Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 ақпандағы № 251 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi Кәсiпорындар) құрылсын.
2. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;
2) «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткізу.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 519-1 және 519-2-жолдармен толықтырылсын:
«519-1 «Олимпиадалық даярлау орталығы» қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы
519-2 «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |