128-бап. алып тасталды
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 129-бап өзгертілді
129-бап. Шетелдiк салықты есепке жатқызу
1. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүлiктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекетте Қазақстан Республикасының резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының табыстарынан немесе мүлiктерiнен ұсталған және (немесе) төленген салыққа қолданылмайды, оған осындай халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 130-бап өзгертілді
130-бап. Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерде алынған табыс
1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам процентi тiкелей немесе жанама тиесiлi болса немесе ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте табыс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан астам процентiне ие болса, онда заңды тұлға пайдасының резидентке қатысты бөлiгi оның салық салынатын табысына енгiзiледi. Бұл ереже резиденттiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады.
1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң салық салынатын табысына қосылатын осы пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық есептілігiмен расталуға тиiс.
2. Егер шет мемлекетте салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса немесе мүлiктің нақты иесi немесе табыстың нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялығы туралы заңдар болса, ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекет ретiнде қаралады.
20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 131-бап өзгертілді
131-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем көзiнен салық салынатын табыстарға:
1) дивидендтер;
2) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
3) ұтыстар;
4) резидент емес тұлғалардың осы Кодекстiң 178-бабына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстары;
5) уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа сыйақы;
6) резидент-банктерге және жеке тұлғаларға төленетін сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтiн купон түрiндегi сыйақы жатады.
1-1. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және агенттік облигациялар;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетін инвестициялық кірістер төлем көзінен салық салуға жатпайды.
2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөнiндегi сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебiне жатқызылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 132-бап өзгертілді
132-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеп шығару тәртiбi
1. Салық сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын, төленiп отырған табыс сомасына осы Кодекстiң 135-бабының 2 немесе 3-тармақтарында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
2. Салық агентi осы Кодекстiң 131-бабында көзделген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға мiндеттi.
3. Депозитарлық қолхат бойынша кірістерді төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 133-бап жаңа редакцияда
133-бап. Төлем көзінен салықты аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзінен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
134-бап. Төлем көзiнен ұсталған салық жөнiндегi есеп-қисап
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп-қисапты тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
21-тарау. Салық ставкалары
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 135-бап өзгертілді
135-бап. Салық ставкалары
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
2. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
3. Резидент еместердiң осы Кодекстің 178-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
4. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстiне осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы
136-бап. Салық кезеңi
1. Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.
3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. Салық декларациясы
1. Осы Кодекстің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.
5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары
ҚР 08.01.03 ж. N 375-II Заңымен 138-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 138-бап өзгертілді
138-бап. Инвестициялық салық преференциялары
Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша беріледі.
Инвестициялық салық преференциялары дегеніміз жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушілерді жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде жаңадан пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.
ҚР 08.01.03 ж. N 375-II Заңымен 139-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 139-бап өзгертілді
139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртібі
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.
2. Преференциялар салық төлеушілерге преференцияларды қолданудың басталу күнін белгілейтін келісім-шартқа (оның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі салык төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына беріледі) сәйкес мынадай мерзімдерде:
келісім-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушілер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан, кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан тіркелген салық төлеушілерге - тіркелген активтер іске қосылған кезден бастап беріледі.
Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушіге жылдық жиынтық табыстан осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, инвестициялық жобалар шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтердiң құнын преференциялардың қолданылу мерзiмiне қарай тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
Преференциялар беру тәртібі және жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарымен айқындалады.
3. Корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшін салық төлеуші жаңадан іске қосылатын тіркелген активтер бойынша олардың құнын ішкі топтың құн балансына енгізбейді және олар бойынша бөлек есеп жүргізеді.
4. Мүлік салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзімі біткеннен кейін салық төлеуші осы Кодекстің 351-360-баптарында белгіленген тәртіппен мүлік салығын және 323-344-бапттарында белгіленген тәртіппен жер салығын төлей бастайды.
5. Преференцияларды қолдану мерзімі тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай әрбір жекелеген жағдайда айқындалады, бірақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
ҚР 08.01.03 ж. N 375-II Заңымен 140-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
140-бап. Преференциялардың қолданылуын тоқтату
1. Преференциялардың қолданылуы осы Кодекстің 139-бабының 5-тармағын ескере отырып, келісім-шартта көрсетілген мерзімде тоқтатылады не мұндай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
Преференциялардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы біржақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.
2. Преференциялардың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші салықтарды төлейді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II Заңымен 5-1-бөліммен толықтырылды
5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына
салық салу ерекшелiктерi
22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен (бұр. ред. қара) 140-1-бап өзгертілді
140-1-бап. Жалпы ережелер
1. Бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұратын;
2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру:
бағдарламалық қамтамасыз етудi, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және олардың тәжiрибелiк өндiрiсi мен өндiрiсi;
және (немесе) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық aймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысанда уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады.
140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 50 процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
3. Корпорациялық табыс салығын төлеу және аванстық төлемдердi енгiзу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.
5. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 22-2-тараумен толықтырылды
22-2-тарау. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу
140-4-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай шарттарға бiр мезгiлде сәйкес келетiн:
1) жиынтық жылдық табысының кемiнде тоқсан процентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi:
химия өнеркәсiбi;
резина және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;
өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;
металлургия өнеркәсiбi;
дайын металл бұйымдары өндірісі;
машиналар мен жабдықтар өндірісі бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды қоса алғанда, өзi өндiретiн тауарларды сатудан алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
2) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында тiркеу есебiнде тұратын;
3) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бір бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi жоқ ұйымдар жатады. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.
2. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетін тауарларды өндiретiн ұйымдар;
арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.
3. Алынған (алынуға тиiс) табыстарды осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынатын табыстарға жатқызу өнеркәсiптiң тиiстi саласын басқару мәселелерi жөнiндегi және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiппен және нысанда берiлген, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан атқарушы органның растамасы негiзiнде жүзеге асырылады.
140-5-бап. Салықты есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
3. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан және осы Кодекстiң 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу oбъектiлерi бойынша:
1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 процент cтaвкa қолданылады.
140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi
Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілiгін беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
6-бөлім. Жеке табыс салығы
23-тарау. Жалпы ережелер
141-бап. Төлеушiлер
Осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi салық төлеушiлер) болып табылады.
142-бап. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi
Резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 187-192-баптарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, 141-174-баптарына сәйкес жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi.
143-бап. Салық салу объектiлерi
Осы Кодекстiң 144-бабында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 144-бап өзгертілді
144-бап. Салық салынуға жатпайтын табыстар
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);
4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
6) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
7) лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар;
8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;
9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;
11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;
12) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң салық жылы iшiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң 480 еселенген шегiндегi табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - айлық есептiк көрсеткiштің 240 еселенген шегiндегi табысы;
13) өткізілер күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткiзу кезіндегі құн өсiмiнен алынатын табысы;
14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, айлық есептiк көрсеткiштің 50 еселенген шегiндегi төлемдер;