Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 12 маусым № 813
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39; 19.06.02 ж. № 674
18.09.02 № 1031;29.10.04 № 1129 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен күші жойылды
Бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1129 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 19.06.02 № 674 қаулысымен 2 тармақтын күші жойылды
2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 338 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 11-12, 125-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті туралы ережеде:
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарда бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнаманың сақталуын және қаржылық есептіліктің жасалуын бақылауды жүзеге асыруды;
5-2) өздері үшін аудит міндетті мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуін бақылауды жүзеге асыруды;";
6) тармақшада "мекемелерде" деген сөзден кейін ", кәсіпорындарда" деген сөзбен толықтырылсын;
11) тармақшада "бюджет кірісіне" деген сөздерден кейін "уақытылы" деген сөзбен толықтырылсын;
12-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 176 (екінші бөлімінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану;";
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 172, 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
13-2) Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің төрағасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және істерді қарау үшін тексерулер және тексерістердің материалдарын беруге;".
ҚР Үкіметінің 18.09.02 № 1031 қаулысымен 3 тармақтын күші жойылды
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 22-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
16-тармақтың екінші абзацында "тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары" деген сөздер "тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын:
18-тармақтың 1) тармақшасында "өз орынбасары" деген сөздер "өз орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін Төраға уәкілетті берген орынбасарлардың бірі атқарады.".
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысымен
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 мамырдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
құрылымы
Басшылық
Республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы
Бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы
Бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастыру басқармасы
Қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы
Ұйымдастыру және бақылау жұмыстары басқармасы
Төлем операциялары басқармасы
Түсімдерді есепке алу және бөлу басқармасы
Қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы