Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы;
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II 554-1-баппен толықтырылды
554-1-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123, 259-275, 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттiк инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 555-бап өзгертілді
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 187 (екiншi бөлiгiнде), 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 420, 422, 425, 431, 435, 436 (бiрiншi бөлiгiнде), 438-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 556-бап өзгертілді
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар;
2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 463, 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 470-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы, аға инспектор, сондай-ақ белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттан тыс инспекторлары болып тағайындаған офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар - ескерту түрiнде әкiмшiлiк шаралар қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл ғана көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 557-бап өзгертілді
557-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiнші бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, темiр жол және әуе көлiгi объектiлерiндегi және басқа да объектiлердегi мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер
министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң санитариялық
қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
559-бап. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас мал дәрiгерлiк инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттiк шекара мен көлiктегi мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспектор, облыстардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мал дәрiгерлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мал дәрiгерлiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
аудандардың, қалалардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары, селолық округтердiң мал дәрiгерлiк инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ведомстволық мал дәрiгерлiк қызметтiң мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген мал дәрiгерлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдары лауазымды адамдарының:
1) өткiзу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темiр жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 560-бап өзгертілді
560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 307, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi республиканың Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бac мемлекеттiк инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аудандық қызметтер, шекаралық пункттер мен посттардың мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II 560-1-баппен толықтырылды
560-1-бап. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын
реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 309-1, 309-2 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II 560-2-баппен толықтырылды
560-2-бап. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 294, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсiмдiк қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы - азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiк қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 561-бап өзгертілді
561-бап. Су ресурстары жөнiндегi органдар
1. Су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281 көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар; cу ресурстары жөнiндегi аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 562-бап жаңа редакцияда
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 563-бап өзгертілді
563-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 118-121, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөнiндегi республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 564-бап алынып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 565-бап жаңа редакцияда
565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 566-бап өзгертілді
566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды
567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 568-бап жаңа редакцияда
568-бап. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс
инспекциясы органдары
1. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы органдары осы Кодекстiң 130, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасарлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда
569-бап. Статистика органдары
1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика жөнiндегi басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-бап өзгертілді
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi бөлiгiнде), 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 146, 166, 205-212, 215-219, 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 570-1-бап өзгертілді
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 146, 159, 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 166, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 571-бап өзгертілді
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) алып тасталды
2) осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетiнiң төрағасы мен оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары құқылы.
3) алып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II Заңымен 571-1-баппен толықтырылды
571-1-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу
жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 28.03.03 ж. N 398-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 572-бап өзгертілді
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 168, 168-2 (екiншi, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер - валюталық бақылау мәселелерi бойынша, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169, 180-182, 187, 189, 218 (валюталық бақылау мәселелерi бойынша) баптарында, сондай-ақ мемлекеттiк статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн деректерi бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.