтің майорына дейiн қоса алғанда, - аумақтық органдар мен мемлекеттік мекеменiң және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдарының бастықтары;
iшкi қызметтің полковнигiне дейiн қоса алғанда, Министр бередi.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Қазақстан Республикасының Президенті Министрдiң ұсынуы бойынша бередi.
36. Бiр қызметтен (бөлiмшеден) жеке құрамы үшiн өзге де арнаулы атақтар белгіленген басқа қызметке (бөлiмшеге) ауысқан қызметкерлерге осы Ереженiң 31-тармағында көзделген тәртiппен осындай атақтар берiледi. Бұл ретте жаңа арнаулы атақ қызметкерде бар арнаулы атақтан төмен болмауы тиiс.
37. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған азаматқа ал ӨҚҚ құрамындағы басшы құрамдағы лауазымға тағайындалғаннан кейiн, оның әскери атағына сәйкес арнаулы атақ берiледi.
Запастағы офицерлер орта, аға және жоғары басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған кезде, егер лауазымға тағайындалған күнi олар әскери қызмет өткepу әрі олар запаста болу кезеңiнде әскери атақтар берудiң белгiленген мерзiмдерiн өткерсе, оларға бастапқы арнаулы атақ олардың әскери атағынан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн.
Запаста неғұрлым жоғары офицерлiк атақтары болған адамдарды қоспағанда, аға басшы құрамдағы лауазымдарға қабылданған запастағы офицерлерге iшкi қызметтiң майоры атағынан жоғары атақ берiле алмайды.
38. Басшы құрамдағы кезектi арнаулы атақ (iшкi қызметтің полковнигіне дейiнгiнi қоса алғанда) қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн көтермелеу тәртібімен бұрынғы атағындағы қызмет өткерудiң белгіленген мерзiмi аяқталғанға дейiн мерзiмiнен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкін.
Арнаулы атақтар арнаулы атақтағы белгіленген қызмет өткеру мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн ғана мерзiмiнен бұрын берiледi.
Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезекті арнаулы атақ мынадай жағдайларда:
ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар, бұл ретте оқу орнындағы атқаратын штаттық лауазымдағы басшы құрамдағы арнаулы атақтағы адамдарға белгіленген қызмет өткеру мерзiмi аяқталғаннан кейiн;
алдыңғы арнаулы атағындағы белгіленген қызмет өткеру мерзiмiнiң кемiнде екеуi өткеннен кейiн - басшы құрамдағы басқа да санаттарға берiледi.
Арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын не атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезекті арнаулы атақ беру ӨҚҚ қызметіндегi бүкiл кезең үшiн бiр мәрте жүргізiледi.
Бұл ретте кiшi басшы құрамдағы арнаулы атақтарды оларға кiшi басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген бастықтарға, ал орта және аға басшы құрамдағыларға - Министр бередi.
39. Арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi осы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күнiнен бастап есептеледi.
Арнаулы атақ беру заңсыз кешіктiрiлген кезде арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi алдыңғы арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi аяқталған сәттен бастап есептеледi.
Орта басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған қатардағы және кiшi басшы құрамдағы атақтары бар қызметкерлер болған атағында қызмет өткеру мерзiмiне қарамастан орта басшы құрамдағы арнаулы атақ беруге ұсынылады.
40. Тиiстi ӨҚҚ қарамағындағы немесе тәртiптiк жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тәртiпті бұзуы фактiлерi бойынша қызметтік тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметкерлердi, тиiсiнше лауазымға тағайындауға дейiн, тәртiптiк жаза алып тасталғанға дейiн, ақтау негіздерi бойынша қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн немесе қызметтік тексеру аяқталғанға дейiн кезектi арнаулы атақтарға ұсыну жүргізiлмейдi.
Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы немесе ақтау негіздерi бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм шығарылған жағдайда қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға оны беру мерзiмi басталған сәттен бастап кезектi арнаулы атақтың штаттық лауазым бойынша атаққа сәйкес келуiне қарай беріледi.
41. Қызметкерлер соттың заңды күшiне енген айыптау үкімі бойынша арнаулы атақтардан айрылуы мүмкiн: