Казақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1446 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесінде:
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен уәкілетті орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымында өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялайды.
Уәкілеттi орган айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымы туралы ақпарат уәкілеттi органның Web-сайтында орналастырылады.";
89, 90 және 91-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | А. Есімов |