Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 Қаулысы
(2006.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды дeп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 5 ақпандағы
№ 110 қаулысымен
Бекiтiлген
Республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң атқарылу
Еережесi
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ресми трансферттер», «ресми трансферттері», «ресми трансферттерді», «ресми трансферттердің», «ресми трансферттерге» деген сөздер «трансферттер», «трансферттері», «трансферттерді», «трансферттердің», «трансферттерге» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара) (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi (бұдан әрi - Ереже) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу тәртібін анықтайды.
2. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу тәртібі - олардың құзыретінде олар жүзеге асыратын және қолданыстағы заңнама актілерiне сәйкес бекітілген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бағытталған мемлекеттік мекемелердің iс-әрекетi.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 921 қаулысымен тақырып толықтырылды
2-бөлiм. Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру
1-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртібі
3. Жылдық қаржыландыру жоспары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешімін iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес әзiрленедi және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн бес күнтiзбелiк күн iшiнде бекітіледі.
4. Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, жетілдiрілген бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi негiзiнде жасалады.
5. Tиiсті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға бередi, сондай-ақ оны бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне алдағы жоспарланған жылдың жиырма бесiншi желтоқсанынан кешiктiрмей жiбередi.
6. Бюджетті атқару процесiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті орган бюджеттік бағдарламалардың паспорттары тиiсiнше өзгерген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен немесе жергілiктi атқарушы органның шешiмiмен бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар бөлiнген кезiнде, сондай-ақ экономикалық сипаттамасы бойынша бюджеттің шығыстарын түзетудi талап ететiн басқа да құқыққа сәйкес факторлар пайда болған кезде осы Ережемен белгіленген тәртiппен тиісті өзгерістер енгізу арқылы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлемiне, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгiзе алады.
7. Бюджетті нақтылаған, түзеткен жағдайда, жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістердi бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бередi, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне паспорттардың тиiстi өзгерістерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық қаржыландыру жоспарлары ерекшелiктерiнiң мемлекеттік мекемелер өткiзетін бюджеттік бағдарламалардың паспорттарындағы iс-шараларда көрсетiлген операциялардың түрлерiне сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
2-тарау. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық
жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарын жасау тәртібі
8. Бюджетті атқару үшін мынадай жоспарлардың түрлерi жасалады:
мемлекеттік мекемелердi дербес қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрi - дербес қаржыландыру жоспарлары);
мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары);
түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспар.
9. Дербес қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiшiне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС) сәйкес және осы Ережемен белгiленген тәртiппен әзiрленедi.
10. Дербес қаржыландыру жоспарлары Ережеге 1-15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бөлшек қалдықтары бар, үтiрiн кейiн бір белгiсi бар санмен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспар осы бөлшек қалдығынсыз бүтiн санмен мың теңгемен қалыптастырылады.
11. Дербес қаржыландыру жоспары мынадай: мiндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменi дербес қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - мiндеттемелер бойынша дербес жоспар) және төлемдер бойынша мемлекеттік мекеменi дербес қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспары) нысанында қалыптасатын бюджетті атқару жөніндегі мемлекеттік мекеменiң негiзгi құжаты болып табылады.
12. Мiндеттемелер бойынша дербес жоспар қаражаттардың көлемiн анықтайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды iске асыру үшін мiндеттемелер қабылдауға құқылы.
Мiндеттемелер бойынша дербес жоспардың жылдық сомасын ай бойынша бөлу паспортта көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы iшiнде іс-шараларды iске асыру мерзiмiне сәйкес мiндеттемелердi қабылдау мерзiмiне сәйкес келуi қажет.
13. Төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспары қаражаттардың көлемiн анықтайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдер жүргiзуге құқылы.
Төлемдер бойынша дербес жоспардың жылдық сомасын ай бойынша бөлу паспортта көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы iшiнде іс-шараларды iске асыру мерзiмiне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдердi жүзеге асыру мерзiмiне сәйкес келуi қажет.
14. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын мыналардың негізінде мемлекеттік мекемелер әзiрлейдi:
бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, жетілдiрiлген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік өтінiмiнде ұсынылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың есептерi (бұдан әрі - бюджеттік өтінім);
бюджеттік бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша іс-шаралар және оларды iске асыру мерзiмi сияқты паспорттардың көрсеткiштерi;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу туралы заң) сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды өткізу мерзімі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушімен немесе бюджеттік бағдарламаларды алушымен шарттар жасасу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарлама) іске асырудағы жұмыстарды өткізудің маусымдылығының есебі және өткен қаржы жылдарына бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын орындау мерзімі;
бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілер;
басқа да нормативтік құқықтық актілер;
ҚР ББС (шығыстардың функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамаларын ескере отырып);
тиiстi қаржы жылында бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң анықтамалығы;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгiнiң құрылымы.
15. Дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларына, оларға есептерге және жоспарларды айға бөлу негіздемесiне бірiншi басшысы немесе уәкілеттік берiлген тұлға және олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды, ал тиiсті бұйрықтармен олардың мiндеттерi жүктелген соңғы тұлға болмаған кезде оның мөртабанымен расталады және оны мемлекеттік мекеме оларға белгiленген мерзiмде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бередi.
16. Дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын мемлекеттік мекемелер оларға белгіленген мерзiмде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
Мемлекеттік мекеме дербес қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығы мен олардың тиiстi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
17. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарлары дербес қаржыландыру жоспарларын жинақтау арқылы қалыптастырылады.
Бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi - жылдық қаржыландыру жоспары және бюджеттік өтiнiм бөлiнiсiнде, Қазақстан Республикасы ?кіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органның қаулысы) бекітілген сомаға сәйкес келуi тиiс.
Бюджеттік бағдарламаларды әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарлары мынадай талаптарды ескере отырып жасалады:
1) бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес келу;
2) мiндеттемелердiң уақытылы қабылдануы мен орындалуын қамтамасыз ету;
3) кредиторлық және дебиторлық берешектердiң пайда болуына жол бермеу;
4) бюджетке түсетін түсiмдердiң күтілген көлемiн ескере отырып, ай бойынша бюджеттің теңгерiмділігін сақтау.
Экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлінісiнде бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жылдық соманы ай бойынша бөлу кезiнде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен белгіленген конкурстық рәсімдерді өткізудiң мерзiмi, бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыруда жұмыстар жүргiзудiң маусымдылығы, сондай-ақ міндеттемелер қабылдаған мемлекеттік мекемелердiң болжамдалған ақы төлеу мерзiмi ескеріледi.
18. Төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарларының жобалары түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін пайдаланылады, мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарларының жобалары мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
19. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жылдық қаржыландыру жоспарын бекiткеннен кейiн бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келетiн тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын, оларға есептердi және жоспарларды айға бөлу негіздемесін, сондай-ақ дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын бередi.
Дамуға мақсатты ағымдағы трансферттер және мақсатты трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарлама бойынша тұтастай болатындай төмен тұрған бюджеттер бөлiнiсiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органға бередi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобалары бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгiлеген форматта қағаз түрiнде және магниттік тасығыштармен, дербес қаржыландыру жоспарларының жобалары - тек магниттік тасығыштармен беріледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерін қаржыландыру жоспарлары жобаларының растығын, ресімделу дұрыстығын және бюджеттердi атқару жөніндегі уәкілеттi органдарға уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
20. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасының ?кіметі және жергілікті атқарушы орган қаулы қабылдағаннан кейiн сегiз жұмыс күні iшiнде жасайды.
21. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiн атқару жөніндегі уәкілетті органдар 25 желтоқсаннан кешіктірмейтiн мерзiмде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға алдын ала айға бөлiнген (ерекшеліктер деңгейіне дейін) түсiмдердiң жиынтық жоспарының жобасын ұсынады.
22. Бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергіліктi атқарушы органның қаулысымен бекітілген түсiмдердiң санаттары, сыныптары, iшкi сыныптары және ерекшелiктерi бойынша түсiмдердiң сомасына сәйкес келуi қажет және кiрiстердiң түсiмi, бюджеттік кредиттердi өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан және қарыздар жоспарларынан тұрады.
23. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi түсiмдерiнiң жоспарлары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және оларға есептердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi ішінде 9-11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдар беретiн кiрiстердiң түсiмдерi жоспарларының жобаларын ескере отырып, республикалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
24. Кiрiстердiң түсiмдерiн, бюджеттік кредиттердi өтеудi, қаржылық активтердi сатудан түскен түсiмдердi және қарыздарды айға бөлудi Қазақстан Республикасының заңнама актілерiне сәйкес бюджетке төленетін төлемдердi төлеудiң белгiленген мерзiмдерiн, өткен жылдарға бюджетке түсетiн түсiмдердiң серпiнiн, мемлекеттік бағалы қағаздардың кiрістілiк серпiнiн және бағалы қағаздар рыногіндегi сұраныстар мен ұсыныстар деңгейiн талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келісімдер талаптарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізедi.
Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген бюджеттік кредиттер бойынша, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген бюджеттік кредиттердi өтеу бойынша сыйақылар (мүдделер) жөніндегі жоспарлардың жобаларын бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды және аталған түсiмдердiң коды бойынша тұтастай және де төмен тұрған бюджеттер бөлiнiсiнде ұсынылады.
25. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспары 13-15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң (бұдан әрi - Бюджет кодексi) тиісті 12-бабындағы құрылым бойынша жасалады және ол бекітіледi:
Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарының (бұдан әрi - түсiмдердiң жиынтық жоспары) мынадай құрылымы болады:
түсiмдер, жиыны
оның ішінде:
1) кiрiстер:
салық түсiмдерi;
салықтан тыс түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
трансферттердiң түсiмдерi;
2) бюджеттік кредиттердi өтеу;
3) мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер;
4) қарыздар бойынша негiзгі борыштың түсiмi.
Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарларының (бұдан әрi - қаржыландырудың жиынтық жоспарлары) мынадай құрылымы болады:
шығыстар, жиыны
оның iшiнде:
5) шығындар;
6) бюджеттік кредиттер;
7) қаржылық активтердi сатып алу;
8) қарыздарды өтеу.
26. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының Бюджет кодексiнiң 13-бабына сәйкес мынадай құрылымы болады:
1) кiрiстер:
салық түсiмдерi;
салықтан тыс түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
трансферттердiң түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттердi өтеу;
5) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо;
қаржылық активтердi сатып алу;
мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер;
6) бюджеттің тапшылығы (профицитi);
7) бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану);
қарыздардың түсiмi;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы.
27. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жылдық қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейiн екi апта iшінде жасайды және оны бекiтедi.
28. Түсiмдердiң жиынтық жоспары түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган қабылдаған кiрiстер бойынша түсiмдер, бюджеттік кредиттердi өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер, қарыздар жоспарлары жобаларын жиынтықтау арқылы қалыптастырылады.
29. Қаржыландырудың жиынтық жоспарлары мынадай шарттарды ескере отырып қалыптасады:
қаржыландырудың жиынтық жоспарлары түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті орган қабылданған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары жобаларын жиынтықтау арқылы қалыптастырылады;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бюджеттік бағдарламаларының және кiшi бағдарламаларының жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органның қабылдаған қаулысына, ал экономикалық сипаты бойынша - жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуi тиiс;
жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетiн трансферттер мен кредиттердiң сомасы төмен тұрған бюджеттің түсiмдер мен мiндеттемелердiң жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспары ретінде сондай көлемде және сол айларда жоғары тұрған бюджеттiң қаржыландыру жиынтық жоспарында ескерiледi;
трансферттер, төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін кредиттердi қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджетке сыйақылар (мүдделер) төлеу сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсiмдер бойынша жиынтық жоспарындағыдай сол көлемде және сол айларда төмен тұрған бюджеттiң қаржыландыру жиынтық жоспарларында ескеріледi;
қаржы жылының басынан басталған кезеңге өсу қорытындысымен бюджетке түсетiн түсiмдердiң және қаржы жылының басынан басталған кезеңге өсу қорытындысымен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық және айлық жоспарлары бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында теңгерiмделуi қажет.
30. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiн атқару жөніндегі уәкiлеттi органдар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттердi бөлуге байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкiмшiлiк ететiн орталық атқарушы органға трансферттер сомасы мен бюджеттік кредиттер сомасын оған тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен көзделген ай бойынша бөлудi бередi.
31. Аудандардың (облыстық мәнi бар қалалардың) бюджеттерiн атқару жөніндегі уәкiлетті органдар облыстық бюджеттердi бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттердi бөлуге байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкiмшiлiк ететiн жергiлiктi атқарушы органға облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттерiне (облыстық мәнi бар қалалар) берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын ай бойынша бөлудi бередi.
32. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті органның басшысы бекiтедi, оның әзiрленуiне жауапты бөлiмшенiң басшысы қол қояды және бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органның мөртабанымен расталады.
Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе уәкілеттік берiлген тұлға болмаған жағдайда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн орындаушы тұлғалар бекiтедi.
33. Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бюджеттік алулар, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген кредиттер мен кредиттердi қайтару бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасын ай бойынша бөлудi төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтілген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын ай бойынша бөлудi - бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне жеткізеді.
34. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекітілген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын ай бойынша бөлудi алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландырудың жоспарлары мен дербес қаржыландыру жоспарларын бекiтедi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарлары мен дербес қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң басшылары бекiтедi.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң басшысы немесе уәкiлеттік берiлген тұлға болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландырудың жоспарлары мен дербес қаржыландыру жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн орындаушы тұлғалар бекiтедi.
Бекiтiлген дербес қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік мекемелерге жеткізеді.
35. Жергілiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган жергілікті бюджет бойынша бекiтілген түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының бір данасын бекітілгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық органына қағаз түрiнде және электрондық тасығыштармен бередi.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының аумақтық қазынашылық органына уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
36. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн республикалық бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күнi iшiнде түсiмдер жоспарларын бекiтедi және қаржыландырудың жиынтық жоспарымен бекiтілген республикалық бюджетке кiрiстердiң түсiмдерi жоспарын ай бойынша бөлудi салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдарға жiбередi.
37. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн төмен тұрған бюджеттердi атқару жөніндегі уәкілетті органдар үш жұмыс күнi iшiнде бекітілген тиісті бюджеттерге түсiмдердiң жиынтық жоспарын айға бөлудi (ерекшелiктердiң деңгейiне дейiн) жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жiбередi.
38. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi аумақтық қазынашылық органына (бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң орналасқан орны бойынша) оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген дербес қаржыландыру жоспарларын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарлары, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары бекiтілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрiнде және электрондық тасығыштармен тапсырады.
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бекітілген дербес қаржыландыру жоспарларының аумақтық қазынашылық органына уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.