Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгінiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
18 қыркүйектегі № 1031 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.11.02 ж. № 1192; 01.04.03 ж. № 314;13.12.03 ж. № 1262
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет таратылсын.
ҚР Үкіметінің 11.11.02 ж. № 1192 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Агенттiк төрағасының үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
4. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Агенттiкке берілетiн штат санының шегуiнде қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды
5. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 24-жолмен толықтырылсын:
"24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгі 41".
ҚР Үкіметінің 13.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 5-1 тармақпен толықтырылды
5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің қарауында "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бар.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 18 қыркүйектегi
№ 1031 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу жөніндегі агенттiгi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) басқаруды және заңнамада көзделген шектерде арнайы атқарушылық және рұқсат етушi функцияларын, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетудi мемлекеттік сатып алу процесiн салааралық үйлестiруi жүзеге асыратын Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртабаны, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банкiлерде шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Агенттiк, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Әуезов көшесi, 126.
6. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiктiң өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.
Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттіктiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты жүргiзудi қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту;
3) мемлекеттік сатып алу процестерiн үйлестiру және оның мониторингі;
4) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
10. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуi және iске асыруды қамтамасыз етудi;
2) мемлекеттік сатып алу процестерiн үйлестiрудi және оның мониторингiн;
3) мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды қорытуды және әзiрлеудi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауды;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
5) мемлекеттік сатып алу мәселелерi жөніндегі есептiлiктiң нысанын, оны жасау мен табыс етудiң тәртібін әзiрлеудi;
6) мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша конкурстарды ұйымдастырушыларға әдiстемелiк материалдарды, үлгiлiк конкурстық құжаттаманы әзiрлеудi және бекітудi, консультациялық көмек көрсетудi;
7) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiне талдау жасауды;
8) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Агенттiктiң алдына қойылған мiндеттердi шешу және функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретi шегiнде тапсырыс берушiлерден жоспарланып отырған, жүзеге асырылып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы есептiлiктi, оның iшiнде мемлекеттік сыртқы қарыздар мен гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сатып алу туралы есептiлікті, ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
2) ұсынылған есептiк деректердiң дұрыстығын тексеруге;
3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік сатып алуды, ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерi жөнiнде тапсырыс берушiлер орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен оның жүргiзiлуiне бақылау жасауға;
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн конкурстарды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілер мен конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылданған шешiмдерiн қайта қарау немесе олардың күшiн жою жөнiнде шешiмдердi қабылдауға;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану жөнiнде соттарға талап-арыз беруге;
7) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн тартуға;
8) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттіктiң мүлкі
12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
13. Агенттiк мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Агенттiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Агенттiктiң өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, өз бетiмен оқшаулауға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Агенттiк Төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастыру әрi оған басшылық етедi және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
18. Төраға осы мақсатта:
1) Агенттiктiң құрылымын және Агенттiктiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiгiн айқындайды;
3) заңнамаға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiне тәртіптiк жаза қолданады;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Агенттiктiң мүдделерiн бiлдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттердi жүзеге асырады.
19. Агенттiк қабылдайтын шешiмдер Агенттiк Төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
20. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 18 қыркүйектегi
№ 1031 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 22-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 және 2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 6 cәyipдегі № 452 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 22, 276-құжат).