Қаржылық жоспардың атқарылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 17-бап 2, 3-тармақтармен толықтырылды
17-бап. Республикалық бюджетті нақтылау тәртібі
1. Республикалық бюджетті оны атқару барысында нақтылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе басқа да заң шығарушылық бастамалар негізінде заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі органдарға республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде мемлекеттік органдарға республикалық бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 04.11.99 ж. N 472-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 06.12.01 ж. N 261-II; 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 18-бап өзгертілді және толықтырылды
18-бап. Облыстық бюджеттің жобасын, Астана және Алматы қалалары бюджеттерін әзірлеу
1. Жергілікті бюджеттерді әзірлеу бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекіткен бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік жоспарлаудың бірлігі негізінде жүзеге асырылады.
2. Жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдар тапшылық көлемдерiнiң қаржы жылына белгiленетiн тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығын қаржыландыру көлемдерiне сәйкес келмегенi үшiн жауапты болады.
3. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органына:
1) облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиялары белгілеген облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің шығыстары лимиттерінің шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер;
2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ұсыныстармен деректерді табыс етеді.
4. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне түсетін түсімдердің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына келісуге табыс етеді.
Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың жергілікті уәкілетті органына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көрсеткіштер мен деректерді табыс етеді.
5. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамды көрсеткіштерін келіседі;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының лимиттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстың бюджет комиссиясы айқындайтын алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және облыстық бюджеттен қаржыландырылу көлемін жеткізеді;
3) облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды;
4) облыс, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясының қарауына:
облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
шығыстар лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
ағымдағы қаржы жылында іске асырылатын жобаларды ескере отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитінің шегінде айқындаған инвестициялық жобалардың тізбесі және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстарды;
облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыны;
ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбір тиісті жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің сомасын;
алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын;
осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді;
5) алдағы қаржы жылына арнап облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы айқындаған облыстық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде облыстық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасын және облыс, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасайды және облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органына табыс етеді;
6) облыстық бюджеттің жобасын облыстың жергілікті атқарушы органы мақұлданғаннан кейін осы баптың 4-тармағында аталған, келісілген болжамды көрсеткіштерді аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
7) облыс, Астана және Алматы қалалары бюджетінің болжамын бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға 1 тамызға дейін табыс етеді.
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
6. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы:
1) мыналарды:
облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды, соның ішінде ауданда (қалада) іске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесі мен жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерін;
облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін;
облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы қаржы жылына арналған жобасын;
осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды;
2) мыналар:
аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамды көрсеткіштері бойынша облыстың жергілікті уәкілетті органы мен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;
облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қарайды және шешім шығарады.
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
7. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі облыс, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің үш жылдық кезеңге арналған болжамдары көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс.
Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобаларды қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының қорытындылары болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының тиісті қорытындылары болған жағдайда өзгертілуге тиіс.
8. Облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерін әзірлеу
1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органына:
1) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы белгіленген аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттері шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер;
2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
2. Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне аудан (қала) бюджетінің шығыстары лимиттерін, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру көлемдерін жеткізеді;
2) аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және ол бойынша қорытынды әзірлейді;
3) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына:
аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларға ескере отырып, жобалар бойынша ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған шығыстар лимитінің шегіндегі инвестициялық жобалардың тізбесі мен ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемдері жөніндегі ұсыныстар;
аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды;
әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегі сомасын;
ауданның (қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын;
осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді;
4) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде аудан (қала) бюджетінің жобасын және аудан (қала) бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасап, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органынан табыс етеді;
5) аудан (қала) бюджетінің жобасын ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдағаннан кейін аудан (қала) бюджетінің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына табыс етеді.
Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы:
1) мыналарды:
аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру тізбесі мен көлемдерін;
аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін;
алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің жобасын;
осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды;
2) ауданның (қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша шешім шығарады.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі аудан (қала) бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс.
Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобалары қаржыландыру көздері және мерзімдері бөлігінде аудан (қала) бюджет комиссиясының бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде қорытындысы болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары аудан (қала) бюджет комиссиясының тиісті қорытындысы болған жағдайда өзгертілуге тиіс. 5. Аудан (қала) бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі
Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде:
кірістердің, алынған ресми трансферттердің, жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің, бюджет тапшылығының (профицитінің) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимиті;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың көлемі;
тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттердің сомасы;
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесі;
жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелері;
тиісті қаржы жылына арналған, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына арнап белгіленген жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасы;
жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышын өтеу көлемі болуға тиіс.
ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 31.10.02 ж. N 351-II Заңымен 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Жергілікті бюджеттерді қарау және бекіту
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемдерін нақтылайды және облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа бекітуге енгізеді, ол бір айдың ішінде жобаны бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер бойынша жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің көлемін бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген мөлшерлерде жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің көлемін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көлемде жергілікті өкілді органдар бекітеді.
3. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде аудан (қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихаттың бекітуіне енгізеді, ол екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджетті бекіту туралы шешім қабылдайды.
4. Тиісті мәслихаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде облыстық (қалалық) бюджет және бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жиынтықталған облыс бюджеті туралы деректерді бюджеттi жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етеді.
ҚР 15.01.01 ж. N 140-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 18-1-бап 18-4-бап болып есептелді және 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды; ҚР 31.10.02 ж. N 351-II Заңымен 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау тәртiбi
1. Жергiлiктi бюджеттi атқарылуы барысында нақтылау осы Заңға сәйкес және заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
1-1. Жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
1-2. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде атқарушы органдарға жергілікті бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында заң актiлерiне сәйкес бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша жүргiзiледi. бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жазбаша өтiнiшi келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде көзделетiн қосымша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруды мәслихаттың тиiстi шешiмi қабылданғанға дейiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.
4-тарау. Кредит беру және қарыз алу
ҚР 15.01.01 ж. N 140-II; 06.12.01 ж. N 261-II; 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Республикалық бюджеттен кредиттеу
1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде кредиттер беруге құқылы.
Кредиттер берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiмiнiң негiзiнде кредиттер бере алады.
3. Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен бағытталып, бұрын берілген кредиттер, қаражаттар бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актілері негізінде жүзеге асырылады.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1 Заңымен 20-бап өзгертілді және толықтырылды
20-бап. Үкіметтік қарыз алу
Қазақстан Республикасының Үкіметі заңды, жеке тұлғалардан және шет мемлекеттерден республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қарыз алуға құқылы.
Үкіметтің қаражатты қарыз алуы займ алу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Займ шарттарын жасасудың және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың. тәртібі мен ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 06.12.01 ж. N 261-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Жергiлiктi бюджеттен кредиттеу
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген сомалардың шегінде кредиттер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Облыстардың әкiмдерi қалалар (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) әкiмдерiнiң және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкiмдерiнiң ұсынысы бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген кассалық алшақтықты жабуға төменгi тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резерв шегiнде кредиттер бере алады.