Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.
Өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатқызылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 94-бап өзгертілді
94-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер
1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:
1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түрiндегi сыйақы;
2) алып тасталды
3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);
4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы.
Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.
2. Сыйақы бойынша шегерiм:
салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы
қосу
меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;
2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;
3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең.
4. алып тасталды
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 95-бап өзгертілді
95-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер
Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлеген жағдайда, жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде табыстарға жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртiбi осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 96-бап өзгертілді
96-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер
1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсiпкерлерiне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар; өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
Салық төлеушiнің күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда:
1) шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетілген жағдайда;
2) белгiленген тәртiппен ресiмделген мына құжаттар: шот-фактуралар; салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының осы шығыстарды шегерiмге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргiзiледi.
3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмi мен оны Мемлекеттiк тiркелiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмiн қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушi жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
4. Коммуналдық қызмет және байланыс қызметi бойынша халықпен есеп айырысу кезiнде күмәндi талаптар туындаған жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шарттарды сақтау талап етiлмейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 97-бап өзгертілді
97-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер
1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың аяқталуына байланысты сол кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қорға) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.
Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртiбi жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартымен белгiленедi.
2. Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа) активтер мен шарттық міндеттемелерді қоспағанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төмендегi күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда); құжаттамалық есептер мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепiлдiктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган анықтайды.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) банктің және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында аталған адамдар ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылатын заңды тұлға;
5) ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.
3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
98-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-
конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар
бойынша шегерiмдер
Негiзгi құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделi сипаттағы басқа да шығындарды қоспағанда, табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстар актiсi және тиiстi ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстары жүргiзiлгенiн растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, белгiлеген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша шегерiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 100-бап өзгертілді; ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 100-бап өзгертілді
100-бап. Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру
1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:
1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
2) жүктiлігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген;
3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;
4) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.
2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 101-бап өзгертілді
101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi
1. Бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары жеке топты құрап, жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бергі амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiп тасталады.
Жеке топ құрылғаннан кейiн болған осындай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
Осы шығыстар табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, игеру немесе пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жұмсаған шығыстарына да қолданылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 102-бап жаңа редакцияда
102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм
Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.
103-бап. Салықтар шегерiмi
1. Есептелген шектерде мемлекеттiк бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:
1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;
3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар
Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
2) құрылысқа және тiркелген активтердi иемденiп алуға жұмсалған шығыстар мен күрделi сипаттағы басқа да шығыстар;
3) мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөнiндегi шығыстар;
7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны шегерiмге жатпайды.
§ 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 105-бап толықтырылды
105-бап. Тiркелген активтер
1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерілетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
1-1. Негiзгi құралдар - сатып алған кездегi құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу айлық есептiк көрсеткiштен астам болатын, жұмыс iстеген мерзiмi бiр жылдан артық материалдық активтер.
2. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшiн ұзақ мерзiмдi (бiр жылдан артық) кезең iшiнде пайдаланылатын материалдық емес объектiлер.
106-бап. Тiркелген активтердің құны
1. Негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.
2. Қатысушылар, құрылтайшылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 107-бап өзгертілді
107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:
1) жер;
2) өнiм беретiн мал;
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
7) фильм қорына жататын объектiлер;
8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;
9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтер жатады.
2. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында iшкi топтың құн балансына амортизация нормаларын, бiрақ осы Кодекстің 110-бабында белгiленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледi.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңiндегi қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.
3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объект бойынша жеке-жеке белгiленедi.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 108-бап толықтырылды
108-бап. Амортизациялық iшкi топтардың құн балансын анықтау
1. Әрбiр амортизациялық iшкi топ бойынша салық кезеңiнiң басында iшкi топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
2. Салық кезеңiнiң соңындағы iшкi топтың құн балансы:
өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабына және 113-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы iшкi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнің басындағы iшкi топтың құн балансы
қосу
осы Кодекстің 109-бабына сәйкес белгiленген құн бойынша салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып қалуы
1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтер iшкi топтың құн балансын осы Кодекстің 106-бабына сәйкес белгiленетiн құнға арттырады.
2. Шығып қалатын тiркелген активтер iшкi топтардың құн балансын:
өткiзу, қаржы лизингiне беру кезiнде - өткiзу құнына;
жарғылық капиталға салым ретiнде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлiнген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтiн сақтандыру төлемiнiң сомасын негiзге ала отырып, анықталатын құн бойынша;
өтеусiз беру кезiнде - баланстық құны бойынша кемiтедi.
3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 110-бап өзгертілді
110-бап. Тiркелген активтер амортизациясының шектi нормалары
1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай екті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға бөлінеді:
Топ N | ішкі топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Аморти- зацияның шекті нормасы% |
I | 1 | Yйлер, құрылыстар Үйлер, құрылыстар | 8 |
II | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 | Ғимараттар Мұнай және газ скважиналары Мұнай-газ қоймалары Кеме қатынайтын каналдар, су каналдары Көпiрлер Бөгендер, плотиналар Өзен және теңiз айлақтық құрылыстары Кәсіпорындардың темір жолдары Жағалауды бекiтетiн, жағалауды қорғайтын құрылыстар Резервуарлар, цистерналар, бактар және басқа да сауыттар Шаруашылық ішіндегі және шаруашылықаралық суару желiсi Жабық тоспа-кәріз желісі Әуе кемелерiнiң ұшу-қону белдеулері, олар жүретін жолдар, тұратын орындар Парктер мен хайуанаттар парктерінің ғимараттары Спорт-сауықтыру ғимараттары Жылыжайлар мен көктемелер Өзге құрылыстар | 20 10 10 7 7 7 8 7 8 7 7 8 8 10 10 7 |
| 1 2 3 4 | Беріліс құрылғылары Электр берiлiсі және байланыс құрылғылары мен желiлерi Ішкі газ құбырлары мен құбыр желілері Су құбырлары, канализациялық және жылу желілері Өзгелер | 10 8 7 7 |
ІV | 1 2 3 4 5 | Қуат машиналары мен жабдықтары Жылу-техникалық құрал-жабдықтар Турбиналық жабдықтар мен газ турбиналық қондырғылар Электр двигательдерi мен дизель-генераторлар Кешенді қондырғылар Өзге де күш машиналары мен жабдықтары (икемді көліктен басқа) | 15 15 10 8 7 |
V | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | Қызмет түрлерi бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары (икемдi көлiктен басқа) Қара, түстi металлургия машиналары мен жабдықтары Химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсiбi машиналары мен құрал-жабдықтары Мұнай-газ өндiру машиналары мен құрал-жабдықтары Кен өндіру өнеркәсiбi машиналары мен құрал-жабдықтары, 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретін карьер автосамосвалдарын қоса алғанда Электронды өнеркәсіп құрал-жабдықтары Құрылыс материалдары өндiрісінің машиналары мен құрал-жабдықтары Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi машиналары мен құрал-жабдықтары Полиграфия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары Жеңіл өнеркәсiп машиналары мен құрал-жабдықтары Тамақ, балық, ет және сүт өнеркәсібі құрал-жабдықтары Сауда және қоғамдық тамақтандыру машиналары мен құрал-жабдықтары Көлiк, машиналар мен механизмдер өндiрісіне арналған құрал-жабдықтар Ауыл шаруашылық тракторлары, машиналары мен құрал-жабдықтары Құю өндiрiсiне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар, қажақ және алмас өндірiсiнiң құрал-жабдықтары Коммутациялардың және деректер берудiң цифрлы электрондық құрал-жабдықтары, цифрлы жүйелер, хабар беру құрал-жабдықтары, цифрлы өлшеуiш байланыс техникасы Спутниктiк, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг және транкинг байланысы құрал-жабдықтары Хабар беру жүйесi коммутацияларының ұқсас құрал-жабдықтары Киностудиялардың мамандандырылған құрал-жабдықтары, медициналық және микробиология өнеркәсiбі құрал-жабдықтары Өзге салалардың машиналары мен құрал-жабдықтары | 20 20 20 15 25 25 20 20 15 20 20 15 20 20 20 25 15 10 15 10 |
VІ | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | Басқа машиналар мен жабдықтар (икемдi көлiктен басқа) Өнеркәсiптiк тракторлар Металл кесетін құрал-жабдықтар Компрессорлық машиналар мен құрал-жабдықтар Ұста-пресс құрал-жабдықтары Насостар Жүк көтеру-көлік, жүк тиеу-түсiру машиналары мен құрал-жабдықтары, жер, карьер және жол құрылысы жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар Тірек қағу жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар, ұнтақтау-үгу, сорттау, байыту құрал-жабдықтары Су асты техникалық жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған машиналар мен құрал-жабдықтар Технологиялық процестерге арналған сауыттардың барлық түрi Тиын ақша жасауға арналған құрал-жабдықтар Өзге де машиналар мен құрал-жабдықтар | 20 15 15 15 20 15 20 20 10 8 20 10 |
| 1 2 3 4 5 6 7 8 | Икемдік көлік Жылжымалы темір жол составы Теңіз, өзен кемелері, балық өнеркәсiбi кемелерi Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы составы, өндiрiстiк көлiк (жеңiл автомобильдер мен таксиден басқа) Жеңіл автомобильдер мен такси Магистралды құбыр желілері Коммуналдық көлік Әуе көлiгi Өзге де көлiк құралдары | 15 10 15 10 15 10 15 7 |
| Компьютерлiк, перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар Компьютерлер Перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар | 30 25 |
ІХ | 1 2 3 4 5 6 | Басқа топтарға енгізiлмеген тiркелген активтер Көпжылдық екпелер Материалдық емес активтер Офис жиhазы Құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық саймандар мен заттар Көшіру-көбейту техникасы Өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары, зертхана құрал-жабдықтары | 10 15 10 10 20 15 |
| 7 | Басқалары | 7 |
2. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш берiлген тiркелген активтер бойынша, осы тiркелген активтердi жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемiнде үш жыл пайдаланған жағдайда, пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды амортизацияның екi есе нормасы бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген активтер пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде iшкi топтың құн балансынан бөлек есептеледi. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi iшкi топтың құн балансына енгiзiлуге тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 111-бап өзгертілді
111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн осы iшкi топтың құн балансы салық кезеңiнiң соңында шегерiмге жатады.
2. Егер iшкi топтың құн балансының сомасы салық кезеңiнiң соңында 300 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, салық төлеушi iшкi топтың құн балансының көлемiн шегерiмге жатқызуға құқылы.
3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.
112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтер
1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының құн балансында ескерiледi.
2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.