ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 539-бап өзгертілді
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстiң 538-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген баптарды қоспағанда, осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк жазалау шаралары мiндеттi түрде қолдануға жатпайтын жағдайларда, оларды қолдану қажеттiгi жоқ болған кезде, iстердi лауазымды адамдары осы Кодекстiң 636-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар тиiстi орган осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген шараларды қолданбай қарауы мүмкiн.
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
540-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияларды құру тәртiбi
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды жергiлiктi атқарушы органдар комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелерi және комиссияның жауапты хатшысы құрамында құрады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның төрағасы мен жауапты хатшысы тиiстi мемлекеттiк органдар аппараттарының штаттағы қызметiнде болады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияны құру мен оның қызмет iстеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.
32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің
қайта қарауға жататындығы, лауазымды
адамдардың істерді қарау және әкімшілік
жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
ҚР 28.03.03 ж. N 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. N 428-II; 02.07.03 ж. N 451-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 541-бап өзгертілді
541-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы Кодекстiң 80-86, 95-112, 115, 117, 124, 127, 129, 135-138, 139 (екiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде), 142, 143, 147 (үшiншi бөлiгiнде), 148-157, 158, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 162, 163, 168-1, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 179, 183, 184, 188, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203, 213, 214, 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 308, 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 318-322, 324-328, 329 (екiншi бөлiгiнде), 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде) 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 339, 340, 342-357, 359, 361, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (үшiншi бөлiгiнде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413-419, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 436 (екiншi бөлiгiнде), 437, 442, 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 447 (екінші, үшінші бөліктерінде), 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (үшінші және 6-1 бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 466, 467 (бiрiншi үшiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 467-1, 468 (екiншi бөлiгiнде), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 491 (екiншi бөлiгiнде), 492 (екiншi бөлiгiнде), 493 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498 (екiншi бөлiгiнде), 501, 502, 513-537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
542-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссиялар
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялар кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 543-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 543-бап өзгертілді
543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 113, 114, 116, 131-134, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 159, 160, 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 337, 338 (екiншi бөлiгiнде), 341, 364, 365, 367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн), 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377-380, 387, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 132, 159, 160, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 159, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 130-132, 159, 165, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 472-475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында (азаматтарға қатысты) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - арнайы шендерi бар жол полициясының қызметкерлерi;
8) осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 113, 114, 116, 333 (екiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн (iшкi iстер жүйесiнiң тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн) - iшкi iстер органдары жүйесi тергеу изоляторларының бастықтары;
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 544-бап өзгертілді
544-бап. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдары
1. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдары осы Кодекстiң 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдарының атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары және олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, қалалар мен аудандардың өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 545-546-баптар алынып тасталды
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 547-бап өзгертілді
547-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 548-бап жаңа редакцияда
548-бап. Көлiк бақылау органдары
1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 246, 247, 439, 440, 441, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459-460 (әуе кемелерiндегi, теңiз көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 463 (бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде iрi көлемдi немесе қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, сондай-ақ салмақ немесе көлем параметрлерi белгiленген нормативтерден асып түсетiн көлiк құралдары арнаулы рұқсатсыз жүрiп өткен жағдайларда), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479-481 (әуе кемелерiндегi, теңiз көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Көлiк бақылау органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
осы Кодекстiң барлық баптары бойынша көлiк бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
139 (бiрiншi бөлiгiнде), 440, 441, 447, 454 (төртiншi бөлiгiнде), 455, 456, 463 (екiншi бөлiгiнде), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479, 480, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша - көлiк бақылау органдарының осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауы керек.
ҚР 07.01.03 ж. N 372-II; 03.06.03 ж. N 428-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 549-бап өзгертілді
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 441, 443, 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 454 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 479-481, 488-490, 491 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 493 (бiрiншi бөлiгiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 497, 498 (бiрiншi бөлiгiнде), 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 89-94, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторы азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
551-бап. Авторлық құқықтар жөнiндегi органдар
1. Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 128, 145-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға Авторлық құқықтар жөнiндегi комитеттiң төрағасы мен оның орынбасарлары, әдiлет басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
552-бап. Көшi-қон және демография жөнiндегi органдар
1. Көшi-қон және демография жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон және демография жөнiндегi органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді
553-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi
орталық атқарушы органының органдары
1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының органдары осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 504 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияға ведомстволық бағынысты, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлерде жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуi мен жарылғыш материалдарды сақтау, пайдалану және есепке алу жөнiндегi ережелердiң, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылуы жайындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы аумақтық органдарының құрамына кiретiн облыстық, облысаралық, теңiз, Астана және Алматы қалаларының инспекцияларының бастықтары мен олардың орынбасарлары, салалық инспекциялардың бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, техникалық және кен қадағалау жөнiндегi департаментiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор болып табылатын директоры мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының төрағасы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары - азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаларының бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-250, 261, 264-266, 270-272, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгінде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк аға инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;