Киiктi қорғау және өсiмiн молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы
19 шілде № 980
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Ғылыми мақсаттарға пайдаланудан басқа, 2005 жылға дейiн Қазақстан Республикасының аумағында киiктердi аулауға тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі:
1) 2001-2005 жылдар iшiнде, жыл сайын, киiктердiң санына есеп жүргiзсiн, солардың негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне киiктi аулауға тыйым салудың күшiн жою, мерзiмiн өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныстар берсiн;
2) 2002 жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде киiктердiң санын сақтау жөніндегі iс-шараларды орындауға арналған қаражатты бекітілген шығыстар лимиттерiнiң шегінде көбейтудi көздесiн.
3. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бiрлесiп, киiктердiң түрлерiн сақтау мақсатында қаскерлiкпен және қасқырларды атып алумен күрестi күшейту жөнiнде бiр ай мерзiмде қосымша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары киiктердiң мүйiздерiн және терiлерiн, сондай-ақ басқа да бөлiктерiн алу кезiнде "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысын басшылыққа алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі