Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны
үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгізу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 15 сәуірдегі N 431 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. N 785; 22.12.03 ж. N 1286;
22.12.03 ж. N 1287; 25.12.03 ж. N 1317; 24.06.04 ж. N 695 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкалары;
2) Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 431 қаулысымен
бекітілген
Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкалары
1. Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкалары, осы ставкалардың 2-тармағында көзделген коэффициенттерді ескере отырып, тығыз орналасқан 1 текше метр үшін төлем ставкаларының мөлшерімен (бұдан әрі ставка) белгіленеді.
Тығыз орналасқан 1 текше метр үшін төлем
ставкаларының мөлшері (теңге)
N р/с | Орман ағашының тұқымы | Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек | Отындық сүрек (қабықты) |
ірі (25 см және жоғары) | орташа (13-тен 24 см-ге дейін) | ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 Қарағай 2 Шренке шыршасы 3 Сібір шыршасы, май қарағай 4 Самырсын 5 Балқарағай 6 Ағаш тектес арша 7 Емен, шаған 8 Жабысқақ қара қандығаш, үйеңкі, шегіршін, жөке 9 Сексеуіл 10 Қайың 11 Көк терек, ағаш тектес тал, терек 12 Грек жаңғағы, шекiлдеуiк жаңғақ 13 Өрiк, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар 14 Ағаш тектес арша, самырсын 15 Сары қараған, жыңғыл, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгiн, шеңгел, өзге де бұталар | 1220 1590 1100 980 2200 1470 2200 490 550 430 2670 1560 | 870 1130 780 700 1570 1040 1570 350 390 300 1910 1110 | 430 560 390 340 770 520 770 170 190 150 940 550 280 160 | 170 220 130 120 190 220 340 110 500 130 90 290 190 150 100 |
ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. N 785 қаулысымен2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталды
2. Ставкаларға мынадай көтерiңкi және азайту коэффициенттерi қолданылады:
1) кеспеағаштардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
10 шақырымға дейiн 1,30;
10,1 - 25 шақырымға дейiн 1,20;
25,1 - 40 шақырымға дейiн 1,00;
40,1 - 60 шақырымға дейiн 0,75;
60,1 - 80 шақырымға дейiн 0,55;
80,1 - 100 шақырымға дейiн 0,40;
100 шақырымнан астам 0,30.
Кеспеағаштың жалпыға ортақ пайдаланатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш орталығынан жолға дейiнгi ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдар бойынша анықталады және жергiлiктi жердiң бедерiне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзетiледi:
жазық бедер 1,1;
жоталы бедер немесе батпақты жер 1,25;
таулы бедер 1,5;
2) жаппай емес басты мақсатта пайдалануға кесудi жүргiзген кезде - 0,8 коэффициент;
3) сүректi тау жоталарындағы 20 градустан жоғары ылдидан босату кезiнде - 0,7 коэффициент;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген коэффициенттер алдыңғы коэффициенттi қолданғаннан кейiн алынған ставкадан әрқайсысы есептеп шығарылады;
5) ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. N 785 қаулысымен алынып тасталды
3. Өсiп тұрған сүректi босату кезiнде қалған кесiнділердi қайта өңдеу үшiн немесе отынға пайдалану үшiн ұшар басынан 40 пайыз мөлшерiнде, ал қалған бұтақшалар үшiн тиiстi ағаш тұқымының отындық сүрегi ставкасынан 20 пайыз мөлшерiнде жойылу төлемi алынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 431 қаулысымен
бекітілген
Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және
бюджетке енгізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi: сүректi, шайырды, қосалқы орман материалдарын, ағаш шырындарын дайындау, орманды жанама пайдалану, орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында, аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдаланғаны үшiн төлемдi мемлекеттiк бюджетке есептеу тәртiбi мен енгiзу мерзiмдерiн айқындайды.
2. Орманды пайдалану бiр жылдан елу жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмде және бiр жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмде орманды пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерлерiн орман иеленушiлерi орманды пайдаланудың көлемi мен өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң белгiленген базалық ставкаларын және орманды пайдаланудың өзге де түрлерi үшiн төлем ставкаларын ескере отырып, өсiп тұрған сүректi босату кезiнде кеспеағашты материалдық-ақшалай бағалау мен орман пайдаланудың өзге де түрлерi үшiн есеп айырысу негiзiнде айқындайды.
Төлемнiң мөлшерлерi заңнамада белгiленген тәртiппен орман иеленушiлер беретiн орманды пайдалануға арналған рұқсат құжаттарында көрсетiледi.
4. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем бюджет кiрiстерi жiктемесiнiң тиiстi кодына енгiзiледi.
2. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу тәртiбi
және бюджетке енгiзу мерзiмдерi
5. Орманды ұзақ мерзiмде пайдаланған кезде төлемдi бюджетке енгiзу орманды пайдалануға арналған шартты мемлекеттiк тiркеген күннен бастап орманды пайдаланудың жыл сайынғы көлемiнiң жалпы сомасынан тең үлестермен төленетiн тоқсан сайынғы төлем түрiнде келесi тоқсандағы айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
6. Сүрек дайындаудан басқа, орманды қысқа мерзiмде пайдаланған кезде төлемдi бюджетке енгізу, оларда төлем құжатының деректемелерiн көрсете отырып, жүргiзiлген ақы төлеу туралы белгi қойылатын рұқсат құжаттарын алғанға дейiн жүргiзiледi.
7. Орманды пайдаланушылар орманды қысқа мерзiмде пайдаланған кезде сүректi дайындағаны үшiн төлемдi:
1) 50 текше метрге дейiнгi көлемде - бiр жолғы төлем түрiнде, бұл ретте ағаш кесу билетiн, өсiп тұрған сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордер беру бюджетке төлем енгiзгенiн растайтын құжатты бергеннен кейiн жүргiзiледi;
2) 50 текше метрден астам көлемде - рұқсат құжаттары қолданылатын барлық мерзiм iшiнде есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жалпы соманың тепе-тең үлестерiмен төленетiн ай сайынғы төлем түрiнде енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем сомаларын төлеу банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не тиiстi органда уәкiлетті мемлекеттік органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен қатаң есеп беру бланкiлерiнiң негiзiнде қолма-қол ақшамен жүргiзiледi.
9. Өсiп тұрған сүректi, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман материалдарын (шамамен саны бойынша немесе алаңы бойынша ескере отырып, сондай-ақ қателердi анықтаған кезде) босатқан кезде дайындалған сүректiң, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман материалдарының жалпы саны ағаш кесу билетiнде немесе өсiп тұрған сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордерде (егер дайындау оларда көрсетiлген орындардың шегiнде жүргiзiлген кезде) көзделген санына (алаңына) сәйкес келмеген жағдайда, орман иеленушiлер орманды пайдаланушылардың қайта есептесу кезiнде белгiленген нақты дайындалған көлем үшiн төлемнiң толық сомасын төлеуiн қамтамасыз етедi.
Бұл жағдайда қосымша есептелген сомалар орманды пайдаланушының төлемнiң кезектi төлеу мерзiмiнде бюджетке енгiзуiне жатады.
10. Кезектi мерзiмге ағаш кесуге берiлген ағаштары кесiлмей қалған жерлер, сондай-ақ ағаш кесу басталмаған өткен жылғы кеспеағаштар үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiппен қайталап төлем алу жүргізіледі.
Ағаш кесу басталған және заңнамада белгiленген тәртiппен оның мерзiмiн ұзарту берiлген кеспеағаш үшiн төлем қайталап алынбайды.
11. Орман иеленушiлер Қазақстан Республикасының уәкiлеттi салық органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша тоқсан сайын өздерiнiң тiркелген орны бойынша салық органдарына рұқсат құжаттарын алған тұлғалар мен орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке төленуге тиесiлi төлем сомалары жөнiнде мәлiметтер бередi.
12. Орманды пайдаланушылар бюджетке төлем сомасын уақытылы енгiзбегенi үшiн Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен өсiм есептеледi.
13. Салық қызметi органдары орманды пайдаланғаны үшiн төлемнiң дұрыс есептелуi, толық алынуы мен уақытылы бюджетке аударылуы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 431 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қазандағы N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 481-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың ережесiнде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Учаскелердi шөп шабу мен мал жаюға пайдаланғаны үшiн төлем сомасы орман шаруашылығын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың есептерi негiзiнде жергіліктi өкiлдi органдар белгiлейтiн ставкалар бойынша анықталады және мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жатады.";
26-тармақтың е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"е) учаскелердi мемлекеттiк бюджетке төлемдердi белгiленген мерзiмдерде енгiзбей пайдаланғанда".
ҚР Үкіметінің 25.12.03 ж. N 1317 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Қазақстан Республикасының Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1235 қаулысына:
20-тармақта:
"Жер салығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне" (Салық кодексiне)" деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1286 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. "Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру (қалпына келтiру)мақсаттарында пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" ҚазақстанРеспубликасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 274қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 13, 130-құжат):
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдаланғаныүшiн төлем Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және "Салық жәнебюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" ҚазақстанРеспубликасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес жүзеге асырылады".
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1287 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 19, 215-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерiнде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Ағаш кесу билетiнде орман пайдаланушының атауы, оның салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен заңды мекен-жайы, орманды пайдаланудың түрi, көлемi мен мерзiмдерi, өсiп тұрған сүрек үшiн төлем сомасы көрсетiледi."; 17-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Белгiленген мерзiмдер өткеннен кейiн тасып әкетiлген сүрек (берiлген мерзiмiн кейiнге қалдыруды ескере отырып), сондай-ақ өз бетiмен кесiлген сүрек орман иеленушiнiң билiгiне түседi және олар заңнамада белгiленген тәртiппен сатады.";
24, 25 және 27-тармақтар алынып тасталсын;
32-тармақтың екiншi абзацында:
"белгiленген тәртiпте санкциялық айып төлеумен" деген сөздер алынып тасталсын;
"немесе саудаласу арқылы сатуды ұйымдастыруға" деген сөздер алынып тасталсын;
35-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
36-тармақ алынып тасталсын;
"Жарна төлемдерiнiң тәртiбi мен мерзiмдерi" деген тараудың атауы алынып тасталсын;
77-82, 84-тармақтар алынып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған ағаштың сүрегiн дайындау үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 сәуiрдегi N 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 187-құжат) күшi жойылды деп танылсын.