айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) әуе көлiгiнiң республикаiшiлiк линиялардағы кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы автобуста, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көлiк қызметкерлерiнiң жолаушылардың билетсiз жол жүруiне ымыраласуы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 480-бап өзгертілді
480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін және теңдеме жүктi алып жүру
1. Темiр жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -
белгiленген нормадан тыс әрбiр килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темiр жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті алып жүру, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
481-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң
сақталуын қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзу және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау жабдықтарын бүлдiру, -
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темiр жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi
ережелердi бұзу
1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен
жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу
Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
484-бап. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн өзге де машиналар мен
жабдықтарды пайдалану ережелерiн үнемi бұзу
Тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468-баптарында, 470-бабының екiншi бөлiгiнде, 474, 475 және 483-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасау, -
азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тракторларды және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзу құқығынан айыруға және тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
485-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын
бүлдiру
1. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және жол қозғалысын реттейтiн басқа да құрылғыларды немесе техникалық құралдарды бүлдiру, соның iшiнде жол төсемесiн ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және төсемесi жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылғылар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақытында бұтамау салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының көрiнуiн шектеу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiрген бұзушылықтар, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
486-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын
күтiп-ұстау ережелерiн бұзу
1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiр жол өткелдерi мен жол құрылғыларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген өзге де талаптарды лауазымды адамдардың орындамауы, -
жолдардың, темiр жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылғыларының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген бұзушылық, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның жол қозғалысын ұйымдастыруға немесе жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
жолдардың, темiр жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
487-бап. Жерасты коммуникацияларының байқау құдықтарын күтiп-ұстау
ережелерiн жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей
дәрежеде бұзу
1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктерiндегi байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау, -
жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылық, -
жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
488-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен пайдалану
ережелерiн бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылық, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - отызға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
489-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол
құрылғыларын пайдалану мен қорғау ережелерiн бұзуы
Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
490-бап. Магистральды құбырларды қорғау ережелерiн бұзу
Магистральды құбырларды қорғау ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
491-бап. Радиотрансляциялық торапты өз бетiнше орнату немесе пайдалану
1. Радиотрансляциялық торапты, оның қуатына қарамастан, арнайы рұқсат алмай орнату немесе пайдалану, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
радиотрансляциялық торапты тәркiлей отырып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 492-бап өзгертілді
492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды
(жабдықтарды) өз бетiнше қосу
1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) өз бетiнше қосу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркiлей отырып немесе онысыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радиобайланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
493-бап. Арнайы рұқсат алмай радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары
жиiлiктегi құрылғыларды жасау, шет елден әкелу, иемденiп
алу, жобалау, құру, орнату, пайдалану, сондай-ақ сату не
тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру, радиожиiлiктi
пайдалану
1. Арнайы рұқсат алмай радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды жасау, шетелден әкелу, иемденiп алу, жобалау, құру, орнату, пайдалану, сондай-ақ сату не тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру, радиожиiлiктi пайдалану, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тәркiлей отырып немесе онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодексте радиоэлектронды құралдар деп радиотолқындарын беруге және қабылдауға арналған бiр не бiрнеше радиоберушi не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе соларды бiрiктiруден және көмекшi жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсiнiледi; жоғары жиiлiктегi құрылғылар деп электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе сол сияқты мақсаттарда жинауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдықтар немесе аспаптар түсiнiледi.
Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды теле- және радиохабарлары бағдарламаларын жеке қабылдау үшiн пайдалану, сондай-ақ радиосәуле шашатын құрылғылары жоқ тұрмыстық электроника бұйымдарын пайдалану әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соқпайды.
494-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды тiркеу, жобалау, құру, орнату, пайдалану
ережелерiн бұзу
1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу, жобалау, құру, қондыру ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану ережелерiн, радиоалмасу және радиожиiлiктерiн пайдалану ережелерiн бұзу, радиосәуле шашудың мемлекеттiк стандарттарын, нормалары мен рұқсат етiлген өлшемдерiн сақтамау, -
радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi қондырғыларды тәркiлей отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тәркiлей отырып немесе онысыз, радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге пайдалану құқығынан айыруға әкеп соғады.
495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау
ережелерiн бұзу
1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
496-бап. Сертификаттанбаған байланыс құралдарын пайдалану және
сертификаттанбаған байланыс қызметiн көрсету
1. Байланыс желiлерiнде сертификаттанбаған байланыс құралдарын пайдалану немесе сертификаттанбаған байланыс қызметiн көрсету, егер мұндай қызметтер сертификаттауға жататын болса, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
сертификаттанбаған байланыс құралдарын тәркiлей отырып немесе онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
497-бап. Электр және пошта байланысын пайдалану тәртiбiн реттейтiн
нормативтiк құжаттар талаптарын сақтамау
Электр және пошта байланысын пайдалану тәртiбiн реттейтiн стандарттар, нормалар, ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтiк құжаттар талаптарын сақтамау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 07.01.03 ж. N 372-II Заңымен 497-1-баппен толықтырылды
497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану
жөніндегі талаптарды бұзу
Акпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 07.01.03 ж. N 372-II Заңымен 497-2-баппен толықтырылды
497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы, -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 07.01.03 ж. N 372-II Заңымен 497-3-баппен толықтырылды
497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу
Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
498-бап. Мемлекеттiк стандарттарға немесе жол берiлетiн радиокедергi
деңгейi нормаларына сәйкес келмейтiн техникалық құралдарды
жасау, өткiзу немесе пайдалану
1. Қолданылып жүрген мемлекеттiк стандарттарға немесе жол берiлетiн индустриялдық радиокедергi деңгейi нормаларына сәйкес келмейтiн техникалық құралдарды жасау, өткiзу немесе пайдалану, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
техникалық құралдарын тәркiлей отырып немесе онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Теле- және радиоқабылдағышқа индустриялдық кедергi жасайтын техникалық құрал деп электротехника, радиотехника және (немесе) электроника заңдары негiзiнде жұмыс iстейтiн және құрамында электрондық бөлшектерi және (немесе) схемасы бар кез келген техникалық бұйымдар, жабдықтар, аппаратура және (немесе) олардың құрамдас бөлiктерi түсiнiледi.
499-бап. Байланыс құрылыстарын өз бетiнше салу немесе пайдалану
Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу немесе пайдалану, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру
1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
501-бап. Пошта төлемiнiң жасанды мемлекеттiк белгiлерiн жасау немесе
өткiзу
Пошта төлемiнiң жасанды мемлекеттiк белгiлерiн өткiзу мақсатында жасау немесе өткiзу, -
пошта төлемiнiң жасанды мемлекеттiк белгiлерiн, сондай-ақ оларды жасау құралдарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
502-бап. Көлiктi және әлеуметтiк инфрақұрылымның басқа да
объектiлерiн мүгедектерге қолайлы болуы және олардың
пайдалануы үшiн бейiмдеу жөнiндегi шараларды орындамау
Ұйымдардың лауазымды адамдарының қолданылып жүрген көлiк, байланыс және ақпарат құралдарын, тұрғын үйлер мен әлеуметтiк инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн мүгедектерге қолайлы болуы және олардың пайдалануы үшiн бейiмдеу жөнiндегi шараларды орындамауы, сондай-ақ мүгедектердiң осы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажеттi қаржыны жергiлiктi бюджетке төлеуден жалтаруы, -