Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 ақпандағы № 251 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi Кәсiпорындар) құрылсын.
2. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;
2) «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткізу.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |