73. Мiндеттерiн үлгiлi орындағаны және қызметте қол жеткiзген оң нәтижелерi үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкiн:
алғыс жариялау;
бөлiмшенiң кеңiнен өрiстетiлiп жайылған туы жанында түсiрiлген жеке суретiмен марапаттау;
бағалы сыйлықпен марапаттау;
грамотамен марапаттау;
Министрдiң Құрмет грамотасымен марапаттау;
Құрмет кiтабына және құрмет тақтасына жазылады;
өңiрге тағылатын белгiмен марапаттау;
кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;
атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бiр саты жоғары арнаулы атақ беру;
көтермелеу ретiнде қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкiн.
74. Қызметтік борышын орындау кезiнде көрсеткен ерлігі мен ержүректігі, жанқиярлығы және басқа да мемлекет алдында сiңiрген еңбегі үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылуы мүмкiн.
75. Жасаған терiс қылығы мен кiнәсi дәрежесiнiң ауырлығына қарай қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
толық емес қызметтік сәйкес келмеуi туралы ескерту;
лауазымын төмендету;
арнаулы атағын бiр саты төмендету;
ӨҚҚ-дан босату.
Өңiрге тағылатын белгімен марапатталған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өңiрлiк белгiсiнен айыру түрiнде тәртiптiк жазаға тартылуы мүмкiн.
76. Бастықтар оларға берiлген құқықтар шегінде көтермелеу және тәртiптiк жаза шараларын қолданады. Бастықтар лауазымдары мен олардың құқықтарының тiзбелерiн, сондай-ақ көтермелеу және тәртiптiк жаза шараларын қолдану тәртібін Министр белгілейдi.
77. Қызметкер ауырған кезде не ол демалыста болған кезеңде, сондай-ақ терiс қылық жасалған күнiнен бастап алты айдан кеш уақытта тәртiптiк жаза қолдануға болмайды. Қылмыстық iс бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу, тексеру жүргізу немесе қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру жүргізу уақыты көрсетiлген мерзiмге енгiзiлмейдi.
Шара қолдану алдында қатардағы және басшы құрамдағы құрамның атынан жазбаша түсiнiктеме алынуы тиiс.
Командир (бастық) бағынышты адамға тәртiптiк жаза қолдану туралы шешiм қабылдауының алдында қызметтік тексеру жүргізiлуi тиiс. Ол терiс қылық жасалуына кінәлi адамдарды, әсер еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жүргізiледi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамның демалыста болуы уақытын есептемегенде, терiс қылық анықталған немесе қызметтiк iс бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізу, тексеру жүргізу немесе қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жүргізу аяқталған күнiнен бастап бiр айдан кешіктiрмей жаза қолданылады.
78. Егер ол өзiне берiлген құқықтардан асыра сiлтемесе, аға бастық кiшi бастық қолданған тәртіптiк жазаны жеңiлдете немесе оның күшiн жоя алмайды. Алайда, ол егер жаза жасалған терiс қылықтың ауырлығына сай келмесе, төмен тұрған бастық қолданған тәртiптік жазаның күшiн жоюы және неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкін.
79. Егер осы кезеңде оған жаңа тәртiптiк жаза қолданылмаса, ол қолданылған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қатардағы және басшы құрамдағы адамға қолданылған тәртiптiк жаза алынып тасталды деп саналады. Тәртiптiк жаза тiкелей бастықтың ұсынуы бойынша мерзiмiнен бұрын алынуы мүмкін.
80. Арнаулы атақты (лауазымды) төмендету түрiнде тәртiптiк жаза қолданылған жағдайда арнаулы атақ (лауазым) төмендетiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн бұрынғы арнаулы атақ (лауазым) қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Арнаулы атағынан төмендетiлген басшы құрамдағы адамдар тәртiптік жаза алынуымен бiр мезгілде бұрынғы арнаулы атағындағы лауазымына қарамастан қалпына келтiрiледi.
81. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар оларға қатысты қабылданған шешiмдер мен iс-қимылдарға жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағым беруге құқылы.
ӨҚҚ қызметiнiң ерекшелігіне байланысты тәртiптiк практика ережелерiн iске асырудың жекелеген мәселелерi Министр белгiлеген тәртiппен регламенттеледi.
7. Қызметтен босату
82. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босату:
1) егер босатылатын адамдар «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шекті жасқа жетпесе, запасқа (әскери есепке қойып) шығару, тиiсті әскери атақтары бар және денсаулығының жай-күйi бойынша әскери қызметке жарамды адамдарды запасқа қою;
2) егер босатылатын адамдар «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектi жасқа жетсе, әскери есептен шығарып, запасқа қою, тиiстi әскери атақтары бар немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулығының жай-күйi бойынша әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдарды запасқа қою жағдайларында жүргiзiледi.
83. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мынадай жағдайларда:
1) зейнетке шығуға құқық беретiн қызмет өткеру жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) осы ереженiң 11-тармағында белгіленген қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулығының жай-күйi бойынша - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қызметке жарамсыздық немесе iшiнара жарамсыздық туралы қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
4) штаттың қысқартылуына байланысты;
5) келісім-шарттың бұзылуына байланысты;
6) өз еркi бойынша;
7) сынау мерзiмi iшінде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
8) қызметтік тәртiпті ұдайы бұзғаны үшiн;
9) аттестаттау тәртібінде белгіленген қызметтiк сәйкес келмеуi бойынша;
10) беделiне кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
11) заңды күшiне енген соттың айыптау үкімі шығарылуына байланысты запасқа (әскери есепке қойып) қызметтен босатылады.
84. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мынадай жағдайларда:
1) жасы бойынша - «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектi жасқа жетсе, тиiсті әскери атақтары бар адамдарды запасқа қою үшiн;
2) ауруы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қызметке жарамсыздық туралы қорытындысы негізiнде әскери есептен шығарылып, қызметтен босатылады.
85. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты ӨҚҚ-дан босатылады.
86. Осы Ереженiң 83-тармағының 10) тармақшасына сәйкес беделiне кiр келтiретiн терiс қылық жасаған, оның iшiнде қызметтік мiндеттер атқарумен байланысты емес, бiрақ азаматтардың көз алдында мемлекеттік қызметтiң қадiр-қасиеті мен беделiн көпе-көрiнеу түсiретiн, бiрақ қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқпайтын, атап айтқанда: қасақана құқық бұзушылықтар; мас күйдегі, нашақорлық мас күйіндегі; қызметтік тергеу жүргізу кезiнде жалған ақпарат берген; қызмет өткеруге кедергі келтiретiн өмiрбаяндық және өзге де нақты сипаттағы деректердi қызметкердiң жасыруы не бермеуi; пайдакүнемдiк мақсатта қызмет бабын пайдалануы; оқу орындарының қызметкерлерiмен, курсанттарымен және тыңдаушыларымен жарғыдан тыс қатынастар жасауға жол беруi, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын бұзғаны үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен босатылады.
87. Зейнетке шығуға құқық беретiн, қызмет өткерген жылдары бойынша (қызмет мерзiмi) қызметтен босатылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар олар қабылдаған шешiм туралы жоспарланған қызметтен босату күнiнен бiр айдан кешiктiрмей ӨҚҚ-ғы тікелей бастығын өз еркiмен ескертiп, бұл туралы пәрмен бойынша рапорт бередi.
Осы ереженiң 83-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен босатылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен босауға дейiн бiр ай бұрын бұл туралы хабардар eтeдi.
88. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуды оларға осы құқықты Министр берген бастықтар жүргізедi.
Ерекше жағдайларда босату құқығы бар орган басшысының шешiмi бойынша, егер қызметкерлер ӨҚҚ-дан босату күнi туралы белгіленген тәртiппен ескертiлмесе, лауазымдағы адамдарға iстердi тапсыруға 20 күнге дейiн және қарамағындағы адамдарға 5 күнге дейiн уақыт берiледi. Босату туралы ӨҚҚ-дан бұйрық алу күнiне емделiп жатқан, белгіленген тәртiппен алдағы уақытта босатылатыны туралы ескерту алған қызметкерлерге қызмет орнына оралған күнi бойынша қоса алғанда, бiрақ ӨҚҚ-дан босату туралы бұйрық алған күнiнен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде, ал кезекті демалыстағыларға - демалыс аяқталған күнiн қоса алғанда, ақшалай үлес төленедi.
Бiржолғы немесе жұмыстан шығу жәрдемақысының берiлген сомасы туралы қаржы органы берiлген жәрдемақының сомасы туралы қызметтік тiзiмiнде белгі соғу үшiн қызметкердiң жеке iсi орналасқан жердегi кадрлар аппаратына хабарлайды.
89. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды әскери есепке қойып және әскери есептен шығарып босатуды:
1) iшкi қызметтiң подполковнигіне дейiн қоса алғанда, - өртке қарсы қызметтің аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемесiнiң және оның облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы филиалдарының бастықтары;
2) iшкi қызметтің полковнигіне дейiн қоса алғанда, сондай-ақ жоғары басшы құрамның адамдарын - Министр жүргізедi.
90. ӨҚҚ-дан босатылған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз жоғалған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Министр белгiлейтiн тәртiппен ӨҚҚ жеке құрамының тiзiмдерiнен шығарылады.
91. ӨҚҚ-дан босағаннан кейiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар заңнамаға сәйкес белгiленген тәртiппен әскери комиссариаттарда әскери есепке тұрады.
8. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың
жекелеген санаттарының қызмет өткеру
ерекшелiктерi
92. Қазақстан Республикасының депутаттары болып сайланған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар ӨҚҚ қызметiнен босатылады. Олар депутаттық өкiлеттігiнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiн белгіленген тәртiппен ӨҚҚ-ға қызметке қайтадан қабылдануы мүмкiн.
93. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінде, Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдарында, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінде (қаржы полициясы), сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң осындай құрылымдары мен құқық қорғау органдарында одан әрi қызмет өткеру үшiн (халықаралық шарттар негізiнде) жазбаша өтiнiш негізiнде ӨҚҚ қызметкерлерi Министрдiң бұйрығымен ӨҚҚ-ның кадрларынан шығарылып, iссапарға жiберiлуi мүмкiн. Iссапарға жiберу жеке тәртiппен тиiстi мемлекеттік органдармен келісім бойынша ӨҚҚ қызметкерiнiң рапорты бойынша жүргізiледi.
Көрсетiлген ведомстволардың қызметкерлерi ӨҚҚ-ға қызметке ауыстырылған кезде олар қатардағы және басшы құрамдағы тиiстi лауазымдарға тағайындалғаннан кейiн, оларда бар әскери және арнаулы атақтар ӨҚҚ қызметкерлерiнiң арнаулы атақтарына теңестiрiледi, оларға әскери және арнаулы атақтар берiлуi көзделетiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты ескерiле отырып, оларға ӨҚҚ-дағы қызмет өткерген жылдары есептеледi.