Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 және
1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 31 қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және Тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели iс-қимыл жоспары жөніндегi Ұлттық семинардың шеңберінде көлiк инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтудi оңайлатудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 қаулысына:
БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберiнде Көлiк инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтудi оңайлату жөніндегi жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлiгiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Жақыпов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Қабиболла Қабенұлы коммуникациялар бiрiншi вице-министрi,
жетекшi
Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Ержан Хозеұлы iстер министрлігі Көп жақты
ынтымақтастық департаментiнiң
директоры
Кәкенов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Hұpшa және сауда министрлігі Индустриалдық
саясат департаментiнің директоры
Мүсенова - Қазақстан Республикасының
Галина Ақайқызы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлiгі Салалық саясат және
бағдарламалар департаментiнің
директоры
Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажыкенұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Импортты
алмастыру және сыртқы байланыстар
департаментiнің директоры
Тiлемiсов - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Нұрлан Хайдоллаұлы бақылау агенттiгi Кедендiк бақылауды
ұйымдастыру департаментiнің бастығы
Темірқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қайрат Иманқұлұлы министрлігінің Кiрiс, конвенция және
келісім-шарт департаментi
директорының орынбасары
көрсетiлген құрамнан Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов, Қайрат Қуатұлы Әбусейiтов, Раушан Райсақызы Сармұрзина, Несiпбала Әбсағитқызы Ермекова, Ерғали Әбдiмомынұлы Шығанбаев, Есiркеп Оңланбекұлы Әбдрахманов шығарылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И.Тасмағамбетов |