Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 273 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |