Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбiр
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үікметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарының ғылыми-техникалық әлеуетiн шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде iргелi ғылымның үлесiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары оларды қосу жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi құрылатын Кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын Кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) құрылатын Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Құрылатын Кәсiпорындарға 2-қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құруға рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 470-3, 470-47, 470-52, 470-53, 470-54, 470-60, 470-68, 470-69, 470-70, 470-72, 470-73, 470-74, 470-75, 470-76, 470-77, 470-78, 470-79, 470-80, 470-81-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-177, 470-178, 470-179, 470-180, 470-181-жолдармен толықтырылсын:
"470-177 "Химиялық-технологиялық зерттеулер Алматы қаласы
орталығы" (шаруашылық жүргізу құқығындағы)
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
470-178 "Физикалық-математикалық зерттеулер Алматы қаласы
орталығы" (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
470-179 "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" Алматы қаласы
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
470-180 "Биологиялық зерттеулер орталығы" Алматы қаласы
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
470-181 "Геологиялық-географиялық зерттеулер Алматы қаласы";
орталығы" (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде реттiк нөмiрлерi 18, 19, 20, 30, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 148 жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 157-28, 157-29, 157-30, 157-31, 157-32-жолдармен толықтырылсын:
"157-28. Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы
157-29. Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы
157-30. Астрофизикалық зерттеулер орталығы
157-31. Биологиялық зерттеулер орталығы
157-32. Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы"
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарына қосу
жолымен қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлігінiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының
Тізбесі
Р/с N | 2-бағанда көрсетiлген шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарына қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын. дардың атауы | Құрылатын шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атауы, орналасқан жерi |
1 | 2 | 3 |
1. | "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" республика- лық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электро- химия институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Металлургия және кен байыту институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Физикалық-техникалық институт" республикалық мемлекеттiк қазына- лық кәсiпорны; | "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
2. | "Математика институты" республикалық мемлекеттiк қазы. налық кәсiпорны; "Информатика және басқару проблемалары институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; "Ө. А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану инс- титуты" республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорны; | "Физикалық-математика- лық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
3. | "Ғарыштық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "В.Г. Фесенков атындағы Астро- физика институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Ионосфера институты" респуб- ликалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны | "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы |
4. | "Зоология институты" республи- калық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Адам және мал физиологиясы институты" республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорны; "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" республи- калық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсіпорны | "Биологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
5. | "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты" республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорны; "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты" республи- калық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; "География институты" республи- калық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны; "Сейсмология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны | "Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң жаңадан
құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындарына құруға рұқсат етiлетiн еншiлес
мемлекеттік кәсiпорындарының
Тізбесі
Р/с N | Құрылатын негізгi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атауы | 1-бағанда көрсетiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға құруға рұқсат етiлген еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | "Химиялық-технология- лық зерттеулер орта- лығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны | "А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Металлургия және кен байыту институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Физикалық-техникалық институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; |
2. | "Физикалық-математи- калық зерттеулер орталығы" республи- калық мемлекеттiк кәсiпорны | "Математика институты" еншiлес мемлекет- тік кәсiпорны; "Информатика және басқару проблемалары институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; |
3. | "Астрофизикалық зерт- теулер орталығы" республикалық мемле- кеттiк кәсiпорны | "Ғарыштық зерттеулер институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; "В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты" - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Ионосфера институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны |
4. | "Биологиялық зерттеу- лер орталығы" респуб- ликалық мемлекеттік кәсiпорны | "Зоология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Адам және мал физиологиясы институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Ботаника және фитоинтродукция институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны |
5. | "Геологиялық-геогра- фиялық зерттеулер орталығы" республи- калық мемлекеттiк кәсiпорны | "У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "География институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны; "Сейсмология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны |