331. Қаржы министрлiгi ҚҰБ алынған төлем құжаттарының негiзiнде Қордың ақшасын есептеу және оны пайдалану жөнiндегi операциялардың бухгалтерлiк есепке алуды Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
332. Қаржы министрлiгi және ҚҰБ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты бойынша салыстыруды жүзеге асырады.
40-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы есептiлiктi жүргiзу рәсiмi
333. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы есептi есептiден кейiнге тоқсанның 1-i күнiне тоқсан сайын және бiр жылға Қазынашылық комитетi жасайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 334-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
334. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгiленген мерзiмде ҚҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы жылдық есептi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтілген нысандар бойынша балансты және есептердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң балансын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кiрiстерi мен шығыстары туралы есептi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша қозғалысы туралы есептерiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегi өзгерiстер туралы есептердi;
3) Қорды басқару жөніндегі өзге де деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгіленген мерзiмде сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қорды басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне енгiзедi.
13-бөлiм. Ақылы қызметтi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық
көмектен алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң
депозиттік қаражатын қалыптастыру және пайдалану
41-Тарау. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражат
335. Мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетін ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тәртіппен ақылы қызметтерден түсетiн қаражатты пайдалану рұқсат етілетін мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда анықталады. Қалған мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi сатудан түсетiн түсiмдерiн бюджетке есептейді.
336. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптама кодтарын, ақылы қызметтерiнің түрлерін, түciмдepдің құралу көздерi мен пайдалану бағыттарын көрсете отырып, ақылы қызметтердiң тiзбесiн Қаржы министрлiгi бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 337-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
337. Ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен операцияларды жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме жыл сайын мынадай тәртiппен 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кiрiстердiң және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
жоспардың кiрiс бөлігіне мемлекеттiк мекеменiң жылдың басындағы тиiстi ҚБШ-ның қалдықтары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы қызметтердiң тиiстi түрi бойынша түсiмдер енгiзiледi;
жоспардың шығыс бөлiгiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша ақылы қызметтердің түрлерi бойынша шығыстар енгiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жоспарларды, шығыстардың экономикалық жiктелiмiнiң әрбiр ерекшелiгiнің сыныптамасы бойынша кiрiстер мен шығыстар бойынша есептемелердi, сондай-ақ оған қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 338-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
338. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары негiзiнде 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кірістердiң және шығыстарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын (бұдан әрі - жиынтық жоспар) жасайды және бекiтедi;
мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен расталған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспарын ведомстволық, бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарларымен бiрге келiсу үшiн ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгiне бередi. Жиынтық жоспар қағаз және магниттiк түрлерде, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары - магниттік түрде беріледі;
басшы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жергіліктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық жоспарын келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде тиiстi жергілiктi уәкілеттi органға бередi;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстардың әрбiр түрi бойынша есептемелердi ұсынады;
жиынтық жоспарға қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
Жиынтық жоспар мен оған есептемелердi жасаудың дұрыстығына нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 339-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
339. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексередi.
Тексеруден кейiн Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы куәландырылған жиынтық жоспарды Қаржы министрлiгiнің басшысы және жергiлiктi уәкiлеттi органның келiседi бекiтедi және мөрмен куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
340. Келiсiлген жиынтық жоспардың бiр данасы Қаржы министрлiгiнде (жергiлiктi уәкiлеттi органда) қалады, екiншi данасы мемлекеттік мекемелердiң жоспарларымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-1-тармақпен толықтырылды
340-1. Жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн ақылы қызметтер бойынша кірiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын бекiтпеген жағдайда мемлекеттiк мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде есептi жылдың 31 желтоқсанына ақылы қызметтер жөнiндегi қалдықтардың және есептi қаржы жылы жоспарларының шегiнде жүргiзiлген шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргiзе алады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-2-тармақпен толықтырылды
340-2. Егер жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiн Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға келiсу үшiн ұсынылмаса және ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн келiсiлмесе, онда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақылы қызметтер бойынша қаражат үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-3-тармақпен толықтырылды
340-3. Жоспарларға немесе жиынтық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-4-тармақпен толықтырылды
340-4. Мемлекеттiк мекеме басқа мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер көрсете алады.
Мемлекеттiк мекемеге заңнамаға сәйкес оған ашылған бюджеттік шоттан және басқа шоттардан қаражатты өзiнiң ақылы қызметтер шотына аударуға тыйым салынады.
Түзеу мекемелерiне қаражатты депозиттік шоттан ақылы қызметтер шотына аударуға рұқсат етiледi.
341. Ақылы қызметтерден түсетiн шот бойынша қолма-қол ақшаға байланысты операциялар бойынша банктiк қызметтердi төлеудi мемлекеттiк мекеме екiншi деңгейдегi банкпен жасасқан шарт негiзiнде ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен жүргiзедi.
42-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң демеушiлiк және
қайырымдылық көмектен алатын қаражаты
342. Мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың демеушiлiк және қайырымдылық көмегiнен алынатын қаражатты пайдалануға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 343-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
343. алынып тасталды
344. Демеушiлiк және қайырымдылық қаражаттан түскен қаражатты жұмсау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекеменің тиiстi ҚБШ-дағы қалдықтар шегiнде жүзеге асырылады.
345. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына мемлекеттiк мекеменің басшысы жауап бередi.
346. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражат есебiнен қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар бойынша банктiк қызметтердi төлеудi мемлекеттiк мекеме екіншi деңгейдегi банкпен жасасқан шарт негiзiнде тиiстi қаражаттың есебiнен жүргізедi.
43-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң депозиттiк қаражаты
347. Мемлекеттiк мекемелердің қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекемелерге уақытша оларға билiк етуге берiлген депозиттiк қаражатты басқаруға құқығы бар.
348. Қаржы министрлiгi осы Ережеге сәйкес депозиттiк қаражатты басқару үшiн шоттар жоспарын қалыптастырады және жүргiзедi.
349. Мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк қаражатты жұмсау құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке есептелген немесе енгiзушiге қайтару кезінде басталады.
350. Депозиттiк қаражатты тиiстi алушыларға аударудың дұрыстығына ақы төлеу мерзiмi басталған сәттен бастап мемлекеттiк мекеменiң басшысы жауапты болады.
351. Тиiстi бюджетке аударылуға жататын депозиттiк сомалар үш банктiк күн iшiнде аударылуы тиiс.
352. Шоттарда депозиттiк сомаларды сақтау мынадай мерзiмдермен шектеледi:
жеке тұлғаларға берiлуге жататын депозиттiк сомалар үш жыл бойы сақталады;
заңды тұлғаларға (мемлекеттiк мекемелерден басқа) беруге жататын депозиттiк сомалар бiр жыл бойы сақталады.
Осы тармақта айтылған мерзiмдер депозиттiк сомалар атына енгiзiлген заңды немесе жеке тұлғаларға депозитке тиiстi сомалардың енгiзiлуі туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап есептеледi.
Егер атына депозиттiк сомалар енгiзiлген жеке немесе заңды тұлға шетелде тұрып жатқан және осы сомаларға билiк ету үшiн рұқсат алу керек болса, бұл мерзімдер осындай рұқсат алынған күннен бастап есептеледі.
Мемлекеттiк мекемелерге берiлуге жататын депозиттiк сомалар осы сомалар енгiзiлген жылдың 31 желтоқсанына дейiн сақталады. Қарау үшiн сот шешiмi талап етiлетiн депозитке енгiзiлген соманың сақталу мерзімi осындай шешiм қабылданған күнiнен басталады.
353. Талап етiлмеген депозиттiк сомалар олардың сақталу мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк мекеменің өкiмiмен тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
354. Қайтаруға жататын депозиттiк сомалар бойынша қолма-қол ақшалармен жасасқан операциялар жөнiндегi банктiк қызметтерді төлеу, егер қолданыстағы заңдарда өзгеше көзделмесе, ол мен банктің арасындағы шарт негізінде депозиттік соманы енгiзген тұлғаның есебінен жүргiзiледi.
44-тарау. Алматы қаласы әкiмiнiң
жанындағы бюджеттен тыс қор
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 44-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 355-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
355. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуы үшiн бюджеттен тыс жинақтарды жинақтау мақсатында Алматы қаласы әкiмiнің жанынан бюджеттен тыс қор құрылады.
Қор туралы ереженi Алматы қаласы атқарушы органының ұсынысы бойынша Алматы қаласының өкiлдi органы бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 45-тараумен толықтырылды
45-тарау. Операцияларды аккредитивтермен жүргiзу рәсiмдерi
356. Аккредитив аяқталу мерзiмi ағымдағы қаржы жылында басталатын инвестициялық жобалар шеңберiнде, инвестициялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң жабдықтарды бергенi үшiн, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары үшiн қару-жарақ пен арнайы техниканы бергенi үшiн, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының объектiлерi бойынша құжаттық есептеулер кезiнде пайдаланылады.
357. Аккредитив мемлекеттiк мекемелер республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiлермен жасасқан және заңнамада белгiленген тәртіппен тіркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу шарттарына сәйкес төлемдердi және (немесе) ақша аударуды жүзеге асыру үшiн ашылады. Шартта тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн есеп айырысулар аккредитивтердi пайдалана отырып жүзеге асырылатыны және алдын ала төленген жағдайда бөлiнген сома қандай мақсаттарға пайдаланылатыны айтылуы тиiс.
358. Аккредитив Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлерге жедел аккредитив нысанын пайдалана отырып, оның және мемлекеттiк мекеменiң арасында жасалған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есеп айырысулар жүргiзу туралы шарттың негiзiнде ашылады.
359. Мемлекеттiк мекеме мен берушiнiң арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беру жөнiндегi шарттың орындалуын ұзартқан жағдайда, бюджет комиссиясының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде аккредитивтiң қолданылу мерзiмi ұзартылады.
360. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен ашылатын аккредитивтi ашу, орындау және жабу тәртiбiн Қаржы министрлiгi анықтайды.
361. Аккредитивтi орындау мақсатында жүзеге асырылатын төлемдер есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанында жүргiзiледi.
362. Аккредитивтер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық және шетел валютасында ашылады.
363. Аккредитивтi ашу және орындау ақысыз негiзде жүзеге асырылады.
364. Аккредитив осы Ереженiң 356-тармағында көрсетiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдаланылмаған ақшалай қаражаттың қалдығы сомасына ашылады, ақы төлеу аккредитивтiң шарттарын орындау кезiнде жүзеге асырылады.
365. Ағымдағы жыл аккредитивiнiң пайдаланылмаған сомасын қайтару бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелiгi бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру жолымен жүргiзiледi.
Өткен қаржы жылдарында ашылған қайтарып алынған аккредитивтердiң сомасы ағымдағы жылдың тиiстi бюджетiнiң кірісіне есептеуге жатады.
366. Аккредитивтер бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 14-бөліммен толықтырылды
14-бөлiм. Өтпелi жағдайлар
367. Осы Өтпелi жағдайлар Қаржы министрлiгi бекiткен кестеге сәйкес толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және сынау кезеңiне және оны Қазақстан Республикасының барлық аумақтары бойынша енгiзу аяқталғанға дейiн әрекет етедi.
368. Осы Ереженiң 73, 87, 103-тармақтарында, 105, 107-112, 114-117-тармақтарының екiншi абзацы және 119, 121-129, 227, 238, 278-280, 285-288, 294-299, 309-тармақтардың екiншi және үшiншi абзацтары толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және зерттеудi аяқтау жүргiзiлген Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
369. Толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және зерттеудi аяқтау жүргiзiлмеген Қазақстан Республикасының аумағында:
Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы уақытша бос бюджет ақшасын олар аумақтық қазынашылық органдарымен жасалатын келiсiмдердiң негiзiнде оларды ҚҰБ салымдарына (депозиттерiне) орналастыру үшiн Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi тартады;
мемлекеттiк мекемелер 92, 118-тармақтар, 119, 120, 123-тармақтардың бiрiншi абзацы бойынша ақы төлеуге арналған шоттың орнына аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын бередi;
жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттік алуларды облыстық бюджеттен, Алматы қаласының бюджетiнен республикалық бюджетке аудару үшiн ақы төлеуге арналған шоттың орнына аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын бередi;
аумақтық қазынашылық органдары осы ережеге 21-33 және 36-40-қосымшаларды қалыптастырмайды және тиiстi пайдаланушыларға бермейдi.
370. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату мен сынау аяқталғанға дейiн:
мемлекеттік мекемелер жүргізетін шетел валютасындағы операциялар Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарында ашылған олардың шетел валютасындағы шоттары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары шетел валютасындағы барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргiзедi;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер 16 және 17-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінімдердiң негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын Анықтамаға сәйкес енгiзiледi; республикалық бюджеттiң жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерiстер Қаржы министрлiгi қалыптастыратын Анықтамаларға сәйкес енгiзіледi. Алдыңғы айлардағы қаржыландырудың тиiстi жоспарларының сомасын өзгерту берiлген рұқсаттарды, Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілер алдындағы мiндеттемелердiң бар-жоғын, бюджет қаражатын қайтарып алуға арналған нұсқамаларды ескере отырып, айлар бойынша бөлумен жүзеге асырылады.
Бұл ретте толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және сынауды аяқтау жүргiзiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiне қатысты тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер Анықтамаларға сәйкес енгізiледi, онда алдыңғы айларда түзетілетiн көрсеткiштердi қазынашылық органының жауапты орындаушысы дербес жинақтайды және ағымдағы кезеңде жүйеге енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) қаулысымен 371-тармақ өзгертілді
371. Қазақстан Республикасының толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және сынауды аяқтау жүргiзiлмеген аумағында аумақтық қазынашылық органдары бюджет ақшасының есебiнен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеудi мынадай тәртiппен жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк мекемелер оларға қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органына шарт және оны тiркеуге өтiнiм бередi. Шартты тiркеуге арналған өтiнiмнiң "Шарттың атауы" деген жолында берушінің атауын, СТН-iн және ЖБК-сiн қосымша көрсету керек.
Шарттарды тiркеу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттiк мекемемен жасалатын шарт сомасының жылдың басынан бастап тиiстi айға арналған және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша қабылданған міндеттемелер мен қайтарып алуларды есептен шығара отырып, оған берілген рұқсатқа сәйкес жылдық бюджеттiк тағайындауларға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзедi;
2) шартты тiркеуге арналған өтiнiмдi бекiту кезiнде мiндеттемеге 10 саннан тұратын нөмiр берiледi, бiрiншi 3 сан мекеме-бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң кодын, екiншi 4 сан - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекеменiң кодын, қалған 3 сан - мiндеттеме нөмiрiн білдiредi. Шарт шығыстардың бiрнеше ерекшелiктерi бойынша жасалады және тиiсiнше сонша мiндеттеме қабылданады, бұл ретте олардың әрқайсысына жеке кезектi нөмiр берiледi;
3) міндеттемелердiң есепке алынғанын растау мақсатында аумақтық қазынашылық органы мiндеттеменiң берілген нөмiрiн және шартты тiркеуге арналған өтінiм нөмiрiн көрсете отырып, шартты тiркеу туралы анықтаманы (45-қосымша) (бұдан әрi - Анықтама (45-қосымша) мемлекеттiк мекемеге бередi.
Анықтама (45-қосымша) төрт данада ресiмделедi. Анықтаманың (45-қосымша) барлық данасына аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оған бiрiншi басшы немесе ол уәкілеттiк берген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Анықтаманың (45-қосымша) төртiншi данасы Шарттың көшiрмесiмен бiрге аумақтық қазынашылық органында қалады, бiрiншi, екiншi және үшiншi даналары мемлекеттiк мекемегеберiледi.
4) Шарттың сомасын немесе оның тараптарының деректемелерiн бұзған, өзгерткен жағдайда мемлекеттiк мекеме мұндай шартты аумақтық қазынашылық органында қайта тiркеуi тиiс.
Осыған байланысты мемлекеттiк мекеме шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi аумақтық қазынашылық органына бередi. Өтiнiмде шарттың жаңа сомасы, сондай-ақ түзетiлетiн мiндеттемелердiң нөмiрлерi көрсетiледi.
Шарттың ережелерiн азырақ сомаға мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде өзгерткен жағдайда шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмде орындалған мiндеттеменiң сомасына тең мiндеттеменiң сомасы көрсетiледi;
5) Шартқа, өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм бекітiлгеннен кейiн мiндеттемеге осы тармақтың 2) тармақшасында айтылған тәртiппен жаңа нөмiр берiледi және Анықтама (45-қосымша) берiледi;
6) мемлекеттiк мекемелердiң шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауы қаржы мiндеттемелерiн бақылау ведомосi бойынша тексерiледi. Ведомость аумақтық қазынашылық органында әрбiр қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекеме бойынша оның жетi санды кодын және бюджеттiк сыныптама кодтары бөлiнiсiнде атауын көрсете отырып, қалыптастырылады. Ведомость бюджеттік сыныптаманың берiлген бiр коды бойынша немесе олар бойынша мiндеттемелер бар бюджеттiк сыныптаманың бiрнеше кодтары бойынша қалыптастырылуы мүмкiн.
Аумақтық қазынашылық органдарында тiркелген, бiрақ ағымдағы қаржы жылында аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттар келесi қаржы жылында қайта тiркеуге жатады.
Ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн аумақтық қазынашылық органы қабылданған мiндеттемелердi орындамаған жағдайда орындалмаған мiндеттемелердiң ведомосiн қалыптастырады.
Барлық орындалмаған мiндеттемелер мемлекеттiк мекемелер ұсынған шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдер негiзiнде келесі жылға қайта тiркеуден өтуге жатады. Бұл жағдайда өтiнiмде "Міндеттемелер сомасы" бағанында орындалмаған мiндеттеменiң сомасына тең сома қойылады. Ұзақ жылғы мiндеттеменi қайта тіркеу кезiнде өтiнiмде шарт бойынша қалған сома және ағымдағы жылға арналған сома көрсетiледi. Өтiнiмде "Мiндеттеменiң нөмiрi" бағанында алдыңғы мiндеттеменiң нөмiрi көрсетiледi.
Әрбiр тiркелген өтiнiм бойынша Анықтама (45-қосымша) беріледі;
7) Шартты тiркеуге және шартқа өзгерiстерге арналған өтінімдердiң, шартты тiркеу және шартқа өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың, қаржы мiндеттемелерiн бақылау және орындалмаған мiндеттемелер ведомостарының нысандары және оларды қалыптастыру тәртiбi Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен анықталады;
8) мемлекеттiк мекемелердi қайта ұйымдастырған кезде құқық мирасқорлары қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органына шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм бередi.
Мемлекеттiк мекеменi таратқан кезде азаматтық-құқықтық мәмілелер жөнiндегi жауапкершiлiк азаматтық заңнамаға сәйкес басталады.
9) Мемлекеттiк мекеме Анықтаманың (45-қосымша) үшіншi данасын өзiнде қалдырады, мiндеттемелердiң үшiншi және төртiншi топтары үшін Анықтаманың (45-қосымша) бiрiншi және екiншi даналарын тауарларды бередi. асатын болса, онда Анықтаманың (45-қосымша) бiрiншi данасын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы оның банктiк шоты ашылған банкке бередi.
Мемлекеттiк мекемелер төлем тапсырмасын қалыптастыру кезiнде "төлемнiң тағайындалуы" деген бағанда оның негiзiнде ақшаны аудару жүзеге нөмiрi мен күнiн, сондай-ақ төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкi" мәртебесiн көрсетедi.