Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және
Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік
режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ
жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі
N 681 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 шілдедегі N 797
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 қарашадағы N 1142 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8, 125, 142, 153, 165, 175, 182, 240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар;
2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер;
8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөнiндегi жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан
әкетуге тыйым салулар
1. Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ және оның оқ-дәрiлерi, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес әкелiнуi мүмкiн.
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
2. Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар
4. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес әкетiлуi мүмкiн.
5. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген заттар тек Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен берiлетiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң ерекше рұқсатымен ғана әкетiлуi мүмкiн.
6. Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң өкiлдерi және киiк мүйiзi.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне және Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес әкетiлуi мүмкiн .
7. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған құралдар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкету Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Күшi жойылған бағалы қағаздар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Кеден қоймасының кедендiк
режимiне орналастыруға тыйым салынған
тауарлардың тiзбесi
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi, әскери жабдықтар мен жарылғыш заттар.
2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жиынтық бұйымдар.
3. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар.
4. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар.
5. Киiктердiң, маралдардың, теңбiл бұғылар мен үзбаралардың мүйiздерi, сондай-ақ теңбiл бұғының терiлерi.
6. Күшi жойылған бағалы қағаздар.
7. Қару-жарақ заттарын, оқ-дәрiлердi және ұшу аппараттарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар.
8. Есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар.
9. Күштi әсер ететiн улар.
10. Радиоактивтi материалдар.
11. Шифрлар және шифрланатын (криптографиялық) құралдар.
12. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге және ақпараттардың жария етiлуiнiң техникалық арналарын анықтауға арналған арнайы техникалық құралдар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне
орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған керек-жарақтар.
2. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар.
3. Өндiрiстiк және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар.
4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг-дан астам) және абажадай тауарлар (ұзындығы, енi және биіктігі бойынша өлшемдерiнiң жиынтығы 200 см-ден астам).
5. Спирттiң барлық түрлерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды кеден аумағында қайта
өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды |
Спирттің барлық түрлері | 2207, 2208 90 910, 2208 90 990 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта
өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
Р/с N | Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды |
1 2 | Спирттің барлық түрлері Темекі шикізаты | 2207, 2208 90 910, 2208 90 990 2401 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта
өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 шілдедегі N 797 қаулысымен тізбе өзгертілді
P/c N | Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ TH бойынша коды |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 | |
*Тауардың номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де
айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған жекелеген
тыйым салулар мен шектеулер
Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар, оларды жүргiзу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерi мыналар болып табылады:
Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды |
Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910, 2208 90 990 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды кеден аумағынан тыс
қайта өңдеу жөніндегі жекелеген
операцияларға арналған шектеулер
Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар, оларды жүргiзу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерi мыналар болып табылады:
Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды |
Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910, 2208 90 990 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 193-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 наурыздағы N 232 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 193-құжат).
3. "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 27-құжат).
4. "Еркiн кеден аймақтары және еркiн қоймаларға кейбiр тыйым салуларды белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 447-құжат).