5.2.1. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн және олар мекендейтiн жерлердi қорғау бойынша
Қазiргi кезде қорықтар мен ұлттық табиғи парктердiң аумағында сирек кездесетiн тұяқты жануарлардың 9 түрiнен тянь-шань арқары, қазақстан арқары, үстiрт арқары, қарақұйрық, тоғай кермаралы, түрiкмен құланы кездеседi. Алайда ЕҚТА-лар аумағы негізiнен барлық биотоптарды (төлдеу, қыстау, жазда жайылып жүру орындары) қамтымайтын және жануарлар түрлерi көпшiлiгiнiң ЕҚТА-ларға баруы уақытша сипатта болғандықтан, қорықтар мен ұлттық парктердiң өзi бағалы жануарларды сақтауды қамтамасыз ете алмайды.
Тұяқты жануарлардың сирек кездесетiн үш түрi (қызылқұм арқары, алтай арқары, қаратау арқары) қазiргi ерекше қорғалатын аумақтарда мүлдем кездеспейдi. Дегенмен осы немесе басқа түрiн жоғалтып алмау үшiн тiкелей жануардың өзiн ғана емес, оның мекендеу ортасын да қорғау қажет. Осыған байланысты сирек кездесетiн тұяқты жануарлар мекендейтiн таралу аймағының негiзгi бөлiгiн ЕҚТА-лар құрамына енгiзе отырып, қазiргi ЕҚТА-лардың алқабын кеңейту туралы және жаңа ЕҚТА-лар құру туралы мәселе бой көтеріп отыр, атап айтқанда:
1) Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының құрамына тянь-шань арқарының мекендеуiне жарамды қосымша аумақтарды енгiзе отырып, оның алқабын кеңейту;
2) үстiрт арқарының таралу аймағын енгізу есебiнен Үстiрт мемлекеттік табиғи қорығының алқабын кеңейту;
3) Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының құрамына алтай арқарының таралу аймағының Күршiм жоталарының оңтүстiк сiлемдерiн енгізу есебiнен оның алқабын кеңейту;
4) құланның мекендеуiне жарамды қосымша аумақтарды енгізу есебiнен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының алқабын кеңейту;
5) қазақстан арқарының мекендеуiне жарамды қосымша аумақтарды енгізу есебiнен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркiнiң алқабын кеңейту;
6) қазақстан арқарының мекендеуiне жарамды қосымша аумақтарды енгізу есебiнен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркiнiң алқабын кеңейту;
7) киiктердi, құландарды және қарақұйрықтарды сақтау үшiн республикалық маңызы бар Аңдысай мемлекеттік қаумалының аумағына Жамбылтауды енгiзiп, оның алқабын кеңейту қажет.
5.2.2. Киiктердi және олар мекендейтiн жерлердi күзету жөнiнде
Тiптi ыдыраңқы топтардың шоғырлану аудандарында болсын, осы заманғы жағдайларда ЕҚТА құру проблемасын салалық бағдарламаны iске асырудың бірiншi жылында шешу қажет. Тұрақты (кордондар) күзет қызметiмен қамтамасыз етiлген ЕҚТА ұйымдастырған жөн болады. Сонымен қатар күзетiлетiн аумақтар киiктердiң төлдейтiн, қыстайтын орындарындағы және негізгі жылыстау жолдарындағы жерлердiң барынша көп мөлшерiн қамтуы тиiстiгiн ескере отырып, оның таралу аймағы шегiнде әрбір таралым үшiн мәртебесi және қорғау режимi әртүрлi ерекше қорғалатын аумақтар желісі құрылуы тиiс.
Киiктердiң төлдеу және қоректендiру кезеңi ерекше осал мезгiл болып табылады, сондықтан жаппай лақтау орындарын жыл сайын күшейтiлген күзет режимi бар (вахталық әдiспен) қорық аймақтары деп жариялау керек. Бұл орындар тұрақты емес, бірақ олар неғұрлым жиi былай орналасқан:
бетпақдала таралымы - Бетпақдаланың Қаражал мен Жезқазған қалаларының аралығындағы солтүстiк бөлiгiнде, Сарысу өзенiнiң бойында, Жыланшық пен Торғай өзендерiнiң аралығында;
үстiрт таралымы - Тассай, Оймауыт, Доңызтау, Сам, Қосбұлақсор, Желтау, Шағырай, Тереңқұдық жерлерiнде, Ембi өзенiнiң бойында;
жайық таралымы - Хәкiмөр көлiнiң, Азғыр, Сүйiндiк, Балқұдық кенттерiнiң, Қамыссамар көлiнiң, Тас кентiнiң маңында, Индер мен Қисыққамыс кенттерiнiң арасында.
Бұл орындарда 1 мамырдан бастап 15 маусымға дейiнгi мерзiмде мал жаю, шөп шабу, автокөлiк қозғалысы сияқты шаруашылық қызметiнiң шектелуi, қаңғыбас иттердi, мүмкiндiгiнше қасқырларды аулау жүргiзiлуi тиiс. Негiзгi қыстау аудандарында, негiзгі жылыстау жолдарында және киiктердiң кез-келген жаппай шоғырлану орындарында - өзендер, темір жолдар маңында және басқа жерлерде күзету дәл осындай үлгi бойынша ұйымдастырылуға тиiс.
Сондай-ақ киiктердi сақтау үшiн республикалық маңызы бар:
1) Батыс Қазақстан облысында - Жалтыркөл;
2) Ақтөбе облысында - Ырғыз-Торғай;
3) Қызылорда облысында - Бетпақдала мемлекеттік қорық аймақтарын құру қажет.
5.3. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi есепке алу және олардың таралымдарының мониторингi
Жануарлар таралымдарының жай-күйiн бағалау және тиiмдi басқару үшiн олардың негiзгi өлшемдерi бойынша, сондай-ақ мониторинг негiзiнде мекендеу ортасы бойынша сенiмдi ақпарат қажет.
Мониторинг мынадай iс-шараларды қамтиды:
1. Ғылыми-негізделген әдiстемелер бойынша авиация немесе автокөлiктi қолдана отырып, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң санына есеп жүргiзу.
2. Жануарлардың өсiмiн молайтуы барысына және физиологиялық жай-күйiне бақылау жасау. Iс-шара өзектi өлшемдердi - өсiмталдығын, өлiм-жiтiмiн, өсiмiн айқындауды қамтиды. Лақтардың ойдағыдай өсiп-ширауы және өсiм көлемi табындардағы төлдердi (100 ұрғашыға шаққанда жас дарақтардың саны) есепке алу жолымен жаздың аяғында - күздiң басында айқындалады.
3. Таралым құрылымын айқындау. Жануарлардың жынысы мен жасын айқындау жекелеген табындарда есеп жүргiзу кезiнде (мүмкiндiгiнше), сондай-ақ бір мезгiлде өсiмнiң көлемiн айқындай отырып, жаздың аяғында - күздiң басында көзбен санау жолымен жүргiзiледi.
4. Мекендеу ортасының жай-күйiн бақылау. Iс-шара қар қалыңдығының жай-күйi, жауын-шашын, өсiмдiктер, сирек кездесетiн тұяқты жануарлардың үй жануарларымен байланысы кезіндегі эпизоотологиялық қауiптiң деңгейi туралы, яғни тұяқты жануарлардың таралымын шектейтiн табиғи орта факторлары туралы ақпаратты жыл сайын жинап, өңдеп отыруды қамтиды.
Таралымның ұдайы азып-тозуы және сирек кездесетiн тұяқты жануарлар санының күрт азаюы жағдайларында ресурстарды игерудiң жаңа нысаны - сирек кездесетiн тұяқты жануарларды кейiннен табиғи ортаға жiбере отырып, оларды арнайы фермаларда (ранчоларда) қолда өсiру назар аударуға лайық.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн және киiктердi арнайы фермаларда (ранчоларда) өсiру дүние жүзiнiң көптеген елдерiнде ойдағыдай қолданылады және сирек кездесетiн тұяқты жануарлардың (бұғы, қарақұйрық, құлан, үстiрт арқары) көпшiлiгi олардың қолға үйрену қабiлетiн, сондай-ақ өнiмнiң жоғары коммерциялық құнын ескерсек, осы тұрғыдан алғанда перспективалы түрлер болып табылады. Мұндай фермаларда жануарлардың резервтiк басын құрып, оларды табиғатқа шығару таралымды қалпына келтiру шарасы ретiнде де пайдаланылуы мүмкiн. Топталым мониторингiн жүзеге асыру үшiн арнайы бағдарламаны әзiрлеу қажет. Сирек кездесетiн тұяқты жануарларды өсiру технологиясын, сондай-ақ осы iс-шараны жүзеге асыру үшiн тиiстi нормативтiк-құқықтық база жасау қажет.
5.4. Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстанның 2000 жылы СИТЕС Конвенциясына қосылғанынан кейiн бiздiң мемлекетте Конвенцияға басқа қатысушылармен бірге жануарлардың сирек кездесетiн және жойылатын түрлерiнiң, оның iшiнде тұяқтылар мен киiктердiң өнiмiмен сауданы реттеу және бақылау мүмкiндiгi туды. Бірiншi кезектегі шаралардың iшiнде елден тұяқты жануарлардың сирек кездесетiн және жойылатын түрлерi мен киiктердi заңсыз өндiрiлген бөлiктерi мен дериваттарын контрабандалық әкетудiң арналарын жабу мақсатымен кедендiк және шекаралық бақылау күшейтiлуi тиiс.
Сонымен бірге, таралу аймағы көршiлес мемлекеттердiң аумағына республика шегiнен шығатын тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылатын түрлерiн бірлесе қорғауды ұйымдастыру мемлекетаралық деңгейде шешудi талап ететiн проблема болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгізiлген тұяқтылардың 9 түрлерi мен кiшi түрлерiнен Қазақстанның эндемиктерi болып арқардың қаратау және қазақстандық кiшi түрлерi табылады. Тянь-Шань арқарының таралу аймағы Қырғызстан мен Қытайдың аумағына шығады; қызылқұм арқарының негiзгi таралу аймағы Өзбекстанда орналасқан; алтай арқары Ресейдiң, Монғолияның және Қытайдың аумағын мекендейдi; үстiрт арқарының таралу аймағы Түркiменстанға таралады; қарақұйрық қазақстан аумағынан Түркiменстан мен Өзбекстанға ауысады; тоғай кермаралының таралу аймағы Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжiкстан аумағында орналасқан; түрiкмен құланы Түркiменстан мен Өзбекстанның аумағына Қазақстаннан кiредi.
Қазақстанның киiктердiң жайық (едiл-жайық) таралымын Ресей Федерациясымен және үстiрт таралымын Өзбекстан Республикасымен және Түрiкменстанмен бірлесiп қорғауды ұйымдастыру мемлекетаралық деңгейде шешудi талап ететiн проблема болып табылады. Осы мәселе бойынша киiктердiң таралу аймағының көршілес мемлекеттерiмен үкіметаралық келісімдер жасасу қажет.
Сондай-ақ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының қатысуымен тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн және киіктер таралымдарын қорғаудың, қалпына келтiрудiң және тұрақты түрде дамытудың нормативтiк-құқықтық және экономикалық базасын жақсарту жөнiндегі жұмысты жандандыра түсу қажет.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн және киiктер таралымдарын сақтау жөнінде бiздiң мемлекетiмiз қолданып жатқан шаралардың тиiмділiгін арттыру мақсатында Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Бонн Конвенциясын бекіту және жоғарыда көрсетiлген барлық мемлекеттермен үкіметаралық келiсімдер жасасу қажет.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау экономикалық тұрғыдан негізделген нормативтер бойынша республикалық бюджеттiң және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты болжамды қаржы шығындары үш жыл iшiнде - 844551000,0 теңге болады,
соның iшінде:
1) республикалық бюджет:
2005 ж. - 175274000,0 теңге;
2006 ж. - 184038000,0 теңге;
2007 ж. - 193239000,0 теңге
2) жергiлiктi бюджет:
2006 ж. - 60000000,0 теңге
2007 ж. - 46500000,0 теңге
3) табиғат пайдаланушылармен қол қойылған келісім шеңберiнде:
2005 ж. - 51000000,0 теңге;
2006 ж. - 62000000,0 теңге;
2007 ж. - 72500000,0 теңге.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердi сақтау мен қалпына келтiрудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру:
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi қорғау, өсiмін молайту және пайдалану саласындағы жағдайды қалпына келтiруге және кейiннен оларды қорғау тиiмдiлiгін арттыру үшiн негіз қалауға;
2006 жылы осы заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктер санының азайып кетуiне жол бермейтін, оларды сақтауды және қалпына келтiрудi қамтамасыз ете алатын Республикалық мемлекеттік жануарлар қорғау жөніндегі мекеме құруға;
2006 - 2007 жылдары тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктер таралымдарының санын, жас және жыныс құрылымын айқындауға;
2007 жылы тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi қолда ұстау жағдайында өсiру орталығын (фермасын) құруға;
2006 - 2007 жылдары тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер мекендейтiн, өсiмiн молайтатын, қыстайтын аймақтарда және негізгi қоныс аудару жолдарында оларды қорғау мәртебесi мен режимi әртүрлi жаңа ЕҚТА-лар ұйымдастыруға және қазiргiлерiн қайта ұйымдастыруға;
2006 - 2007 жылдары тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктер санын көбейту, оларды қорғау тиiмділігiн арттыру және ұтымды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
Бұл орайда тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi санының тұрақтануы және киiктердiң таралу аймағы көлемiнде олардың таралымының жыл сайынғы өсiмiнiң биологиялық тұрғыдан негізделген 10% өлшемi бағдарламаны iске асырудың барлық жылы үшiн сан мөлшерін сипаттайтын неғұрлым тұрақты өлшем болып қала бермек.
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
p/c № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орын- дау (iске асыру) үшін жауап- тылар | Орындау (iске асыру) мерзiмi | Болжамды шығын- дар, мың теңге | Қаржы- ландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң санын тұрақтандыру жөніндегі шаралар |
1 | Киiктердi күзе- тудi жүзеге асыру және киiктердiң таралу аймағын- да қасқырлар санын реттеп отыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ | Ақпан, 2006 ж. | 90000,0 - 2005 ж. | Респуб- ликалық бюджет |
2 | Киiктер таралы- мын және респуб- ликалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақта- рын күзету үшiн ұшу аппараттарын сатып алу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ | Ақпан, 2006 ж. | 20000,0 - 2005 ж. | Табиғат пайдала- нушы- лармен қол қойылған Келісім шеңбе- рiнде |
3 | Ұшу аппаратта- рына қызмет көрсетудi және олардың жұмыс iстеуiн қамта- масыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ | Ақпан, 2006 ж. Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. | 30000,0 - 2005 ж. 35000,0 - 2006 ж. 40000,0 - 2007 ж. | Табиғат пайда- ланушы- лармен қол қойылған Келісім шеңбе- рiнде |
4 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерi есебiн және бақылауын (мониторинг) ұйымдастыру. Таралымдардың жай-күйін тұрақты түрде жедел бағалап отыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2006 ж. Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. | 25500,0 - 2005 ж. 20000,0* - 2006 ж. 20000,0* - 2007 ж. | Респуб- ликалық бюджет |
5 | Киiктердiң жыныстық-жас құрамын анықтау (таралымдардағы ересек еркек, ұрғашы киiктер- дiң санын, жас дарақтардың санын есептеу) | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2006 ж. | 3774,0 - 2005 ж. | Респуб- ликалық бюджет |
6 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң таралу аймағы шегінде жыртқыш- тар санын реттеп отыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат ҚР АШМ-ға ақпарат | ҚР АШМ Облыс- тар әкiм- дерi | Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. Қаңтар, 2007 ж. Қаңтар, 2008 ж. | 10000*,0 - 2006 ж. 10000*,0 - 2007 ж. 22000,0* - 2006 ж. 22500,0* - 2007 ж. | Респуб- ликалық бюджет Жергі- ліктi бюджет |
7 | Оқу орындары мен республикалық және аймақтық бұқаралық ақпа- рат құралдары арқылы сирек кездесетiн тұяқ- ты жануарлар мен киiктердi күзетудi және олардың санын қалпына келтіру- дi насихаттау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат ҚР АШМ-ға ақпарат | ҚР АШМ Облыс- тар әкiм- дерi | Ақпан, 2006 ж. Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. Қаңтар, 2007 ж. Қаңтар, 2008 ж. | 7000,0* - 2006 ж. 7000,0* - 2007 ж. | Жергі- ліктi бюджет |
8 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесе- тiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi күзету проблемалары, браконьерлiкпен күресудiң қолда- нылып жатқан шаралары бойынша кешендi социоло- гиялық зерттеу- лер жүргiзу | ҚР АШМ-ға ақпарат | Облыс- тар әкiм- дерi | Қаңтар, 2007 ж. | 15000,0* - 2006 ж. | Жергі- ліктi бюджет |
9 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер бойынша анықтауыштар мен анықтамалар шығару жөнiнде ұсыныс енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2006 ж. | Қажет емес | |
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру |
10 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түр- лерi мен киiк- тердi сақтау мақсатында жаңа мемлекеттік табиғи қаумалдар құрудың және қазiргілерiнiң алаңдарын кеңей- тудің табиғи- ғылыми және тех- никалық-экономи- калық негізде- мелерiн әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ | Ақпан, 2006 ж. | 9000,0 - 2005 ж. | Респуб- ликалық бюджет |
11 | ЕҚТА-да кордон- дар салу туралы ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ҚР АШМ | Ақпан, 2006 ж. | Қажет емес | |
12 | ЕҚТА кордондарын ұстау және оларға қызмет көрсету (штат, көлiк, су және энергиямен қамтамасыз ету) | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ | Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. | 7500,0 - 2006 ж. 7500,0 - 2007 ж. | Табиғат пайдала- нушы- лармен қол қойылған Келісім шеңбе- рiнде |
13 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерiн күзету- дi жүзеге асыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ | Ақпан, 2006 ж. | 40000,0 - 2005 ж. | Респуб- ликалық бюджет |
3. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiнiң таралымын есепке алу және оның мониторингі |
14 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр- лерi мен киiктер өсiретін орта- лықтар (ферма- лар) құрудың табиғи-ғылыми және техникалық- экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2007 ж. | 3000,0 - 2006 ж. | Табиғат пайда- ланушы- лармен қол қойылған Келiсім шеңбе- рiнде |
15 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер өсiретін орталық (ферма) құру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2008 ж. | 7500,0 - 2007 ж. | Табиғат пайда- ланушы- лармен қол қойылған Келісім шеңбе- рiнде |
4. Халықаралық ынтымақтастық |
16 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр- лерi мен киiк- тердiң таралу аймағымен көрші- лес мемлекеттер- мен және халық- аралық табиғат қорғау ұйымдары- мен оларды қорғау жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР СІМ | Ақпан, 2006 ж. Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. | 2000,0 - 2005 ж. 1000,0 - 2005 ж. 1500,0 - 2006 ж. 1500,0 - 2007 ж. | Респуб- ликалық бюджет Табиғат пайда- ланушы- лармен қол койылған Келісім шеңбе- рiнде |
17 | Тоғай кермара- лын, қарақұйрық- ты, арқарды және құланды олардың тарихи таралу аймақтары шегін- де жерсiндiру жөнiнде шаралар қолдану | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2006 ж. Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. | 5000,0 - 2005 ж. 4500,0* - 2006 ж. 5000,0* - 2007 ж. | Респуб- ликалық бюджет |
18 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түр- лерi мен киiк- тердi күзетудi жүзеге асыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат ҚР АШМ-ға ақпарат | ҚР АШМ Облыс- тар әкiм- дерi | Ақпан, 2007 ж. Ақпан, 2008 ж. Қаңтар, 2007 ж. Қаңтар, 2008 ж. | 149538,0* - 2006 ж. 158239,0* - 2007 ж. 16000,0* - 2006 ж. 17000,0* - 2007 ж. 15000,0 - 2006 ж. 16000,0 - 2007 ж. | Респуб- ликалық бюджет Жергі- ліктi бюджет Табиғат пайда- ланушы- лармен қол қойылған Келісім шеңбе- рінде |
19 | Мынадай: 1) тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түр- лерi мен киiк- тердiң гендiк қорын сақтау; 2) тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң оңтайлы санын анықтау жөнiнде ғылыми зерттеу- лер өткізу бойынша ұсыныс енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ҚР АШМ (шақы- ру) ҚР БҒМ | Ақпан, 2006 ж. | Қажет емес | |
20 | Бағдарламаны iске асыруға қаржы қаражаты- ның жалпы қажеттiлiгi | | | 3 жылға | 844551,0 | |
21 | соның iшiнде жылдар бойынша: | | | 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. | 226274,0 306038,0 312239,0 | |
22 | соның iшінде қаржыландыру көздерi бойынша | | | 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. | 175274,0 184038,0* 193239,0* | Респуб- ликалық бюджет |
| | | | 2006 ж. 2007 ж. | 60000,0* 46500,0* | Жергi- лiктi бюджет |
| | | | 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. | 51000,0 62000,0 72500,0 | Табиғат пайда- ланушы- лармен қол қойылған Келісім шеңбе- рінде |
Ескертпе: 1. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң таралу аймағына 13 (он үш) облыс енедi, олар - Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары
2. Жергілiкті бюджеттен жұмсалатын болжамды шығыстар тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң барлық таралу аймағы - 13 (он үш) облыс үшін көрсетiлген.
3. * - Қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергілiкті бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
4. ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
5. ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгі
6. ҚР СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
7. Облыстар әкiмдерi - Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстары