Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері
жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын
мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 қаңтардағы N 127 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін, 2002 жылдың 1-жартыжылдығында Қоғам акциялары мемлекеттік пакетінің бір бөлігін оның жарғылық капиталының 49 пайызы мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 127 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті" бөлімінде:
реттік нөмірі 49-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Астана қаласы" бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-26-жолмен толықтырылсын:
"21-26. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталық" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 264-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне";
"264. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" ЖАҚ".
4. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасында:
"10. Мемлекеттік басқару жүйесі" бөлімінде:
"Іс-шаралар" тарауында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Мемсәулетқұрылысинспекция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын оның аумақтық еншілес кәсіпорындарымен мемлекеттік мекемеге қайта құру";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарында:
30-тармақтағы "Мемқұрылыслицензия" және" деген сөздер алынып тасталсын.