Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды:
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi, ғарыш қызметi және жер қойнауын пайдалану объектiлерiн, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектiлердi, экологиялық апат аймақтарындағы объектiлердi және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестерi бар объектiлердi орналастыруға, қайта жаңғырту мен кеңейтуге;
өндiрiстiк күштердi, қалалар мен селолық елдi мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердің техникалық-экономикалық негiздемелерiне, құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына;
функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды құрылыстар немесе объектiлер учаскесiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;
рұқсат етiлген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығару мен тастау, санитарлық қорғалатын аймақтар мен санитарлық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтiк құжаттамаға;
шикiзатқа, тамақ өнiмдерiне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетiктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлi тобына медициналық қызмет көрсету режимiнің нормативтiк-техникалық құжаттамасының жобаларына;
шикiзатты, тамақ өнiмдерiн, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;
халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын материалдарға, кәсiби, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәлiметтерге;
топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру жөнiндегi материалдарға;
жаңа өнiмдерге, технологияларға;
жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлерге, өнеркәсiп бұйымдары мен көлiкке, сондай-ақ халық денсаулығы үшiн қауiптiлiгi ықтимал және (немесе) маңызды басқа да объектiлерге берiледi.
5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
24-бап. Жұқпалы, паразиттiк аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу
1. Жұқпалы, паразиттiк аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық ережелерде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудi, өндiрiстiк бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулердi, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
2. Санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар аумақтарды дамытудың, халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң әзiрленiп отырған бағдарламаларына, сондай-ақ осы саладағы аймақтық бағдарламаларға енгiзiлуге тиiс.
3. Жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк туғызатын адамдар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және емделуге тиiс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделедi.
4. Айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн созылмалы жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысынан уақытша шеттетiлуi тиiс.
25-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде халық денсаулығына қауiп төндiретiн жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиiс.
2. Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды мемлекеттік шекарадағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi мен тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдар жүргізедi.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.
26-бап. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi республикалық және жергiлiкті бюджеттер қаражаты есебiнен алуға мiндеттi.
2. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
27-бап. Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi
1. Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi.
2. Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.
5. Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
28-бап. Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудiң шарттары
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi.
2. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.
3. Жекелеген объектiлерге шектеу iс-шаралары, оның ішінде карантин тиiстi аумақтың (көлiктегi) бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерінің немесе оның орынбасарларының шешiмiмен енгiзiледi (тоқтатылады).
4. Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
29-бап. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру
1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттiк есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттiк есебiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс.
30-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қаражаты есебiнен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұйғарымдары бойынша дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
2. Төтенше iндет жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқару органдарының шешiмiмен жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен кезектен тыс мiндеттi дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау iс-шаралары жүргiзiледi.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кінәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтеуден босатпайды.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 8, 132-құжат).
Қазақстан Республикасының