Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы
бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі
Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік
инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың
кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 ж. 21 желтоқсандағы № 1304 қаулысы
(2006.21.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1998 жылғы 26 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы туралы Ташкент декларациясының қағидаларын іске асыру және халықаралық ұйымдармен инфрақұрылымдар саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының бірінші мәжілісін өткізуге байланысты шығыстарды жабуға қаржы қаражатын бөлсін (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 1304 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.08.01 ж. № 1072 қаулысымен құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 17.01.03 ж. № 31 қаулысымен (бұрынғы ред. қара); 07.11.03 ж. № 1108; 31.12.04 ж. № 1463; 2006.21.08. № 789 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған
Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік
инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан
өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының
қазақстандық бөлігінің құрамы
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмудұлы коммуникация вице-министрі, жетекші;
Полонский - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Александр Иванович министрлігінiң Жол полициясы
департаментi бастығының орынбасары
Шығанбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерғали Әбдiмомынұлы министрлігі Кедендiк бақылау
комитетiнің Кедендiк бақылауды
ұйымдастыру басқармасы бастығының
орынбасары
Уажанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Тұрсын Үшбайұлы қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызмет
директорының орынбасары - Шекаралық
бақылау бас басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Мұқанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Қасым Қасенұлы шаруашылығы министрлігі Ветеринария
департаментi директорының орынбасары;
Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажыкенұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Импортты
алмастыру және сыртқы байланыстар
департаментiнің директоры
Қабиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Дәмегүл Нәбиқызы сауда министрлігінің Сауда саясатын
дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіру департаменті директорының
орынбасары;
Демесінов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алмабек Мәлікұлы министрлігінің Халықаралық ұйымдар және
көп жақты ынтымақтастық департаментi
Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы
Бұтаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Құдайберді Мырзаханұлы министрлігінің Фитосанитарлық
қауіпсіздік департаменті стратегия және
әдістеме бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 1304 қаулысына
2-қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған
бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және
шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының (ЖЖТ-Транс)
бірінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың сметасы
N | Қызмет көрсетулердің атауы | Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1. 2. 3. 4. 5. 6. | Кеңеске қатысушыларға арналған түскі қонақасылар: 1998 жылғы 20-22 қазанда 40 адам үшін 1 адамға 8$ түскі ас есебінен 1998 жылғы 20-22 қазан аралығында 30 адам үшін күнінен 2 рет 4$ есебінен үзілістерде қатысушыларға ұсынылатын кофе-брейг 20% ҚҚС ескеріле отырып, бір аудармашыға сағатына 20$ есебінен 1998 жылы 20-22 қазан аралығында 2 аудармашының ілеспе аударма қызмет көрсетулеріне төлем 20% ҚҚС ескеріле отырып, 1998 жылы 20-22 қазан аралығында ілеспе аппаратурасын жалға алу 1998 жылы 20-22 қазан аралығында Кеңес өткізу үшін сағатына 20$-дан күнінен 8 сағатқа конференция залын жалға алу 30 адамға кеңсе бұйымдары (папкалар, қағаз блокноттар, қалам- саптар, қарындаштар, Қазақстан туралы сый кітаптар) | 960 $ 360 $ 1150 $ 1080 $ 480 $ 100 $ |
| Смета бойынша барлық шығыстар | 4132 $ |
Төрт мың бір жүз отыз екі АҚШ доллары
Үш жүз отыз екі мың алты жүз жиырма алты теңге
Ұлттық Банктің 1998 жылғы 7 қазандағы бағамы 1$ - 80,5 теңге