ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 237-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
237. Қаржы министрлiгi мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң нақтыланған жоспарын жеткiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 238-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
238. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiн қаржыландыруды оның мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары Шығыстардың бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша да және айлар бойынша да оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң тиiстi жоспарларының сомасына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқығы бap.
7-бөлiм. Операцияларды есепке алу
24-тарау. Бюджеттiң атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу
239. Операцияларды есепке алу - бюджеттің және мемлекеттiк мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуын, кiрiстер жоспарының және ақылы қызметтердiң қаражаты есебiнен қаржыландырудың атқарылуын, демеушілік пен қайырымдылықтан түсетiн қаражаттың және депозиттiк қаражаттың түсуiн және жұмсалуын есепке алуды қамтамасыз ететiн рәсімдердiң жиынтығы.
240. Республикалық бюджеттiң, үкiметтiк борыштың және мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес борыштың, қайтарымды негiзде республикалық бюджет қаражатын алушылар борышының атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды Қаржы министрлiгi, жергiлiктi бюджет бойынша жоғарыда аталған операциялар бойынша есепке алуды - Қаржы министрлiгi органдарының ақпараттары негiзінде жергiлiктi уәкілеттi органдар жүргiзедi.
Мемлекеттік мекемелердің мiндеттемелерi мен төлемдерi, мемлекеттiк мекемелердің қабылдаған міндеттемелерi мен кредиторлық берешегi, бюджет қаражатын алушылардың мемлекеттік мекемелер алдындағы орындалмаған мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарларының, ақылы қызметтер қаражаты есебiнен кiрiстер мен қаржыландыру, демеушiлік көмектен және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың, депозиттiк қаражаттың, бюджет қаражатының есебiнен де, сол сияқты ақылы қызметтер, демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаты есебiнен де сатып алынған активтер мен материалдық құндылықтар есебiнен түсiмдер мен жұмсалу бойынша жоспардың атқарылуы жөнiндегi операцияларды есепке алуды мемлекеттiк мекеме жүргiзедi.
241. Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған операцияларды есепке алуды мемлекеттiк мекемелер деректерiнің, БҚЖ бойынша, ҚҰБ, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттар бойынша және елiмiзден тыс жерлердегi банктерде ашылған шоттар бойынша электрондық төлем құжаттары мен жазбалары негiзiнде жүргiзедi.
Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қазынашылықтың аумақтық органдары мен мемлекеттiк мекемелердің ақпараттары негiзiнде жүргiзедi.
Мемлекеттiк мекемелер бюджеттің атқарылуы және мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жөнiндегi операцияларды есепке алуды:
мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарының көрсеткiштерi;
берiлген рұқсаттар туралы, қазынашылық органдарында тiркелген мiндеттемелер туралы, бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы қызметтер, демеушiлiк және қайырымдылық көмектің қаражаты есебiнен де сатып алынған активтер мен материалдық құндылықтар туралы қазынашылық органы ақпараты;
мемлекеттiк мекеменiң кассасында бар қолма-қол ақша түрiндегi бюджет қаражатын есепке алу негiзiнде жүргiзедi.
242. Мемлекеттiк мекемелердегi есептi жүргiзуге жауапты адамдар оның басшысының бұйрығымен тағайындалады және мемлекеттiк мекемелердегi операцияларды есепке алудың уақытылы және дұрыс жүргiзiлуiне жауап бередi.
243. Бюджеттің атқарылуы жөнiндегi операцияларды есепке алу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
244. Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен, өзiнiң құзыретi шегiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бюджеттiң атқарылуы және мемлекеттiк мекемелердегi есепке алу бойынша операцияларды есепке алуды жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
25-тарау. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген заемды
және кредит берудi есепке алу рәсiмдерi
245. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген заемды, бюджеттерден кредит берудi есепке алу мемлекеттiк және мемлекет кепілдік берген борышты уақытылы басқару үшін және мемлекеттiк функцияларды орындау үшiн жүргiзiледi.
Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты, бюджеттерден кредит берудi есепке алуды жүргiзу үшiн мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген заемдар мен бюджеттен кредит берулердi тiркеу және есепке алу жүргiзiледi.
246. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды және олардың нәтижесінде туындаған борыштарды тiркеудi және есепке алуды Шоттардың бiрыңғай стандарты жоспарына сәйкес Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен өзi жүргiзедi.
247. Мыналар тiркеуге және есепке алуға жатады:
Қазақстан Республикасының Yкiметi,
ҚҰБ,
Қазақстан Республикасының жергіліктi атқарушы органдары тартқан:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заемдары (бұдан әрi мемлекеттiк заемдар);
Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заемдары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар).
248. Заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында тартылған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу кезiнде Қаржы министрлiгi 19 және 20-қосымшаларға сай нысанда тiркеу куәлiктерiн бередi.
249. Тiркелген құжаттарға, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеуге өздерi негiз болған құжаттарға енгiзiлген өзгерiстер туралы ақпараттарды заемшы мұндай өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн 10 күн iшiнде Қаржы министрлiгінде есепке алу үшін ұсынуы тиіс.
26-тарау. Yкiметтiк заемдарды тiркеу және есепке алу
250. Қазақстан Республикасының Yкіметі тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында - заем туралы шарт(келiсiм) негiзiнде жүзеге асырылады;
Капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған бағалы қағаздар эмиссиясы нысанындағы - мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы және оларды орналастыру нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады;
капиталдың iшкi рыноктарында орналастырылған мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында - аукцион жүргiзу немесе жазылу әдiсi және мемлекеттiк заемдарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамының қуаттауы арқылы мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
251. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттiк заемдар тiзiлiмiне енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
252. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келiсiмнің) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудің номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгiзу арқылы жүргiзiледi.
253. Мынадай нысанда Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан үкiметтiк заемдарды тiркеу:
заем туралы шарт (келiсiм) жасасу - заем туралы шартқа (келiсiмге) қол қойылған күннен кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады;
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы - Қаржы министрлiгі эмиссияларды жүргiзгеннен кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
27-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
заемдарын тiркеу және есепке алу
254. ҚҰБ тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында - заем туралы шарттың (келiсiмнің) көшiрмесiн нотариалды растау негiзiнде;
мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - ҚҰБ мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамының қуаттауы негiзiнде жүзеге асырылады.
255. ҚҰБ тартқан (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн шығарылған қысқа мерзiмдi ҚҰБ ноталарынан басқа) заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттік заемдар тiзiлiмiне енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
256. ҚҰБ тартқан заемдарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн шығарылған қысқа мерзiмдi ҚҰБ ноталарынан басқа) заемдарды тiркеу заем туралы шарттың (келiсiмнің) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
257. Өздеpi тартқан заемдарын тiркеу үшiн заемдарын тiркеу үшiн ҚҰБ осы ереженiң 254-тармағында көрсетiлген құжаттарды заем туралы шартқа (келiсiмге) қол қойғаннан немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде Қаржы министрлiгiне ұсынады.
258. ҚҰБ заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшінде жүзеге асырылады.
28-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың
заемдарын тiркеу және есепке алу
259. Жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында - заем туралы шарттың (келiсiмнiң) көшiрмесiн нотариалды куәландыру негiзiнде;
мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - аймақтық инвестициялық бағдарламаны келiсу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы және жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамның қуаттауы негiзiнде жүзеге асырылады.
260. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттiк заемдар тiзiмiне енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
261. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келiсiмнiң) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгiзу арқылы жүргiзiледi.
262. Өздерi тартқан заемдарын тiркеуi үшiн жергiлiктi атқарушы органдар Заем туралы шартқа (келiсiмге) қол қойғаннан немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде, осы Ереженің 259-тармағында көрсетiлген құжаттарды Қаржы министрлігiне ұсынады.
263. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар берiлгеннен кейiн 10 күн iшінде жүзеге асырылады.
29-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген
заемдарды тiркеу және есепке алудың рәсімдерi
264. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу және есепке алу заем туралы шарттың (келiсiмнің) нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң негiзінде жүзеге асырылады.
265. Өздерiнің тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеу үшiн заемшылар заем туралы шартқа (келiсiмге) қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде заем туралы шарттың (келiсiмнiң) нотариалды куәландырылған көшiрмесiн Қаржы министрлiгiне ұсынады.
266. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерін беру және оны мемлекеттік заемдар тiзiмiне енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
267. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келiсiмнiң) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгiзу арқылы жүргiзiледi.
268. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
30-тарау. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
борышты есепке алу
269. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес борышты (бұдан әрi - борыш) есепке алу борышты басқару мақсатында жүргiзiледi.
270. Борышты есепке алу Қаржы министрлiгi анықтаған, ол белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың бухгалтерлiкесебi шоттарының жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
271. Қаржы министрлiгінде тiркелген заем туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарына сәйкес борыш сомасы, борыштың негiзгi сомасын өтеу, сыйақыларды (мүдделердi) төлеу мөлшерiн есепке алу жүргiзiледi.
272. Мемлекеттiк борыштың бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарына сәйкес келетiн борыш көлемiнің өзгеруiн есепке алу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен мыналардың негiзiнде жүргiзiледi:
қарыз ақша шотынан алынған қаражатты растайтын шетел несие берушiсiнің көшiрмесi. Мұндай көшiрме есептік деректерде мемлекеттiк сыртқы борыштың негiзгi сомасын арттыру үшiн негiздеме болып табылады;
iшкi несие берушiнің төлем құжатын. Мұндай құжат есептiк деректерде мемлекеттiк iшкi борыштың негiзгi сомасын арттыру үшін негiздеме болып табылады;
мемлекеттiк сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету мақсатында ашылған Қаржы министрлігінiң валюталық шотынан ҚҰБ көшiрмесi. Бұл орайда, есептiк деректердегi мемлекеттiк сыртқы борыштың негiзгi сомасын азайту және ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеудi есепке алу ол бойынша мемлекеттiк сыртқы борыштың негiзгi сомасын өтеу және қызмет көрсету есебiне тиiстi төлемдер туралы шетел несие берушiсiнің хабарламасы негiзінде жүргiзiледi;
iшкi борыштың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеу жөнiндегi төлем құжаты. Мұндай құжат есептi деректерде мемлекеттiк iшкi борыштың негiзгi сомасын азайтуға және ол бойынша сыйақыны төлеудi есепке алуға негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 273-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
273. Есепке алу заем валютасында жүргiзiледi. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыштың жағдайы туралы есептiлiк нысаны белгiлi бiр күнге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бағамы бойынша АҚШ доллары және/немесе ұлттық валютада берiледi.
31-тарау. Бюджеттен кредит берудi тiркеу
274. Бюджеттен кредит берудi есепке алу шартқа сәйкес оның негiзгi сомасының бюджеттiк қаражатын өтеу мен ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеуге Қаржы министрлiгi мен республикалық бюджеттен қаражат алушы арасындағы, жергiлiктi уәкiлеттi орган мен шартқа сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттік қаражаттарды алушы арасындағы шарт жағдайының сақталуын бақылау мақсатында жүргiзiледi.
275. Бюджеттен алынған кредит сомасын есепке алу, бюджетке өтеу және сыйақыларды (мүдделердi) төлеу Қаржы министрлiгiнде тiркелген Шарт жағдайларына және белгiленген тәртiпте Қаржы министрлiгiмен анықталатын мемлекеттiк және мемлекет қарызымен кепілденген бухгалтерлiк есепке алу есептерiнің жоспарымен жүргiзiледi.
276. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың бухгалтерлiк есебiнiң шоттары жоспарының тиiстi шоттарында кредиттер көлемiнiң өзгеруiн есепке алу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiп:
тиiстi бюджеттен кредит бөлу жөнiндегi төлемдердi жүзеге асыру Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi органның төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. Бұл ретте осындай құжат есепке алынған деректердегi кредит беру көлемiнiң артуы үшiн негiз болып табылады;
бюджет қайтарымдық негiзде бюджеттiк қаражатты алушының төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. Бұл ретте есепке алынған деректердегi кредит беру көлемiнiң азаюы және тиiстi кредит беру бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеудi есепке алу үшiн негiз болып табылады.
32-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң активi бойынша
операцияларды есепке алу
277. Активтер - құндық бағасы бар мемлекеттiк мекеменің мүлiктерi. Мемлекеттiк мекемелердiң активтерi мемлекеттiк басқарудың қызметтерiн және мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға пайдаланылады.
278. Қаржы министрлiгi:
мемлекеттiк мекемелер активтерiнің бiрыңғай жiктелiмiн әзiрлейдi және бекiтедi;
өзi бойынша тозу есептемейтiн активтердiң тiзбесiн және активтердi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
Қазынашылықтың аумақтық органдары:
мемлекеттiк мекемелер активтерiне жүйелi түгендеу нөмiрiн бередi;
мемлекеттiк мекемелер активтерiнiң болжамын және олардың тозуын есептеуді жүзеге асырады. Тозу активтер санаты бойынша олар есептi жылдың қандай айында сатып алынғанына немесе белгiленген нормаларға сәйкес пайдаланылуға берiлгенiне қарамастан толық күнтiзбелiк жылға анықталады. Активтер құнының 100 процентiнен артығына тозуды есептеу жүргiзiлмейдi;
тозудың белгiленген нормасына 100 проценттiк қатынас ретiнде мемлекеттiк мекемелер активтерiнің қызмет мерзiмiн (пайдалы) анықтайды. Құнның 100 проценттiк мөлшерiнде тозуды есептеу немесе оларды одан әрi пайдалану мүмкін болған жағдайда активтің қызмет мерзiмiнiң (пайдалы) асып түсуi есептен шығаруға негiз болып саналмайды;
мемлекеттiк мекемелер активтердiң бар-жоғын және оның қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 279-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
279. Мемлекеттiк мекемелер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен нысандар бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына:
мемлекеттік мекемелердің автивтері бойынша ақпаратты;
заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк мекемелерге өтеусiз негiзде берілген активтердi қоса алғанда олардың мемлекеттiк мекемелер алғаннан кейiн 10 күн iшiнде мемлекеттiк мекемелерге түскен активтер туралы ақпаратты;
есептен кейiнгi келесi айдың 5-i күнi мемлекеттiк мекемелердің активтерi туралы ақпаратты беруге міндеттi.
Қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк мекемелер активтер жөнiндегi ақпаратты аумақтық қазынашылық органдарына бермейдi, олардың активтерiн есепке алу тиiстi мемлекеттік органдармен бiрлесiп Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен басқа мемлекеттік мекемелердiң активтерiн есепке алудан бөлек жүргiзiледi.
280. Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарына берiлген активтер бойынша ақпараттың дұрыстығына және оның мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлік есебінің деректерiне салыстырмалылығына мемлекеттiк мекеменiң басшысы жауап бередi.
33-тарау. Құпиялық белгісi қойылған бюджеттiң атқарылуы
жөнiндегi операцияларды есепке алу
281. Өздерi үшiн қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк органдардың бюджеттің атқарылуы бойынша ақпарат бepy, операцияларды есепке алу және есептiлiк Қаржы министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
8-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер үшін есептілік (мерзiмдiк және
жылдық) нысандарын жүргізудiң рәсiмi
282. Бюджеттiң атқарылуы бойынша есептілік нысандарының тiзбесiн, олардың нысандарын, мерзiмділігін, оларды қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
283. Қазынашылықтың аумақтық органдары заңдарда белгiленген тәртiппен есептiк нысандарды күн сайын, ай сайын және тоқсан сайын қалыптастырады.
284. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша бюджеттiң атқарылуы туралы есептiлiктi ұсынады.
285. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары жергiлiктi уәкiлеттi органдар және мемлекеттiк мекемелер үшiн күн сайын мынадай:
тиiстi жергілiктi уәкілеттi орган үшін бюджеттiк ақшаларды басқару және КСН есебiнен төлемдердi iске асыру жөнiндегi шешiмдер қабылдау үшiн 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттiң әрбiр түрi бойынша алдыңғы банк күнiндегi КСН-дағы қалдықтар туралы;
күн сайын ақшаларды басқару және төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi олардың шешiмдер қабылдауы үшiн 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемелердің KCH-дағы қалдықтар туралы есептiлiк нысандарын қалыптастырады.
286. Қаржы министрлiгi мен оның аумақты органдары салық және жергiлiктi yәкілетті органдар үшiн күн сайын мынадай:
22-қосымшаға сәйкес 2-08-нысаны бойынша шикiзат секторының ұйымдарынан алынатын түсiмдер туралы;
23 және 24-қосымшаларға сәйкес 2-15 және 2-16 нысандары бойынша Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кірiстер жіктелiмiнің кодасы бойынша бюджетке түскен түсiмдер туралы;
25-қосымшаға сәйкес 2-19 нысаны бойынша республикалық облыстық, Астана және Алматы қалалары және аудандық (қалалық) бюджеттердiң арасындағы бюджетке түсетiн түсiмдердi бөлу туралы;
26-қосымшаға сәйкес 2-30 нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кiрiстер жiктелiмі кодтарының арасындағы түсiмдердi көшiру туралы;
27-қосымшаға сәйкес 2-31 нысаны бойынша салық органдарының арасындағы түсiмдердi көшiру туралы;
28-қосымшаға сәйкес 2-29 нысаны бойынша салық төлеушiлерге бюджеттен түсiмдердi қайтару туралы есептiлiк нысандарын қалыптастырады.
287. Қазынашылық органдары бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер үшiн олардың сұрауы бойынша мынадай:
29-қосымшаға сәйкес 4-20-нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің берген рұқсаты бойынша мемлекеттiк мекемелердің өздерiнің бухгалтерлiк есебiн жүргiзу үшiн мiндеттемелерi, олардың қабылдаған мiндеттемелерi, төленбеген мiндеттемелерi орындалуы, шығыстарды қалпына келтірудi ескере отырып кассалық шығыстары туралы;
30-қосымшаға сәйкес 5-25 нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң шығыстарын талдау туралы;
31-қосымшаға сәйкес 4-12 нысаны бойынша мемлекеттiк мекеменiң орындалмаған мiндеттемелерi туралы;
32-қосымшаға сәйкес 5-26 нысаны бойынша төлеуге қойылған шоттар туралы;
33-қосымшаға сәйкес 6-11 нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мен олардың бағынысты мемлекеттік мекемелерiнiң сұрауы бойынша активтер туралы есептiлiк нысандарын қалыптастырады.
288. Жоғарыда санамаланған есептiлiк нысандары бюджет ақшалары тиiмді басқару үшiн, мемлекеттiк мекемелердің қаржыландырылуын егжей-тегжейлi жоспарларын орындау жөнінде бухгалтерлiк есептi жүргiзу және олардың активтерiн есепке алу үшiн пайдаланылады.
289. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға есептер ұсынады.
9-бөлiм. Бюджеттiң атқарылуын бақылау
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 290-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
290. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдарының және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылау жүргiзуi нәтижесiнде мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттен бөлiнген қаражаттарды бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) мақсаттарына сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануының анықталған фактiлерi бойынша мынадай құжаттар толтырылады:
34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада бақылау жүргiзу актiсi;
нұсқама - төрт данада мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғаларының мiндеттi түрде орындауы үшiн жiберiлетiн 9-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат (бұдан әрi - нұсқама).
Бақылау жүргiзу актiсi мен нұсқаманың бiрiншi данасы бақылауды iске асыратын мемлекеттiк органда қалады, бақылау жүргiзу актiсi мен нұсқаманың екіншi данасы бақылау объектiсінде қалады, нұсқаманың үшiншi және төртінші даналары тиiсiнше бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi беретiн рұқсатнамалар шегінде бюджеттiк қаражатты қайтарып алу жөнінде міндеттемелер қабылдауға арналған өтiнiмдi қалыптастыратын мемлекеттiк мекемеге жiберiледi.
Республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қаржы министрлiгi, жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жергілікті уәкілеттi органдар болып табылады.
Нұсқамада көрсетiлген мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражат сомасы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қайтарып алуын жүзеге асыру үшiн міндеттi болып табылады.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген кредиттердi мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда заемшы мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражаттың сомасын қайтарады және мақсатқа сай пайдаланылмаған соманың 25% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттiң сомасына, сол сияқты бюджетке қайтарылуға жататын және заемшының осы Ережелерге сәйкес кредит шартында белгiленген игерiлу мерзiмiнен кейiн пайдаланылған сомаларда жатады.
291. Бюджеттiк кредиттердi игеруге, мақсатты пайдалануға, уақтылы және толық өтеуге бақылау жасауды:
Қаржы министрлiгi - тиiстi бюджеттерден берiлген барлық кредиттер бойынша;
жергiлiктi атқарушы орган - жергiлiктi бюджеттерден берiлген кредиттер бойынша;
банк-заемшылар - түпкi заемшыға байланысты жағдайда барлық бюджеттiк кредиттер бойынша жүзеге асырады.
292. Бюджеттiк кредиттердiң тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттiкбағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
293. Кредит берушi бақылау мақсатында бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерінен және банк-заемшылардан бюджеттік кредиттерге байланысты қажеттi ақпаратты талап етуге құқықты.