Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарларды
1998-2002 жылдары шектеулі алудың мүмкіндіктерін зерделеу
жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысы
(2002.15.04. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен күші жойылды
Жануарлардың гендік қорын сақтаудың биотехнологиялық негіздерін әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жабайы тұяқтылардың кариологиялық және морфофункционалдық ерекшеліктерін одан әрі зерделеу мен олардың санын реттеу, популяциялық құрылымның ішкі популяциялық тетіктерін анықтау, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан хайуанаттар түрлерін қорғаудың санын ұлғайтудың және пайдалануды шектеудің ғылыми негізде стратегиясын әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген Зоология және хайуанаттардың гендік қоры институтының Қарағанды облысында арқарға, Маңғыстау облысында үстірт муфлонына және Маңғыстау мен Талдықорған облыстарында қарақұйрыққа ғылыми-зерттеу жүргізудің нәтижелері туралы хабарламасы назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген 1998-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Зоология және хайуанаттардың гендік қоры институты мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің арасындағы шаруашылық шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген арқар, муфлон және қарақұйрықтың экологиясын, кариожүйеленуі мен шектеулі пайдаланылуының мүмкіндіктерін зерделеу жөнінде ғылыми зерттеу жүргізу туралы ұсынысы қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 2001.09.19. № 1217 Қаулысымен 3-тармақ өзгерді
3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне:
Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Зоология және хайуанаттардың гендік қоры институты мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетіне 2002 жылды қоса алғанда ғылыми зерттеулерді жалғастыру үшін жыл сайын Қарағанды облысынан 12 қазақстандық арқар, Шығыс Қазақстан облысынан 5 арқар, Маңғыстау облысынан 3 арқар, 10 муфлон және "Алтын емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 30 қарақұйрық алуға рұқсат беру;
кариожүйелеу және морфофункционалдық зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Зоология және хайуанаттардың гендік қоры институты мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетіне 1998-2002 жылдары Қаратау жотасынан (Сырдария), Тянь-Шянь, Шу-Іле тауларынан, Жоңғар Алатауынан және Оңтүстік Алтайдан екі арқардан алуға рұқсат беру тапсырылсын.
4. Арқардың гендік қорын сақтаудың биотехнологиялық негіздерін әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Зоология және хайуанаттардың гендік қоры институтына 1998-1999 жылдары Қарағанды облысынан екі еркек және үш ұрғашы арқар алуға рұқсат етілсін.
ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 429 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Биологиялық материалдарды ұтымды пайдалану және республикаға валюта қаражатын тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетіне алған олжаларына ақы төлейтін етіп шетел аңшыларын осы қаулының 3-тармағында аталған жануарларды аулауға тартуға рұқсат етілсін, аталған ақы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептеледі және пайдаланылады.
Жануарларды аулағаны үшiн төлем ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi, бiр дарағы үшiн теңгемен:
арқар - 900000;
үстiрт арқары - 500000;
қарақұйрық - 38000.
6. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі рұқсаттамалардың пайдаланылуына бақылау орнатсын, ал Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлайтын болсын.
7. "Жабайы жануарлардың гендік қорын сақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 ақпандағы № 149 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі