Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
«519-4 «Спорт ғимараттарының құрылысын
салу жөніндегі дирекция»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |