Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 797 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 13-жолдың «тауарлардың СЭҚ ТН бойынша коды» деген бағанындағы «7112» деген сандар»(7112 92 000 0-ді қоспағанда)»деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |